Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Филиппинде терроризмге қатысы бар деген күдікпен Индонезия азаматшасы қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Индонезия азаматшасы Нана Исираниді Филиппин ұлттық полициясы лаңкестік шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен қамауға алды, деп CNN Indonesia-ға сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Нана Исиранидің қазір жүктіліктің бесінші айында екені және босанғаннан кейін лаңкестік әрекет  жасауға дайын болғаны белгілі болды. Тұтқындау кезінде полиция бірнеше дайын бомбаларды, сондай-ақ жарылғыш заттар жасауға арналған материалдарды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Евроодақ Мозамбикке содырлармен күресте қолдау көрсетеді

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Еуропалық Одақ Мозамбикке «Ислам мемлекетімен» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) байланысты содырлармен күресте қолдау көрсетеді, деп ЕО-ның Мозамбиктегі арнайы өкілі  мәлімдеді.  Бұл туралы Reuters ақпарат агенттігі сілтеме жасап REGNUM АА жазады. Кабу-Дельгадо провинциясындағы бүлікшілердің шабуылдары 2017 жылы басталды, алайда зорлық-зомбылықтың күшеюі осы жылы көтерілісшілер стратегиялық маңызды қалаларды қысқа уақыт ішінде басып алып, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • РФ ҰТК: Шешенстанда екі содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан.  Шешенстанда екі қарулы содыр жойылды. Бұл туралы Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің (ҰТК) ақпарат орталығына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .  «Шешенстан республикасында терроризмге қарсы операция кезінде екі қарулы бандит залалсыздандырылды», — деп хабарлады ҰТК. Бастапқыда, арнайы жасақ күштері қылмыскерлерді Ассиновская ауылынан оңтүстік-батысқа қарай екі шақырым жерде қоршауға алды. «Билікке берілу туралы ұсынысқа жауап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылысынан үш бейбіт тұрғын мен он әскери қызметкер мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Сенбі күні Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пуль провинциясындағы бомбаның жарылуынан кем дегенде он әскери қызметкер мен үш бейбіт тұрғын қаза тапты. Бұл туралы Tolonews телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады .   Телеарнаның хабарлауынша, тағы үш адам зардап шеккен. Лаңкестердің нысаны әскери колонна болды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасының маңында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қазан. Сомали астанасы Могадишоның шетінде сенбіде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Somali Guardian жаңалықтар порталына сілтеме жасап ТАСС  хабарлады . Порталдың ақпараты бойынша, шабуылдың мақсаты Могадишо мен Афгойе қаласы арасында жүрдек жолдың құрылысына қатысқан түрік мамандары болған.  Зардап шеккендер бар, бірақ олардың саны әлі белгісіз. Түркия — Сомали экономикасына 1 миллиард доллардан астам […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Чехияда террористік шабуыл ұйымдастырамын деп сес көрсеткен Словакия тумасы сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Чехияның Острава қаласының сотының шешімі бойынша Словакияның 51 жастағы тумасы Роман Марианчик қалада террористік шабуылдар ұйымдастырамын деп сес көрсеткені үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Чехия радиосына сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, сотталған сәуір айында төтенше жағдайлар қызметіне бірнеше рет қоңырау шалып, Остраваның ірі дүкендері мен сауда […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Әлеуметтік желілерде терроризмді ақтағаны үшін Қарашай-Шеркесияның тұрғыны сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан. Оңтүстік округтік әскери соты Қарашай-Шеркесияның тумасын терроризм мен экстремизмді ақтау ісі бойынша 2,5 жылға бас бостандығынан айырды, деп «Кавказский узел» интернет басылымына сілтеме жасап СНОБ жазады.   Айыптаушы тараптың мәліметінше, 24 жастағы Алтынай Кумукова 2018 жылдың 19 қарашасынан 2019 жылдың 15 ақпан  аралығында өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында және өзі  құрған интернет-қоғамдастықта «23 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Көкшетауда терроризмге қарсы жоспарлы жаттығулар басталды

    КӨКШЕТАУ, 09 қазан. 9-23 қазан аралығында Көкшетау қаласында терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабы әскери техника мен арнайы автокөлікті пайдалануымен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізуде, деп хабарлайды AqmolaNews.kz . Қала тұрғындары мен қонақтарын сабырлық сақтауға, оқу жаттығуларына түсіністікпен қарауға және шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға шақырамыз.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияда мектеп оқушысы «терроризмді дәріптегені» үшін қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Францияның Теңіз бойындағы Сена  департаментінде  16 жасар жасөспірім «терроризмді дәріптегені» үшін қамауға алынды . Бұл туралы Le Figaro-ға сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлайды. Теңіз бойындағы Сена  департаментінің Соттевиль-ле-Руан қаласындағы лицей оқушысы «терроризмді дәріптегені» және өлім қаупі үшін қамауға алынды . Жасөспірім құрдастарын «ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) және оның әскерлері сияқты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Красноярск өлкесіндегі колонияда екі сотталушы терроризмді насихаттаған

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Федералдық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Краснояр өлкесінің Федералды үкімді орындау қызметі басқармасымен бірлесе отырып террористік қылмысқа қатысы бар үш азаматтың әрекетін тоқтатты. Бұл туралы ФҚҚ аймақтық департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап  REGNUM  АА хабарлады. Олардың екеуі түрмеде отырып, тұтқындар арасында террористік үгіт-насихат жүргізгені анықталды.  «Нәтижесінде, олар ниеттес адамды тапты. Ол  идеологиялық  насихаттан кейін радикалды исламның […]
    • 4 Years ago
    • 0