Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның батысындағы террорлық шабуыл: 8 адам қаза тапты, 53 адам жараланды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз.  Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы террористік әрекет салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, 53 адам жарақат алды, деп Герат губернаторы Сайед Вахид Каталиге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Губернатордың айтуынша, жанкешті лаңкес миналанған көлікпен Генч ауданының полиция бөліміне баса кірген.  «Жарылыстың қатты болғаны соншалық, жақын маңдағы тұрғын үйлер де зақымданды. Қаза тапқандар […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иран кемесі Жерорта теңізінде террористік шабуылға ұшырады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз.  Ираннан Еуропаға бағыт алған «Шахрекорд» кемесі террористік шабуыл нәтижесінде зақымданды. Бұл туралы Tasnim агенттігіне сілтеме жасап ТАСС жазады. Хабарламада кеме бортында жарылыс құрылғысы болғандығы, ол іске қосылғаннан кейін өрт шыққандығы айтылған. Өрт ауыздықталды, ешкім зардап шеккен жоқ. Агенттіктің хабарлауынша, қазіргі уақытта кеме жоспарланған бағыт бойынша жүруді жалғастыруда.
    • 3 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Пентагон мамыр айына дейін Ауғанстаннан әскерлерді шығаруды қауіпті деп санайды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 наурыз.  АҚШ Қорғаныс министрлігі басшылығының бірқатар өкілдері американдық әскери континенттің Ауғанстаннан 1 мамырға дейін шығарылуын қауіпті деп санайды, деп хабарлайды The Washington Post Ақ үйдегі дереккөздерге сілтеме жасап.Бұл туралы REGNUM АА жазады. Олардың пікірінше, Пентагон Америка әскерлерінің мерзімінен бұрын шығарылуы Ауғанстанда азаматтық соғыс тудыруы мүмкін деп санайды. Бұл, олардың ойынша, адам құқықтарының ахуалын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ФҚҚ Пенза мектептерінің бірінде лаңкестік шабуылды дайындаған күдіктіні ұстады

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.  Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметі Ресей Федерациясының Тергеу комитетімен және Ресейдің Ішкі істер министрлігімен бірлесіп Пенза облысының  білім беру мекемесінде террористік актінің алдын алды, деп ФҚҚ-нің Қоғаммен байланыс орталығы хабарлайды. Қабылданған шаралар нәтижесінде осы қылмысты дайындауға қатысқан Ресей азаматы ұсталды. Оның тұрғылықты мекенжайы бойынша заңсыз сақталған аңшылық мылтық пен дәрі, сондай-ақ, қолдан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қырғызстан азаматтарын Сириядан әкету үшін эвакуациялық рейс дайындауда

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.  Бірнеше жыл бұрын соғыс аймақтарына кеткен азаматтарды эвакуациялау үшін Қырғызстан Сирияға ұшақ жібереді. Бұл туралы әділет министрінің орынбасары Марат Қанұлқұловтың мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып  Sputnik Қырғызстан жазады .  «Менің білуімше, жақын арада Қырғызстан азаматтарын Сириядан алып кетуге ұшақ дайындалуда . Бұл шындық па?» — деп депутат Эрмамат Тагаев министр орынбасырынан  сұрады. Парламентарийдің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Дағыстанда лаңкестік шабуыл жасауды жоспарлаған содыр залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз.  Лаңкестік шабуылды жоспарлаған содыр Махачкаладағы терроризмге қарсы операция кезінде жойылды.Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің ақпараттық орталығының хабарлауынша содырдан автомат пен жаңкештінің белбеуі  табылған. 11 наурызда Дағыстанда лаңкестік әрекетке дайындықтың жолын кесу бойынша терроризмге қарсы операция барысында қарулы қарсылық көрсеткен бандит залалсыздандырылды. «Атыс орнында оқшашар, оған арналған көп мөлшердегі оқ-дәрі және «жаңкешті белбеуі»түріндегі қолдануға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасындағы террорлық шабуыл: қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Сомали астанасы Могадишода сәрсенбі күні лаңкестік шабуыл салдарынан бір адам қаза болып, үшеуі жараланды.Бұл туралы Anadolu агенттігіне Африка республикасының қауіпсіздік күштеріндегі ақпарат көздері хабарлады. Жарылыс 10 наурыз күні таңертең елорданың  Каран ауданында болды. Террористер жарылғыш затты Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері  жүретін жолға орнатқан. Жарылыс болған жерге қауіпсіздік күштерінің жасақтары жіберілді. Әзірге ешқандай […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-шығысында «Боко Харамның» 33 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Нигерияның солтүстік-шығысындағы Борно штатында «Боко Харам» террористік ұйымының 33 содыры залалсыздандырылды, көптеген адамдар жараланды, деп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. БАҚ хабарлауынша, армия мен лаңкестер арасында қақтығыс Чикингуду аймағында басталды. Армия жасақтары көптеген оқ-дәрілерді ұстап қалды. Қақтығыс кезінде екі әскери қаза тауып, жетеуі жараланды. «Боко Харам» Нигерияда 2000-шы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактың солтүстігінде КЖП содырларының көптеген қару-жарақтары мен оқ-дәрілері тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Түрік арнайы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында жүргізілген терроризмге қарсы операциясы аясында КЖП террористерінің паналары мен үңгірлерінен көптеген қару-жарақ пен оқ-дәрілер табылды, деп Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Түрік арнайы күштерінің бүкіл аумақты мұқият тексеріп, тиімді операция өткізгені атап өтілді. Операция барысында РПГ-7 граната атқышы, төрт […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде «Талибанның» кем дегенде 35 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Забул провинциясында арнайы операция кезінде кем дегенде 35 «Талибан» содыры жойылды, 19-ы жарақат алды, деп Avesta.Tj сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Ауған армиясының операциясы әуе күштерінің қолдауымен өтті. Операция кезінде топтың екі мүшесі қолға түсті. Ауғанстан Қорғаныс министрлігі Мизан аймағында талибаннан бірнеше ауыл босатылып, көлік, мотоциклдер мен қару-жарақ ұсталғанын хабарлады. […]
    • 3 Years ago
    • 0