Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Новосибирскіде тұрған шетелдік террористерді қаржыландырғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 қазан. Новосибирскіде тұратын шетелдік азамат «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым) тобын қаржыландыру үшін ақша аударғаны үшін алты жылға бас бостандығынан айырылды, деп аймақтағы ФҚҚБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «1-ші шығыс аудандық әскери соты шетелдікті террористік әрекетке қатысқаны үшін кінәлі деп тауып, жалпы режимдегі колонияда өтеуге алты жылға бас бостандығынан айырды», — делінген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Лионда шабуыл жасауды жоспарлаған ер адам ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Францияның Лион қаласында шабуыл жоспарлаған пышақпен қаруланған адам ұсталды, деп Cnews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. Францияның орталығында орналасқан Лион қаласының полициясы бейсенбі күні теміржол вокзалында пышақпен қаруланған адамды ұстады. Полицияның хабарлауынша, күдікті шабуыл жасауға дайындалған деп санайды.Тәртіп сақшылары ұсталған адамның француздық уақытша тұруға рұқсатының мерзімі өткен ауғандық мигрант екенін анықтап үлгерді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияда террористік қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Францияда бүкіл аумағында террористік қауіптің ең жоғары деңгейі жарияланды. Бұл туралы 29 қазанда премьер-министр Жан Кастекс мәлімдеді, деп REGNUM АА жазады. Ол Ниццадағы шабуылды бүкіл елді аза тұтқан «қорқақ және варварлық әрекет» деп атады. Қауіптің ең жоғары деңгейі Ницца мен Авиньондағы шабуылдармен байланысты. Ол бүкіл елдің қабырғасын қайыстырған Ниццадағы шабуылды «айуандық әрекет» […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Авиньонда ер адам полицейлерге шабуыл жасамақ болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Францияның Авиньон қаласының полиция қызметкерлері пышақпен шабуыл жасамақ болған ер адамды атып тастады. Бұл туралы BFM телеарнасына сілтеме жасап 24.kz хабарлады. Бұған дейін Ниццада пышақпен қаруланған ер адамның шабуылынан кем дегенде үш адам қаза болғандығы туралы хабарланған болатын. Шабуыл жасаған күдікті ауруханаға жеткізілді деп хабарланды. Қала әкімі шабуылды террористік акт деп атады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ницца мэрі адамдардың пышақталуын «террорлық шабуыл» деп атады

    Францияның Ницца қаласында пышақпен қаруланған ер адам көшеде жүрген азаматтарға шабуыл жасады. Салдарынан 3 кісі көз жұмып, бірнешеуі жарақат алған. Бұл туралы құқық қорғау органдары мен жергілікті БАҚ өкілдеріне сілтеме жасай отырып 24.kz хабарлады. Анықталғандай, оқыс оқиға осыдан бірнеше сағат бұрын Нотр-Дам шіркеуі маңында болған. Қазір ол жерде саперлер жұмыс істеп жатыр. Ал күдікті болса, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияның Ницца қаласындағы шабуылдан үш адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. 29 қазанда Францияның Ницца қаласындағы шіркеуге бір адам пышақпен шабуыл жасап, үш кісіні өлтірді. Франция прокуратурасы терроризм күдігімен тергеу бастады, деп azattyq.org жазады.  Франциядағы оңшыл саясаткер Марин Ле Пен шабуылдаған адам бір әйелдің басын кескенін жеткізді. Бұл ақпаратты Франция билігі ресми растаған жоқ. Ницца мэрі Кристиан Эстрози Twitter парақшасында шабуыл қаладағы Нотр-Дам шіркеуінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда медреседе болған жарылыста 7 оқушы көз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында бір медреседе жарылыс болды, деп TRT жазады. Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва провинциясында бір медреседе жарылыс болды. Жарылыста алғашқы анықтамаға қарағанда 7 оқушы көз жұмды. Мемлекет баспасөзіндегі хабарларға қарағанда уәлаяттың Пешавер аймағында бір медреседе сабақ беріліп жатқан кезде жарылыс болды. Комиссар Мансур Аман алғашқы тексеру рапортына қарағанда оқиғада 5 келі қолдан жасалған жарылғыш қолданылғанын айтты. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылысы салдарынан 5 адам құрбан болды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан. Ауғанстанның орталығында жол жағасына қойылған екі бомбаның бейуаз азаматтардың көлігі өткен кезде жарылған, деп  TRT жазады. Ауғанстанның Майдан Вардак провинциясында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. Майдан Вардак әкімшілінің мәлімдемешісі Мухиббуллах Шерифзей Джелриз және Чек аудандарында жол жағасына қойылған екі бомбаның бейуаз азаматтардың көлігі өткен кезде жарылғанын айтты. Шерифзей бомбалы шабуылда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» 16 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан. Нигерияның солтүстік-шығысында әуе шабуылы нәтижесінде «Боко Харам» террористік ұйымының 16 содыры өлтірілді, деп Анадолу агенттігі жазады.  Операция нәтижесінде төрт қарулы көлік пен көптеген оқ-дәрі тәркіленді. Әскери-әуе күштері Борно штатының Магумери аймағындағы «Боко Харам» нысандарына шабуыл жасады, деп мәлімдеді Нигерияның қорғаныс министрлігінің баспасөз-хатшысы Бернард Онуко. Осы уақытта содырлар Майдугури қаласындағы фермерлерге шабуыл жасады, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның орталығында ДАИШ басшысы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қазан. Ирактың  Мосул провинциясындағы ДАИШ (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымының басшысы Йозгатта ұсталды, деп TRT жазады.     Полиция топтары Йозгат қаласында Республиканың Бас прокуратурасының тапсырмасы бойынша ДАИШ (ҚР тыйым салынған ұйым) ұйымына  қарсы операция ұйымдастырды. Белгіленген  мекен-жайға бірдей уақытта жасалған операцияларда  4 күдікті ұсталды. Ұсталғандардың біреуінің Ирактың  Мосул провинциясындағы басшысы екені анықталды.
    • 4 Years ago
    • 0