Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мәскеуде ұлтаралық араздыққа шақырған ер адам сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан. Екінші Батыс аудандық әскери соты Артём Козютинскийді интернет арқылы ұлтаралық қылмысқа шақырғаны үшін кінәлі деп тауып, үш жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС жазады . «Сот Козютинскийді РФ Қылмыстық кодексінің 280 бабының 2 бөлігінің (интернет арқылы экстремистік әрекетке жария түрде шақыру) және 205.2 бабының 2 бөлігінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның солтүстігінде болған жарылыста 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан.Ауғанстанда бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT жазады.  Ауғанстанның солтүстігіндегі Фариаб қаласының Девлет Абад ауданында Талибан сарбаздарының бомба тиелген көлікпен ұйымдастырылған шабуылда 3 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты. Фариаб Қауіпсіздік басқармасы мәлімдемешісі Абдулкерим Юриш  сарбаздардың Девлет Абал ауданы орталығында көлікке тиілген бомбаны жарып жібергенін айтты. Жарылыста 3 қауіпсіздік қызметкерінің […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия лаңкестік ұйымдармен күресті жалғастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан.Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик бөлшектеуші террор ұйымы КЖП-ның соңғы кездерде солтүстік Ирактағы шабуылдарының күрд дұшпандығының бір дәлелі екенін айтты, деп TRT жазады.  Өмер Челик партиясының Орталық атқару кеңесі жиналысында күн тәртіпке байланысты мәлімдеме жасады. PKK-ның күрд дұшпандығының бір дәлелі ретінде соңғы кездерде солтүстік Ирактағы күштерге шабуыл жасағанын тілге тиек еткен Челик […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қарағанды қалалық полиция басқармасын «миналаған» азамат анықталып, ұсталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 23 желтоқсан. 112 нөміріне қоңырау шалған белгісіз ер адам Қарағанды қалалық полиция басқармасының ғимаратына бомба қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 22 желтоқсан күні сағат 16.30-да төтенше жағдайлар басқармасына Қарағанды қаласының полиция басқармасы ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Қарағанды облыстық полиция департаментінен барлық шұғыл қызметтер тартылып, ғимаратта қызметкерлер эвакуацияланды. Тексеру кезінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Террористік әрекетке шақырған Краснодар тұрғыны Қырымда ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Қырымда терроризм идеяларын таратады деп күдіктенген жас Красноярск қаласының тұрғыны қамауға алынды, деп жазады NewsLab.ru. Облыстық тергеу комитетінің тергеу басқармасында түсіндірілгендей, Ресей ФҚҚ аймақтық департаментінің материалдары негізінде 26 жастағы ер адамға қарсы Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.2 бабының 2 бөлімі (терроризмге жария түрде шақыру) және 205.1 бабының 1.1. бөлімі (террористік қызметке жәрдемдесу) […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО-да діни мазмұндағы материалдар таратқан ер адам жарты млн теңге айыппұл төледі

    ПЕТРОПАВЛ, 22 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан діни заңнаманы бұзудың 23 дерегі анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, анықталған деректердің басым бөлігі діни мазмұндағы материалдарды таратумен және сатумен байланысты. Петропавлдың 56 жастағы тұрғыны 500 мыңнан астам теңге айыппұл төледі. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Германияда синагогаға шабуыл жасаған адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Наумбургтегі Саксония-Анхальттың Жоғарғы аймақтық соты 2019 жылғы 9 қазанда Галледегі синагогаға шабуыл жасап, екі адамды өлтірген 28 жастағы Германия азаматы Штефан Б.-ны өмір бойына бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Бұл туралы сот дүйсенбі күні таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ТАСС . Ер адамға, атап айтқанда, екі адамды өлтіру, жалпы 68 адамды өлтіруге […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия қорғаныс министрлігі: бір айда 75 лаңкес залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Соңғы айда Түрік Қарулы Күштерінің терроризмге қарсы операциялары аясында тыйым салынған қарулы ұйымдардың 75 содыры жойылды. Бұл туралы Түркия қорғаныс министрлігінің жексенбі күнгі хабарламасында айтылған, деп жазады Анадолу агенттігі. Жалпы есепті кезеңде Түркия көлемінде және шет елдерде 45, оның ішінде тоғызы ірі ауқымды операция өткізілді. Сирияның солтүстігінде де лаңкестермен белсенді күрес жалғасып […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда 3 ай ішінде 500 бейбіт тұрғын лаңкестердің құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Ауғанстанда үш ай ішінде 500 бейбіт тұрғын «Талибан» қозғалысы содырларының шабуылының құрбаны болды, ал 1050-ден астам адам жарақат алды, деп Ауғанстан ішкі істер министрлігінің баспасөз хатшысы Тарык Арйенге сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлады. Тарык Арйеннің айтуынша, тәліптер елдің әртүрлі аймақтарында шабуылдарын жалғастыруда. Бейбіт тұрғындарды өлтіру — бұл әскери қылмыс, деп баса айтты Арьен. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстан терроризм қаупі бойынша елдер рейтингінде  93-орын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Терроризм қаупінің деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 135 елдің ішінде 93-орынға ие болды, деп хабарлайды Елорда Инфо energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. Индекс 0,901 құрады, бұл көрсеткіш өте төмен тәуекел деңгейіне жатады. Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, елде қақтығыстар мен террористік актілер жиірек болады. Егер индекс нөлге тең болса, елде терроризм қаупі жоқ дегенді білдіреді. […]
    • 3 Years ago
    • 0