Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияда содырлардың шабуылынан тоғыз бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. Нигерияның орталық бөлігіндегі Плато штатында орын алған шабуыл нәтижесінде кемінде тоғыз адам қаза тапты. Бұл туралы Нигерия армиясына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Содырлар Хурра елді мекенге шабуыл жасап тоғыз адамды өлтірді. Әскердің мәліметінше, сонымен қатар шабуылдаушылар 33 үйді өртеген. Қауіпсіздік күштері содырларды іздеуде. «Қауіпсіз айлақ» арнайы күштері операциясының баспасөз-хатшысы майор Ибрахим […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Содырлардың шабуылынан Ауғанстанның Баграм қаласында әуе базасының бес қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір. Содырлар Баграмадағы әуебазаның жергілікті жұмысшыларына шабуыл жасады, деп TOLOnews-ке  сілтеме жасап АфТАГ хабарлайды. Шабуыл бес бейбіт тұрғынның өмірін қиды, тағы төрт адамды жарақаттады, дейді Парван провинция кеңесінің мүшесі Итмат Момади. Жұмысшылар шабуыл кезінде көлікте болған, содырлар анықталған жоқ, шабуыл үшін жауапкершілікті әлі еш топ өз мойнына алған жоқ.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Индонезияда лаңкестік әрекетке қатысы бар төрт ер адам ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір. Индонезия полициясының өкілі Арго Ювоно Сулавесидің оңтүстік-шығысында лаңкестік  әрекетке қатысы бар төрт адамның ұсталғанын мәлімдеді, деп Antara сілтеме жасап REGNUM ақпарат агенттігі жазады. Тінту нәтижесінде бірнеше заттай айғақтар, соның ішінде қолдан жасалған атыс қаруы, оқ және найза табылған.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Германияда лаңкестік әрекет жоспарлағаны үшін тәжік азаматтары ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Германияда лаңкестік топтың төрт мүшесі ұсталды, деп Der Spiegel журналына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан хабарлайды. Полиция Солтүстік Рейн-Вестфалияда төрт тәжік азаматын қамауға алды деп хабарлады. Мигранттар ИМ лаңкестік ұйымына (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) қатысты деп күдіктенеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, келушілер Сириядағы жоғары деңгейдегі шенеуніктермен, сондай-ақ лаңкестік ұйымның басқа аймақтық филиалдарымен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Тадмор қаласында бомба жарылысынан екі бала қөз жұмды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір. Хомс провинциясының Тадмор қаласында ДАТШ лаңкестері аймақтан кетер алдында орнатқан минаның жарылуы кезінде екі ағайынды бауырлар мерт болды, үшіншісі жарақат алды, деп хабарлайды САНА агенттігі . Тадмор қаласындағы Ұлттық аурухананың директоры Валид Аода САНА агенттігінің тілшісіне берген сұхбатында 6 және 7 жастағы екі ағайынды бауырлар, тұратын үйлерінің жанында ойнап жүрген кездерінде, жарылған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ставрополь өлкесінің тұрғыны интернетте терроризмді мақұлдағаны үшін 6 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір. Дондағы Ростовтағы Оңтүстік аудандық әскери соты Ставрополь өлкесінің  тұрғынын терроризм идеологиясын мақұлдайтын материалдарды әлеуметтік желіде жариялағаны үшін алты жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. «[Хабиб] Исагаджиев кінәлі деп танылды және қылмыстардың жиынтығы бойынша 6 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды », — […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: «Полиция омбудсмені» жобасының жетекшісіне қатысты жалған ақпарат үшін іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір. «Полиция омбудсмені» жобасының негізін қалаушы Владимир Воронцовқа қарсы «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы құқық қорғау органдарындағы дереккөзге сілтеме жасап ТАСС хабарлады . «Воронцовқа қатысты 207 бабының 3 бөлігі («Билік органдарының  қызметін тұрақсыздандыру мақсатында материалдық залал немесе басқа да әлеуметтік қауіпті салдарға алып келетін, жарылыс, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кения полициясы «Аш-Шабаб» ұйымының төрт содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 14  сәуір. Дүйсенбі күні Кения полициясының резервшілері елдің солтүстік-шығысындағы шекаралас аймақта «Аш-Шабаб» тобының төрт содырын жойды, деп Ваджир округінің полиция бастығы Томас Нгейваға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Полиция бастығының хабарлауынша, оқиға Сомали шекарасынан 8 км қашықтықта орналасқан Карса аймағында болған. «Аш-Шабаб» содырларымен қақтығысқан кезде полиция резервшілері тобы тұрақты патрульде болған. Т.Нгейваның айтуынша, құқық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ирактың қауіпсіздік күштерімен ИМ-нің жиырма үш содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 сәуір. Ирактың қауіпсіздік күштерінің елдің солтүстігіндегі Киркук провинциясында  «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобының баспанасына шабуылы нәтижесінде 23 содыры өлтірілді, деп Ирак Қарулы күштерінің Біріккен қолбасшылығына сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Қауіпсіздік күштері ИМ-не (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым)  қарсы халықаралық коалиция қолдауымен Киркук қаласының оңтүстігіндегі лаңкестер бекетіне шабуыл жасады, нәтижесінде  қиян-кескі ұрыс басталды, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Буркина-Фасо әскерімен алты содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 сәуір. Уагадугудан келіп түскен ақпарат бойынша, Буркина-Фасоның қауіпсіздік күштері сенбі күні елдің солтүстігіндегі Сум провинциясында алты белгісіз содырды жойды. Атыс кезінде бір әскери қызметші де қаза тапты. Бұл туралы ел армиясының мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Бұл күні белгісіз содырлар Сум провинциясындағы Джибо қаласы маңында барлау миссиясын орындаған  қауіпсіздік күштері қызметкерлеріне […]
    • 4 Years ago
    • 0