Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі қандай

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі жайлы «Astana Club» отырысында ресейлік ПИР орталығының төрағасы, генерал-лейтенант Евгений Бужинский пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Astana Club» саяси форумы аясында өткен брифингте тілшілер осындай сұрақты Евгений Бужинскийге қойып көрді. «Егер киберқару туралы айтып отырған болсаңыздар, бұл әзірге беймәлім өріс. Сондықтан оған жақындаудың өзі қиын. Киберқарудың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркияда ИМ содырларының депортациясы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Түркия бұрын қолға түскен Ислам мемлекеті (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  террористік тобының содырларын өз  елдеріне депортациялай бастады , деп елдің ішкі істер министрлігінің  баспасөз-хатшы Исмаил Чатаклыге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу бұған дейін мәлімдегендей , Анкара тұтқында отырған ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырларын дүйсенбіден бастап отандарына қайтаруға ниетті. «Иностранный […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресей арнайы күштері АСЕАН елдерінің жаттығуларына қатысу үшін Қытайға келді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Ресейдің Шығыс әскери округінің арнайы жасақтары АСЕАН елдерінің халықаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларына қатысу үшін Қытайға келді, деп округтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости  хабарлады. Жаттығулардың белсенді кезеңі  қараша айының екінші жартысында Қытайда өтеді . Қатысушылар «террористер» басып алған әкімшілік ғимараттардағы, автобустар мен жолаушылар ұшақтарындағы кепілге алған адамдарды босатады. Сондай-ақ, «жарылғыш құрылғыларды» іздеу және жою, тікұшақтан десант түсіру және атыс қаруларынан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ИМ Тәжікстандағы шекара бекетіне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  террористік тобы тәжік-өзбек шекарасындағы заставаға шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті  өз мойнына алды, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың SITE Intelligence Group сілтеме жасап. Тәжік-өзбек шекарасындағы Рудаки аймағында орналасқан «Султонобод» шекара отрядының заставасына шабуыл 6 қараша күні болған, шабуылдаушылар ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырлары  болып шықты. Тәжікстанның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Минскіде анонимді хабарламадан кейін саперлер вокзал мен сауда орталығын тексеріп жатыр

      НҰР-СҰЛТАН, 09 қараша. Сапер-пиротехникалық топтар Минскідегі үш ірі сауда орталығын және Беларусь астанасының орталық теміржол вокзалын тексеріп жатыр, адамдардар қауіпсіз жерлерге көшірілді, деп Беларусь ІІМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды . «Бүгін, 19.00 (мск бірдей) Беларусь темір жолының Могилев бөлімшесінің колл-орталығының электрондық поштасына «Замок», «Дана Молл», «Галилео» сауда орталықтарында, сондай-ақ орталық теміржол вокзалында қауіп-қате […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Қыздарымызды қайтарыңыз!»Сирияға кеткен қырғызстандықтардың аналары Президентке үндеу жолдады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қараша. Сирияға кеткен қырғыздардың туыстары Азаттықтың Қырғыз қызметінің студиясына келіп, Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбековтен туыстарын елге әкелуге қол ұшын беруді сұрады, деп centralasian.org хабарлайды.  «Қызымды көрмегеніме төрт жыл алты ай болды. Оның қазір баласы бар. Олардың жағдайы өте қиын. Мен олармен телефон арқылы сөйлесіп тұрамын, қатты жылайды. Қызым 20-да, 17 жасқа толмай жатып, Сирияға […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Шекарадағы шабуыл. Қазақстанға қауіп төніп тұр ма? — сарапшылардың пікірі

    НҰР-СУЛТАН, 08 қараша. Сәрсенбіге қараған түні жергілікті уақыт бойынша сағат 3.20-да Ауғанстаннан жағынан тәжік-өзбек шекарасына содырлар шабуыл жасады. Тәжікстанның Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің мәліметінше, бетперде киген 20 қарулы адам Өзбекстанмен шекарадағы «Ишкабод» шекара заставасына төрт көлікпен келіп шабуыл жасады. Содырлар бес Калашников автоматын тартып алып, шекара күзетшісі мен заставада кезекшілік еткен бір милиция қызметкерін өлтірді. Осы жағдайға байланысты генерал-майор […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары өзара іс-қимылды дамыту мәселелерін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Өзбекстан астанасында өткен ТМД-ға қатысушы елдердің қауіпсіздік органдары мен арнайы қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысына қатысты. Бұл туралы Достастық Атқару комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ЭХО Казахстана хабарлады. Сондай-ақ, отырысқа Әзірбайжан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің, Армения үкіметі жанындағы ұлттық қауіпсіздік қызметінің, Беларусь мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің, Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия ДАИШ басшысы әл-Бағдадидің әйелін қолға түсірді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. Түркия әскери қызметкерлері жақында өлтірілген «Ислам мемлекеті» террор ұйымының жетекшісі Әбу Бәкір әл-Бағдадидің бір әйелін қолға түсірді. Бұл ақпаратты Түркия президенті Режеп Ердоған мәлімдеді, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  6 қарашада Анкара университетінде сөйлеген ол операцияның жай-жапсарын айтпады. «Біз оның әйелін ұстадық, бірақ шу көтерген жоқпыз. Сирия аумағында одан бөлек оның әпкесі мен күйеу баласы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дәурен Абаев: Интернетте терроризм насихатталған 13 мың материалға шектеу қойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қараша. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев елімізде деструктивті діни ағымды ұстанатындардың саны азайып келе жатқанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Қазақстанда деструктивті діни ағымдармен күрестің алдыңғы шебінде білікті дінтанушылар мен теологтар тұр. Қазіргі таңда республикада дін бойынша 7 мыңнан астам маман жұмыс істейді. Саланың негізгі бағыты – әр адаммен ақпараттық […]
    • 5 Years ago
    • 0