Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Түркияда «Пенче-Каплан операциясы» аясында 62 лаңкес залалсыздандырылды 

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар «Пенче-Каплан операциясы» аясында қазірге дейін 62 террористің залалсыздандырылғанын білдірді.Бұл туралы TRT жазады.  Акардың төрағалығында Бас Штаб төрағасы, генерал Яшар Гүлер, Құрлық Күштері қолбасшысы, генерал Үміт Дүндар, Әуе Күштері қолбасшысы, генерал Хасан Күчүкакяз және Теңіз Күштері қолбасшысы, амирал Аднан Өзбал, премьер-министрдің орынбасарлары да қатысқан апталық видео конференция ұйымдастырылды. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Фарьяб провинциясының мешітінде болған атыс кезінде 3 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде. Ауғанстанның солтүстік-батысындағы Фарьяб провинциясындағы мешітте бір топ қарулы адам оқ жаудырды. Кем дегенде 3 адам қаза тауып, тағы 3 адам жарақат алды. Бұл туралы діни қызметші Мохаммад Эсмаилге сілтеме жасап  islam-today хабарлады. Оқиға дүйсенбі күні  Фарьяб провинциясының орталығы болып табылатын Маймен қаласының мешітінде кешкі намаз кезінде болғандығы белгілі. Елде ірекет ететін топтардың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауған билігі Саманган провинциясындағы лаңкестік әрекетті өткір айыптады

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстан президенті Ашраф Гани Айбак қаласындағы (Саманган провинциясы, Ауғанстан)лаңкестік әрекетті айыптады, деп президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Ганидің баспасөз қызметі «қатыгездікпен жасалған қылмыстық шабуылға» түсініктеме бере отырып, президент бұл шабуыл тәлібтердің (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) зорлық-зомбылықты тоқтатуға құлықсыз екендігінің дәлелі екенін айтты. Ганидің айтуынша,  «Талибан» (ҚР қызметіне тыйым салынған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстандағы «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасағандарға үкім шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Тәжікстанда «Ишкобод» шекара бекетіне шабуыл жасаған жеті қатысушыға қатысты үкім шығарылды, деп республиканың бас әскери прокуроры Икром Зоирзодаға сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Шекара бекетіне шабуыл жасаған жеті адам Тәжікстан Жоғарғы Сотының шешімімен 2 жылдан 27 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Прокурор «Ишкобод» шекара бекетіндегі лаңкестік шабуылға қатысқан жеті адамның ісі сотқа […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде болған лаңкестік шабуыл 14 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ауғанстанның солтүстігіндегі Саманган провинциясының әкімшілік орталығы Айбак қаласында миналанған көлік жарылысынан кем дегенде 14 адам қаза тапты, тағы 63 адам жарақат алды, деп аймақ әкімшілігінің ресми өкілі Седдик Азизиге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Оның айтуынша, таңертең Ұлттық қауіпсіздік директоратының жергілікті кеңсесі жанында  «Талибан» қозғалысының  (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) жанкешті лаңкесі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Ростов облысында бірқатар лаңкестік әрекеттердің алдын алды

      НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде. Ростов облысының Азов ауданында «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйымның) ұяшығы жойылды, деп Федералды қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. Мекемеде лаңкестер полиция қызметкерлеріне, ауруханалар мен мектептерге лаңкестік шабуылдарды дайындады деп хабарлады.  Арнайы операция кезінде «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйымның) ұяшығының басшысы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның орталық аймағында қарулы қақтығыс нәтижесінде 12 талибан жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде.Жексенбі күні  Ауғанстанның орталық аймағындағы Дайкунди провинциясының Пато аймағында болған қақтығыс нәтижесінде 12 содыр мен төрт полиция қызметкері қаза тапты. Бұл туралы жергілікті полиция басшысының орынбасары Накибулла Малистаниға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Шенеуніктің айтуынша, «Талибан» содырларының (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) бір тобы таңертең ерте  Тамзан аймағындағы бақылау-өткізу пунктіне шабуыл жасаған, содан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалиде «Аш-Шабаб» экстремистік ұйымының жеті содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде.Сомалидің оңтүстігінде сенбі күні үкімет  күштерінің «Аш-Шабаб» экстремистік ұйымының жеті содырын жойғаны туралы белгілі болды. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Эль-Бардейл қаласының губернаторы Мұхаммед Исак БАҚ-қа мәлімдегендей, үкімет әскері  ішкі ақпаратқа сәйкес әрекет етіп  «Аш- Шабаб» содырларының Эль-Бардейл қаласындағы бекініс пунктеріне шабуыл жасаған . Нәтижесінде жеті содыр өлтірілді, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Лаңкестікке қарсы операция кезінде Пәкістанның төрт әскери қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде. Ауғанстанмен шекаралас Солтүстік Вазиристан ауданында жүргізілген антитеррорлық операция кезінде содырлармен қақтығыс кезінде Пәкістанның төрт әскери қызметкері қаза болды, төрт лаңкес жойылды, деп Пәкістандық ведомствоаралық қоғаммен байланыс қызметіне (ISPR) сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды. Мекеменің мәлімдемесінде әскерилер жексенбі күні таңертең содырлардан тазарту операциясын өткізген. Әскери күштер баспанаға жақындап, оны қоршап алған кезде содырлар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Чадта әскери қызметкерлер мінген көлік минаға жарылды

      НҰР-СҰЛТАН, 11 шілде. Чадта мина жарылысынан кем дегенде сегіз сарбаз қаза болды. Бұл туралы AFP ақпарат агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлады. Қауіпсіздік күштерінің міліметінше, жарылыс Чад көлінің аймағындағы Калам ауылында болған. Тілшілердің хабарлауынша, жарылыс салдарынан кемінде тағы 10 әскери қызметкер жарақат алған. Қосымша мәліметтер жоқ. Бұған дейін хабарлағандай , осы аптада Халықаралық дағдарыс тобы […]
    • 4 Years ago
    • 0