Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Нигерияда жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, 3 адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан.Нигерияның Борно провинциясындағы теракт үш адамның өмірін қиды, деп Анадолу агенттігіне қауіпсіздік күштеріндегі дереккөз хабарлады. Кондуга ауданында жанкешті лаңкестік шабуыл жасады, салдарынан үш адам қаза тапты, алтауы жараланды. Шабуыл үшін жауапкершілікті ешбір ұйым өз мойнына алған жоқ. Алайда, бұл шабуылды «Боко Харам» лаңкестері жасаған болуы мүмкін.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыс сегіз бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Жексенбі күні Ауғанстан астанасының 5-ші полиция округінде болған жарылыстан сегіз бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды. Бұл туралы елдің Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Министрліктің хабарлауынша, жарылыс бүгін таңертең Кабулдың 5-ші полиция округіне қарасты Спин-Кули маңында болған, салдарынан «сегіз бейбіт тұрғын қаза тапты, тағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан жеті адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Бейсенбіге қараған түні Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатында белгісіз бір топ қарулы адам кем дегенде жеті адамды өлтірді. Бұл туралы аймақтың Ішкі қауіпсіздік және ішкі істер министрлігінің комиссары Сэмюэл Аруванға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның сөзіне қарағанда, қаруланған адамдар, Зангон-Катаф аймағындағы ауылға жаппай шабуыл жасаған. Бір адам жарақат алды, 13 үй мен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • 2015 жылы Thalys пойызына шабуыл жасаған террорист өмір бойына сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Thalys жүрдек пойызына жасалған шабуылдан кейін бес жыл өткен соң Париж сотының үкімімен басты айыпталушы — марокколық Аюб әль-Хаззани 17 желтоқсанда өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Оның үш сыбайласы жеті жылдан 27 жылға дейінгі мерзімге сотталды, деп жазады  Deutsche Welle . 2015 жылдың тамызында жасалған әл-Хаззанидің шабуылы жолаушы АҚШ-тың үш азаматының, оның […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигердегі «Боко Харам» тобының шабуылы 27 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан.Нигерде  «Боко Харам»  лаңкестік тобы ұйымдастырған шабуылда  27 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Диффа аймағындағы Тоумоур ауылына жексенбіге қараған түні  «Боко Харам» лаңкестік ұйымы тарапынан қарулы шабуыл ұйымдастырылды. Шабуылда 27 адам қаза тапты. Нигер полициясы 70-ке тарта содырдың қалашыққа шабуыл жасағаны, сондай-ақ қалашықта 1000-ге тарта үйдің, жұмыс орнының және көптеген көліктің өртеп жіберілгенін мәлімдеді. «Боко […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Оңтүстік Осетия астанасында қоғамдық орындағы жарылыстың алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 желтоқсан. Оңтүстік Осетияның мемлекеттік қауіпсіздік қызметі Ресей ФҚҚ-нің көмегімен республиканың астанасы Цхинвалидегі қоғамдық орында жарылыстың алдын алды, деп Оңтүстік Осетияның Мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне сілтеме жасап ТАСС жазады.  «Оңтүстік Осетия Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті мен Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметінің одақтас өзара іс-қимыл шеңберінде, сондай-ақ Оңтүстік Осетия Сыртқы барлау қызметінің күштері мен құралдарының белсенді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Интерпол іздеу салған Франция азаматы Түркияда ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан. Сириямен шекаралас Түркияның оңтүстігіндегі Хатай провинциясында Интерполдың қызыл циркулярымен іздеуде болған лаңкес ұсталды, деп жазады Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап  Анадолу агенттігі хабарлайды. Лаңкес Түркия аумағына заңсыз кірмек болған кезде ұсталды. Ол Франция азаматы. Тергеу мүддесі үшін аты-жөні жарияланбаған лаңкес Сирияда әрекет еткен және негізінен шетелдік жалдамалылардан тұратын «Фыркатул Гурба» тобының […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда губернатор орынбасары шабуылда қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 02 желтоқсан.Ауғанстанның астанасы Кабулда губернатор орынбасары Мухибби бомбалы шабуылда қаза тапты, деп TRT хабарлайды. Ауғанстан Ішкі істер министрлігі мәлімдемешісі Тарык Арйен баспасөзге жасаған мәлімдемесінде Кабулдың шағын аймағында губернатор орынбасары Махбубуллах Мухиббидің көлігіне тиелген бомбаның жарылғанын айтты. Шабуылда Мухибби мен хатшысының қаза тапқанын түсіндірген Арйен екі оққағарының да жарақат алғаны білдірілді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия Қорғаныс министрлігі: Соңғы 1 айда 68 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан.Соңғы 1 айда ел көлемінде және шетелде жүзеге асқан операцияларда 68 террорист залалсыздандырылды,деп TRT хабарлайды.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде «Соңғы 1 айдың ішінде ел көлемінде және шетелде жүзеге асырылған 9-ы ауқымды, 24 шағын барлығы 33 операцияда 68 террорист залалсыздандырылды» делінді.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда бомба жарылысы 4 бейбіт тұрғынның өмірін қиды 

    НҰР-СҰЛТАН, 14 желтоқсан. Ауғанстанның Нангархар провинциясында жасалған бомбалы шабуылда 4 бейбіт адам қаза тапты, деп TRT  хабарлайды. Провинцияның Хогяни ауданына қараған Зави аймағында жолға орналастырылған бомба бейбіт адамдар мінген көлік аймақтан өтіп бара жатқанда жарылды. Жарылыста 4 бейбіт адам қаза тапты. Шабуылды қазірше ешкім мойынына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0