НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Қару-жарақтарды ұрламақшы болған қылмыскерлердің әрекетіне әскерилер тойтарыс берді, деп қорғаныс министрлігі хабарлады. Бұл туралы baq.kz агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше төтенше жағдай енгізілген күннен бастап әскери бөлімдер, әуежай, тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз етудің аса маңызды нысандары күзетке алынды. Сондай-ақ бақылау-өткізу режимі ұйымдастырылған. Тұрғындарға қауіпсіз және жайлы жағдай қамтамасыз етілген.