Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Удмуртияда есірткі әзірлеп сатқан қылмыстық топтан 26 кг тыйым салынған заттар тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Ижевсктің өнеркәсіп сотының шешімімен Удмуртия аумағында аса ірі көлемде есірткі заттарды өндіргені және сатқаны үшін қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Бұл туралы республикалық қадағалау органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, үш жергілікті тұрғын бау-бақша серіктестіктерінің бірінің аумағындағы жасырын зертханасында арнайы арнайы құрал-жабдықтар мен химиялық заттарды қолданып, сату мақсатында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ФТБ мен ІҚМ есебінде АҚШ үшін терроризм тұрғысынан ең үлкен қауіп-қатер туралы айтылды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 мамыр.   Терроризм тұрғысынан АҚШ үшін ең үлкен қауіп — кез-келген нәсілдің үстемдігін жақтайтын және атыс қаруларына рұқсаты бар экстремистер, деп АҚШ ФТБ  мен ІҚМ есебінде баяндалған. Сонымен бірге, американдық ведомстволардың мәліметтері бойынша, соңғы бірнеше жылда экстремистер нәсілдік негізде өлтіргендердің саны артып келеді, ал тұтқындаулар саны азайып келеді. Бұл туралы CNN-ге сілтеме жасап RT […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасода содырларының шабуылы үш бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 мамыр. Буркина-Фасоның солтүстік-шығысында өткен тәулікте содырлардың екі шабуылында кем дегенде үш бейбіт тұрғын қаза тауып, үш сарбаз жарақат алды. Бұл туралы Agence France-Presse (AFP) сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Лаңкестер 8 мамырда азық-түлік автотізбегін ертіп бара жатқан армия жасағына шабуыл жасады, — деді африка елінің қауіпсіздік қызметіндегі дереккөзі. — Үш әскери қызметкер жарақат алды». […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістанда тыйым салынған материалдарды жариялаған азаматтар жауапқа тартылды 

    ТҮРКІСТАН, 21 сәуір. Түркістан полицейлері теріс діни ағым ұстанушылары мен тыйым салынған материалдарды жариялаған азаматтарды жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында, Түркістан облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жыл басынан бері дін саласы бойынша құқықбұзушылық жасаған 10 адамды анықтады. Яғни полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары кезінде, тыйым салынған материалдарды өздерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • France Info: Францияда лаңкестік шабуылды ұйымдастырған күдікті 24 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір. 2016 жылғы футболдан Еуропа чемпионаты қарсаңында алды алынған лаңкестік әрекетті дайындады деп айыпталған француз Реда Крикет 24 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы France Info радиосына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. 34 жастағы француз Реда Крикет 2016 жылдың 24 наурызында Брюссельдегі лаңкестік әрекеттерден бірнеше күн өткен соң Париж маңында арнайы операция кезінде ұсталды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өскеменде құны 12 млн теңгені құрайтын синтетикалық заттар тәркіленді

    ӨСКЕМЕН, 25 ақпан. Өскемен қаласында психотроптық заттарды саудалаған Қарағанды облысының екі тұрғыны ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы мен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы бірлесіп 26 және 23 жастағы Қарағанды облысының екі тұрғынын құрықтады. Олар Өскеменнен пәтер жалдап, психотроптық заттарды әлеуметтік желі арқылы саудалаған. «Пәтерді тінту кезінде психотроптық заттың 1000-нан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда «Дәрмек» ЖАІШ аясында 100-ге жуық тыйым салынған жазба жойылды

    АЛМАТЫ, 23 ақпан. Алматы қаласында полиция қызметкерлері еріктілермен бірге тыйым салынған интернет-мекенжайлар көрсетілген 100-ден астам жазбаны бояды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алатау ауданының ПБ қызметкерлері “Дәрмек” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында еріктілердің қатысуымен есірткі сайттары көрсетілген жазбаларды жоюға арналған іс-шара өткізді. – Біз әрдайым осындай жазуларды үстінен бояп тастаймыз. Мұндай іс-шаралар әдеттегідей еріктілер лигасымен бірге жүзеге асырылды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ДАИШ мүшесі болған Франция азаматшасы Анкарада ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.ДАИШ террорлық ұйымына мүше болғандықтан Халықаралық полиция ұйымы Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен ізделген француз әйел Анкарада ұсталды, деп TRT  хабарлайды.  Анкара полиция басқармасына қарасты Терроризммен күрес бөлімшесінің топтары елінен кетіп ДАИШ террорлық ұйымына қосылған, артынан Интерпол тарапынан іздеу салынған Сара Талибтің Анкарада жүргенін анықтады. Ол еліне қайту үшін Франция елшілігіне жүгінуге тырысқан. Терроризммен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҚО «Жусан» операциясы аясында 120 адам елге қайтарылған

    ОРАЛ, 15 ақпан. Батыс Қазақстан облысында шетелдегі қарулы қақтығыс аумағынан қайтарылған 120 адам бар, оның 85-і балалар деп хабарлайды Egemen.kz. Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Мақсат Раманқұловтың айтуынша, «Жусан» операциясы барысында Ақ Жайық өңіріне әкелінгендердің ішінде 32 әйел, 85 бала), 3 ер адам бар екен. Балалардың 46-сы – мектеп жасында, 38-і – мектепке дейінгі жаста, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дағыстанда террористік ұяшықтың қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан.Дағыстанда екі адамнан тұратын жасырын террористік ұяшықтың қызметі тоқтатылды. Қаскүнемдер ұсталды, қару-жарақ, қолдан жасалған жарылғыш құрылғы және оқ-дәрілер қоймасы анықталды. Бұл туралы Дағыстан бойынша ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «5 ақпанда Дагестанның Дербент аймағында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Ресей ФҚҚ Дағыстан Республикасы бойынша басқарма қызметкерлері республикалық Ішкі істер министрлігімен бірлесе […]
    • 4 Years ago
    • 0
Бет 9 of 16« Бiрiншi...«7891011 » ...Last »