Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Германия соты теракт жасауды жоспарлаған Тәжікстан тумасын жеті жылға соттады

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар. Дюссельдорф қаласының Жоғарғы жер мәселелері жөніндегі соты 26 қаңтарда Тәжікстан тумасын «Ислам мемлекеті» террористік ұйымына мүше болған деген айыппен жеті жылға соттады, деп centralasian.org жазады.  Associated Press агенттігінің тергеуге сілтеме жасап хабарлауынша, 31 жастағы Равшан Б. Есімді азамат, Тәжікстаннан шыққан басқа да азаматтар кіретін террористік ұйыммен бірге, Германия мен Албания аумағында теракт және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан билігі Ауғанстанмен шекараны қорғауды күшейтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар.  Тәжікстан үкіметі Ауғанстанмен мемлекеттік шекараны нығайтуға басым назар аударады. Бұл туралы 26 қаңтарда республика президенті Эмомали Рахмон Парламентке жолдауында мәлімдеді, деп REGNUM АА жазады. Мемлекет басшысы лаңкестік топтар Тәжікстанға қауіп төндіретінін атап өтті. Экстремистер жастарды өз қатарларына тарту үшін интернетті белсенді пайдаланады.  «Олардың басты мақсаты —  еліміздегі бейбітшілік пен тұрақтылықты бұзу», — […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Талибан» делегациясы Иранға келіссөздер жүргізу үшін келді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Ауғанаралық келіссөздерге қатысатын «Талибан» қозғалысының делегациясы Иран тарапының шақыруымен Тегеранға келді, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Иран Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Саид Хатибзаде «Талибан» саяси кеңесінің басшысы молла Абдулғани Берадер бастаған делегация Иран астанасында бірқатар консультативтік кездесулер өткізетінін айтты. Басқалармен қатар тәлібтерді Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхаммед Джавад Зариф қабылдайды. «Күн […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда көлік жарылысы салдарынан 1 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар.  Кабул провинциясындағы лаңкестік әрекет салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп провинция полициясының өкілі Фердевс Фарамарзға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарздың айтуынша жарылыс Адех Газни ауданында болған. Террористер бомба салынған көлікті жарып жіберді.Жарылыс салдарынан бір бейбіт тұрғын қаза болды. Әзірге ешқандай топ шабуылға жауапкершілікті мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде болған жарылыс екі бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН,26 қаңтар.  Сирияның солтүстігінде оппозицияның бақылауындағы Телль-Абиад ауданында мотоциклге орналастырылған бомба жарылды. Екі бейбіт тұрғын қаза тапты.  Екі адам жарақат алды, деп TRT жазады.  Оқиға болған жерде тексеру жүргізген қауіпсіздік күштері шабуылды КЖП ұйымы  жасады деп болжап отыр. Сирияның солтүстігіндегі Телль-Абиад аудан орталығы 2019 жылдың 13 қазан күні «Бейбітшілік бұлағы» операциясы нәтижесінде террорден тазаланған болатын. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Бағдадтағы лаңкестік шабуылдардың орындаушылары Ирак азаматтары болды — Қорғаныс министрлігі

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар. Ирак армиясы 21 қаңтар күні Бағдатта 32 адамның өліміне себеп болған қос жанкешті шабуылды жасаған 2 адамның Ирак азаматы екенін жариялады.Бұл туралы TRT хабарлайды.  Қарулы Күштер бас қолбасшылығы мәлімдемешісі Яхия Ресул мемлекеттік телеарнаға берген сұхбатында Бағдаттың орталығы Таяран алаңында тауар мен киім сататын және табысы төмен адамдар жиі баратын базарға жасалған шабуылмен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Малидегі шабуылда 6 әскери қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Малидегі екі әскери базаға жасалған лаңкестік шабуылдардың салдарынан  алты сарбаз қаза тауып, 40 лаңкес өлтірілді, деп Қарулы Күштердегі ақпарат көздеріне сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Африка мемлекетінің қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, қарулы лаңкестер топтары Боулкесси және Мондоро әскери базаларына бірдей уақытта шабуыл жасаған. Боулкесси базасында төрт сарбаз, Мондороде екі солдат қаза тапты. 2020 жылдың […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде лаңкестік шабуыл

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Ауғанстанның оңтүстігінде Кандагардағы бомбалы шабуылда 6 бейбіт тұрғын жарақат алды, деп TRT хабарлайды.  Кандагар провинциясының Майванд ауданына қарасты Мирахур ауданында жолдың бойына орналастырылған бомба бейбіт тұрғындар мінген автобус өтіп бара жатқанда жарылды. Бомбалы шабуылда 6 адам жарақат алды. Әзірге шабуылды ешкім мойындаған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта 340 адам өлім жазасына кесілді

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қаңтар.  Ирак президентінің әкімшілігі лаңкестік шабуылдар мен кісі өлтіру үшін өлім жазасына кесілген 340 адамды өлтіру тәртібін бекітті, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Билік өкілі Ирактың ресми ақпарат агенттігіне хабарлағандай, шешім барлық конституциялық және құқықтық аспектілерді зерттеп, шағымданудың барлық құралдары таусылғаннан кейін қабылданды. Дереккөз бұл адамдардың өлім жазасына кесілуі 21 қаңтарда салдарынан 32 адам […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда Орталық банктің көлігіне шабуыл жасалды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар.  Ауғанстан астанасы Кабулда көлік жарылысынан бір адам қаза болды. Көлікте елдің Орталық банкінің қызметкерлері болған, деп Кабул полиция бөлімінің өкілі Фирдевс Фарамарзаға сілтеме жасап Анадолу агенттігі хабарлайды. Фарамарзаның айтуынша Кабулдың оңтүстік-шығысындағы Шах Шехид аймағында бомба қойылған көлік жарылды. Ауғанстанның Орталық банкі шабуыл кезінде оның бір қызметкері қаза тауып, екеуі жарақат алғанын хабарлады. Әзірге […]
    • 3 Years ago
    • 0