Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Малидегі шабуылда 6 әскери қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Малидегі екі әскери базаға жасалған лаңкестік шабуылдардың салдарынан  алты сарбаз қаза тауып, 40 лаңкес өлтірілді, деп Қарулы Күштердегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Африка мемлекетінің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қарулы лаңкестер топтары Боулкесси және Мондоро әскери базаларына бірдей уақытта шабуыл жасаған. Боулкесси базасында төрт сарбаз, Мондороде екі солдат қаза тапты. 2020 жылдың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде лаңкестік шабуыл

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагардағы бомбалы шабуылда 6 бейбіт тұрғын жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  Кандагар провинциясының Майванд ауданына қарасты Мирахур ауданында жолдың бойына орналастырылған бомба бейбіт тұрғындар мінген автобус өтіп бара жатқанда жарылды. Бомбалы шабуылда 6 адам жарақат алды. Әзірге шабуылды ешкім мойындаған жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иракта 340 адам өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Ирак президентінің әкімшілігі лаңкестік шабуылдар мен кісі өлтіру үшін өлім жазасына кесілген 340 адамды өлтіру тәртібін бекітті, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Билік өкілі Ирактың ресми ақпарат агенттігіне хабарлағандай, шешім барлық конституциялық және құқықтық аспектілерді зерттеп, шағымданудың барлық құралдары таусылғаннан кейін қабылданды. Дереккөз бұл адамдардың өлім жазасына кесілуі 21 қаңтарда салдарынан 32 адам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулда Орталық банктің көлігіне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстан астанасы Кабулда көлік жарылысынан бір адам қаза болды. Көлікте елдің Орталық банкінің қызметкерлері болған, деп Кабул полиция бөлімінің өкілі Фирдевс Фарамарзаға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарзаның айтуынша Кабулдың оңтүстік-шығысындағы Шах Шехид аймағында бомба қойылған көлік жарылды. Ауғанстанның Орталық банкі шабуыл кезінде оның бір қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алғанын хабарлады. Әзірге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы қарулы қақтығыс: әскери қызметкерлер жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстанда қауіпсіздік күштері мен «Талибан» қозғалысының содырлары арасындағы қақтығыста алты әскери қызметкер жарақат алды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Оқиға елдің солтүстігінде, Балх провинциясының Шөлгере аймағында болды. Содырлар бақылау бекетіне қарулы шабуыл жасады, атыс салдарынан алты сарбаз жарақат алды. Бес содыр өлтірілді, үшеуі жараланды. «Талибан» қозғалысы бұл оқиғаға қатысты әлі түсініктеме берген жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Лос-Анджелестің маңындағы баптисттер шіркеуінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  АҚШ билігі сенбіге қараған түні Калифорния штатының Лос-Анджелес маңындағы баптисттер храмында болған жарылысты тергеп жатыр. Бұл туралы NBC телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Полиция қызметкерлері шіркеуде қолдан жасалған жарылғыш зат жарылды деп санайды . Ол жерде сондай-ақ вандализм әрекеті жасалды. Белгісіз біреулер ғимараттың қабырғаларына қорлайтын мазмұндағы жазулар жазған. Жарылыстан кейін оқиға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда Ресейлік әскери қызметшілер шартты лаңкестерді жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ресей әскери қызметшілері Тәжікстандағы 201-ші Ресей әскери базасындағы лаңкестік әрекеттерді тойтару бойынша дайындықты сәтті аяқтады. Бұл туралы Орталық әскери округтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады . Оқу-жаттығуға 600 әскери қызметкер қатысты, олар 20 жауынгерлік техниканы қолданды. Шартты лаңкестердің шабуылын 201-ші базаның мотоатқыш бөлімдері тойтарғаны белгілі . Бастапқыда олар дабыл белгісін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Могадишодағы лаңкестік шабуыл, 5 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар.  Магадишода экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің бағытында жарылғыш зат іске қосылды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Қауіпсіздік көздерінен алған ақпаратқа сәйкес, жарылғыш зат Сомали астанасының Шибис ауданында экс-депутат Хасан Афрахтың көлігінің жолына қойылды. Алдын ала ақпарат бойынша бес адам қаза тапты, тағы үш адам жараланды, оның ішінде экс-депутат Афрах бар. Оқиға болған жерге қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Иракта КЖП-ның 3 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ирактың солтүстігінде КЖП-ның  3 содыры  залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде КЖП лаңкестік ұйымына қарсы операциялардың табандылықпен жалғасқаны білдірілді. Мәлімдемеде «Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында тыныштық пен бейбітшілікті бұзу мақсатымен шабуыл жасауға тырысқан 3 КЖП-ның содыры залалсыздандырылды» делінді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бағдад әуежайына тағы да зымыран атылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар. Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, қаза болған және жараланған адам болмағаны хабарланды.Бұл туралы TRT жазады.  Иракта Бағдат әуежайына зымыран шабуылы ұйымдастырылды. Қорғаныс министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеге қарағанда кеше түнде жасалған шабуылда Бағдат әуежайына бағытталып үш зымыран атылғаны, өлген және жараланған адам болмағаны хабарланды. Атылған зымыранның екеуі әуежайдың маңына түскені, үшінші зымыранның Бағдаттың […]
    • 4 Years ago
    • 0