Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • БАҚ: Ауғанстанның оңтүстігінде болған әуе шабуылы нәтижесінде сегіз «Талибан» содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН,24 ақпан. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясының Нахри-Сарадж аймағында елдің әскери-әуе күштерінің әуе шабуылы нәтижесінде кем дегенде сегіз «Талибан» содыры өлтірілді. Бұл туралы қарулы күштердің сейсенбі күні жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады. Әскери ұшақтар дүйсенбі күні түнде көрсетілген аймақтағы тәлібтердің панасына соққы берді. Оқиға орнында сегіз содыр өлтірілді, делінген хабарламада. Қауіпсіздік күштері әскери-әуе […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өткен жылы Ауғаныстанда шабуылдар салдарынан үш мыңнан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.БҰҰ Ауғанстанға көмек миссиясы UNAMA хабарлама жариялап,  былтыр Ауғанстандағы қақтығыс пен шабуылдарда 3 мың 35 адамның қаза тауып, 5 мың 785 адамның жарақат алғанын білдірді.Бұл туралы TRT хабарлайды.  Осы шабуылдардың 45 пайызы тікелей нысанаға алынып жасалған. Қаза тапқандардың 43 пайызы балалар мен әйелдерден тұрады. Ауғандар арасы келіссөз 2020 жылдың 12 қыркүйек күні Катардың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Cирияда Күрдістан жұмысшы партиясының 4 содыры залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.Сирияда «Бейбітшілік бұлағы» аймағында Күрдістан жұмысшылар партиясының (КЖП — PKK/YPG)  4 содыры залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Бейбітшілік бұлағы» операциялық аймағына заңсыз түрде кіруге әрекет жасаған террористердің тоқтатылғаны білдірілді. Мәлімдемеде «Аймақтың тыныштығы мен қауіпсіздігін бұзу мақсатты шабуыл және заңсыз жолмен кіруге әрекет жасаған КЖП-ның  4 содыры арнайы десанттарымыз тарапынан […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан. Сомалидің астанасы Могадишода сейсенбі күні Хамарвене ауданындағы полиция бөлімінде жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Сомалидің Garowe жаңалықтар порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Шабуылды жанкешті жасаған болуы мүмкін. Жарылыс болған аймақ армия бөлімдерімен қоршауға алынды. Құрбан болғандар туралы ақпарат жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • ДАИШ мүшесі болған Франция азаматшасы Анкарада ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан.ДАИШ террорлық ұйымына мүше болғандықтан Халықаралық полиция ұйымы Интерпол тарапынан қызыл бюллетеньмен ізделген француз әйел Анкарада ұсталды, деп TRT  хабарлайды.  Анкара полиция басқармасына қарасты Терроризммен күрес бөлімшесінің топтары елінен кетіп ДАИШ террорлық ұйымына қосылған, артынан Интерпол тарапынан іздеу салынған Сара Талибтің Анкарада жүргенін анықтады. Ол еліне қайту үшін Франция елшілігіне жүгінуге тырысқан. Терроризммен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердегі лаңкестік шабуылда 7 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан. Жексенбі күні Мали мен Буркина-Фасомен шекаралас Нигердің оңтүстік-батысында Готейе департаментіндегі Даргол коммунасында бомба қойылған көлік жарылысы салдарынан кем дегенде жеті адам қаза тауып, тағы үшеуі ауыр жараланды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі Нигердің тәуелсіз ұлттық сайлау комиссиясының дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады . Көлікте жексенбі күні өткен президент сайлауының екінші турына қатысу үшін ауданға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ІІМ: Тәжікстанда ИМ мүшесі болуы мүмкін күдікті милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған

    НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан. Тәжікстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері Шахринав ауданында террористік шабуылдың жолын кесті. Бұл твуралы Ішкі істер минстрлігі Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззодаға сілтеме жасап centralasian.org хабарлайды.  «Ислам мемлекеті» тобының мүшесі болуы мүмкін күдікті Шахринав ауданының милиция қызметкерлерін өлтіруді жоспарлаған. Ол ұсталды, қазір қамауда отыр», — деді министрлік басқармасының басшысы. Іске қатысты басқа мәлімет […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігіндегі шабуылда 5 бейбіт адам жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан.Сирияның солтүстігіндегі Азез ауданының Сикко ауылында бомба тиелген көлікпен жасалған террор шабуылында алғашқы мағлұматтарға қарағанда 5 бейбіт адам жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  Жарылыстан кейін шыққан өрт сөндіріліп, шабуылда айналадағы дүкендер мен үйлерге зиян келді. Шабуыл үшін  жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. Қауіпсіздік күштері  шабуылды КЖП  (YPG/PKK)   террор ұйымы жасағанын болжады. Түркиямен шекаралас Сикко ауылы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде терроризм айыбымен Қырғызстан азаматы жеті жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 ақпан. Мәскеудің әскери соты 19 ақпанда 32 жастағы қырғыз азаматы Талант Онуровты жеті жылға соттау туралы үкім шығарды, деп centralasian.org хабарлайды.  Сот оны теракт дайындады және терроризмді интернетте насихаттады деп таныды. Тергеу мәліметі бойынша, Онуров терроризм идеологиясын қалыптастыратын материалдарды желіде жариялаған. Қырғыз азаматы үш жылды түрмеде, төрт жылды қатаң режимдегі колонияда өтейді. Прокуратура мәліметі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ирактан Түркияға жеткізілген КЖП террористі сот шешімімен қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 ақпан. Күрдістан жұмысшы партиясы (КЖП/РКК)  террористік ұйымының материалдық-техникалық жабдықталуына жауапты, жетекшілерінің бірі Ибрахим Парым [кодталған аты «Лашер»]  Түркия сотымен қамауға алынды, деп Анадолу агенттігі жазады. Террорист Ирактың солтүстік-батысындағы Синджар аймағында түрік арнайы қызметтері жүргізген операция кезінде ұсталып, 10 ақпанда Түркияға жеткізілді. Тергеу шаралары аяқталғаннан кейін Парым Анкара сот ғимаратына жеткізіліп, «қарулы террористік ұйымға […]
    • 3 Years ago
    • 0