Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомали әскерилері үш «Аш-Шабабтың» содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Сомали қарулы күштері Джубаленд штаты армиясының қолдауымен 9 қаңтарда Сомалидің оңтүстігінде Төменгі Джубба провинциясындағы операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының үш содырын өлтірді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі Сомали әскери күшіне сілтеме жасап хабарлады . Джубаленд штаты күштерінің бірінші дивизиясының қолбасшысы Аден Абдулкадир атап өткендей, операция жағалаудағы Кисмайо қаласының шетіндегі Як Байшаро аймағында жүргізілді. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда мешітте болған жарылыс салдарынан кем дегенде 11 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Пәкістанның Кветта қаласындағы мешітте болған жарылыстан он бір адам қайтыс болды, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости GeoTV арнасына сілтеме жасап. Арнаның хабарлауынша, жарылыс кешке Гусабад ауданында болған. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін оқиға орнына құтқарушылар келгені хабарланады. Қазір полиция жарылыстың себебін анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары бұл аумақты қоршап алып, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерде әскери базаға оқ атылды: 90-ға жуық адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Нигер мен Малидің шекарасында қаруланған топ көлікпен әскери лагерге келіп, оқ атқан. Бұл туралы 10 қаңтарда африкалық елдің қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратқа сүйеніп Синьхуа агенттігі хабарлады, деп baq.kz хабарлайды. Нигер елінің батысында белгісіз біреулер әскери лагерге от атты. Салдарынан 98 адам қаза тапты. Агенттіктің хабарлауынша, бейсенбі түстен кейін қарулан топ көлікпен келіп, Нигер және Мали […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығынан жарылғыш зат табылған жоқ

    АЛМАТЫ, 10 қаңтар. Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығындағы адамдарды шұғыл түрде шығарып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы полициясы сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялаудың себебін түсіндірді. «Құқық қорғау органдарына Алматыдағы жылдам тамақтанатын мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Қазір бұл ақпаратты тексеру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Эвакуация жасалды. Осы оқиғаға байланысты барлық жедел әрекет […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде болған жарылыс салдарынан жеті түрік әскери қызметші қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН,10 қаңтар. Сәрсенбі күні  Сирияның солтүстігіндегі Түркия бақылауындағы аймақта болған жарылыс жеті түрік әскери қызметшілердің өмірін қиды. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлады . Сириядағы адам құқықтары бойынша обсерваториясының хабарлауынша , Хасеке провинциясындағы Рас эль-Айна қаласының маңында бомбаның жарылуы салдарынан Түркияның бақылау бекеті зақымдалған, жеті түрік әскерилері қаза тауып, жетеуі жараланған, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Джонсон мен фон дер Ляйен Таяу Шығыста коалиция жұмысы жалғасу керектігін мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қаңтар. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон мен Еуропалық комиссияның (ЕК) жаңа басшысы Урсула фон дер Ляйен Таяу Шығыста коалициялық күштердің террористермен күресін жалғастыруды маңызды деп атады. Бұл туралы сәрсенбіде Ұлыбритания үкімет басшысының кеңсесі Лондонда өткен фон дер Ляйенмен келіссөзінен кейін таратқан мәлімдемесінде айтылды, деп хабарлайды  ТАСС.  «Олар Ирактағы жағдайды талқылады, [АҚШ бастаған халықаралық антитеррорлық] […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ дипломаты Вашингтонның Орталық Азиямен әріптестік орнатуға бейіл екенін айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қаңтар. АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеунігі экономикалық мүмкіндіктерге жол ашу үшін және аймақтағы қауіпсіздікті нығайту мақсатында Орталық Азия елдерін әріптестікті дамытуға шақырды. АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері бойынша көмекшісінің орынбасары Элис Уэллс 7 қаңтарда Азаттықтың Тәжік қызметіне берген сұхбатында Вашингтон «С5 + 1» форматы аясында Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде белгісіз біреулер Құтқарушы Христос храмын «миналаған»

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қаңтар. Мәскеуде белгісіз біреулер Құтқарушы Христос храмындағы жарылыс қаупі туралы хабарлады , деп REGNUM тілшісіне ақпарат көзі хабарлады. Шіркеу қызметшілері мен келушілерін эвакуациялау туралы, сондай-ақ мәліметтерді ресми растау туралы ақпарат жоқ. Мәліметтер нақтылануда. Бұдан бұрын Мәскеу мектептеріндегі эвакуация туралы белгілі болды. Бұдан бұрын хабарлағандай, Мәскеу мен Ресейдің басқа қалаларында жарылыс қаупі туралы жалған хабарламалар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жұлдызбек Тәуірбеков «алауыздық қоздыру» және «терроризмді насихаттау» айыбымен жеті жылға сотталды

    АЛМАТЫ, 07 қаңтар. Алматының Алмалы аудандық соты Қылмыстық кодекстің «Терроризмді насихаттау» және «Алауыздық қоздыру» баптары бойынша айып тағылған 41 жастағы Жұлдызбек Тәуірбековті жеті жылға бостандығынан айыру туралы үкім шығарды, деп Азаттық хабарлайды.  Тәуірбеков жазасын қауіпсіздігі орташа дәрежелі мекемеде (жалпы режимдегі колония) өтейді. 6 қаңтар күні кешке үкімді жариялаған судья Қайрат Иманқұлов айыпкер Тәуірбековке денсаулық жағдайына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кенияда полиция бекетіне «Аш-Шабаб» содырлары шабуылы салдарынан төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қаңтар. Кенияның шығысындағы Гарисса округінде содырлардың шабуылынан кем дегенде төрт адам қаза тапты, — деп хабарлайды РИА Новости  жергілікті Daily Nation басылымына сілтеме жасап. Басылымның мәліметінше, « Аш-Шабаб» радикалды исламшыл тобының содырлары Дадааб қаласында полиция бекетіне шабуыл жасаған, төрт бейбіт тұрғын шабуылдың құрбаны болды. Шабуылдаушылардың екеуі жойылды деп хабарлануда.
    • 4 Years ago
    • 0