Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Йеменнің шығысында болған  әскери операция барысында 13 хуситтің көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Әскерилер хуситтердің  позицияларын ұстап қалып, нәтижесінде 13 содырдың көзің жойды, деп Анадолу агенттігі жазады. Йемен әскерінің елдің шығысындағы Мариб қаласында жүргізген  операциясының нәтижесінде «Ансаруллах» (хуситтер) қозғалысының 13 содыры өлтірілді. Әскери дереккөздердің хабарлауынша, Йемен армиясының бірлестіктері Марибадағы Эль-Махдар аймағында арнайы операция өткізді. Әскери қызметшілер хуситтердің позицияларын ұстап қалды, нәтижесінде 13 содыр өлтірілді. Әскери […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстан астанасындағы жарылыс: 10 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан. Ауғанстан астанасы Кабулда бомбаның жарылуы салдарынан 10 адам қаза тапты, деп елдің ішкі істер министрлігінің өкілі Тарык Арйенге сілтеме жасап Анадолу агенттігі жазады. Оның айтуынша, оқиға Ауғанстан астанасындағы білім беру орталықтарының бірінде болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, 10 адам қаза тауып, 20 адам жарақат алды. Куәгерлердің хабарлауынша, бомбаны жанкешті жарып жіберген, қаза […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияға Ирактан аса қауіпті террорист жеткізілген

    НҰР-СҰЛТАН, 24  қазан. КЖП содыры Түркия арнайы күштерінің операциясы нәтижесінде ұсталды, деп Анадолу агенттігі жазады. Аса қауіпті террорист Ферхат Текинер Ирактың солтүстігінде Түрік ұлттық барлау ұйымының (MİT)  сәтті операциясының нәтижесінде қолға түсіп, Түркияға жеткізілді. «Фырат / Ботан» деген кодтық атты террорист 2016 жылдың желтоқсанында Түркияның Кайсери провинциясындағы қанды шабуылға қатысқаны үшін іздеуде болған. Тергеу органдарының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 қазан.Елордалық терроризмге қарсы күрес жедел штабы осы жылдың 24 қазанында сағат 08.00-ден 13.00-ге дейін «Астана Су Арнасы» МКК станциясының аумағында (Жансүгірұлы көшесі,7) «Нұр-Сұлтан — Антитеррор-2020» терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығуын өткізуді жоспарлап отыр, деп Елордалық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап Нұр-Сұлтан әкімдігі хабарлайды. Іс-шараның мақсаты — тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету объектісі терроризммен күрес […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеу облысында лаңкестік шабуыл жоспарлаған ОА тумасы ФҚҚ қызметкерлерімен ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Мәскеу облысында лаңкестік шабуылдың алды алынды, деп ФҚҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды. Қауіпсіздік күштері халықаралық террористердің нұсқауы бойынша «билік ғимараттарының біріне» шабуыл дайындап жатқан 1999 жылы туған Орталық Азияның тумасын ұстады. Толық ақпарат жария етілмеді. Тергеу мәліметтері бойынша, кейін ол Таяу Шығысқа кетпек болған. Ұсталған адамның құпия жерге жасырған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ростов облысында терроризмді қаржыландырғаны үшін ИМ жәрдемдесі 5 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Оңтүстік округтік әскери соты Сағид Казимагомедовты «Ислам мемлекеті» (ИМ) (ҚР тыйым салынған ұйыи) халықаралық террористік ұйымының мүшесіне ақша аударғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.  «Сот үкіміне сәйкес, Казимагомедов кінәлі деп танылып, жалпы режимдегі түзеу колониясында бес жылға бас бостандығынан айырылды», — деп […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Лион қаласындағы вокзалды миналау туралы хабарлама жалған болып шықты

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Лион қаласындағы «Пар-Дьё» вокзалындағы жарылғыш зат туралы хабарламадан кейін жүргізілген операция аяқталды, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілуде. Бұл туралы Овернь — Рона-Альпы аймағының префектурасы бейсенбіде таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды ТАСС .  «Лионның «Пар-Дьё» теміржол станциясындағы полиция операциясы аяқталды, пойыздар қозғалысы қалпына келтірілуде», — деп мәлімдеді префектурада. Бұған дейін жарылғыш зат туралы хабарламаға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дамаск мүфтиі лаңкестік шабуыл кезінде қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23  қазан. Дамаск мүфтиі Аднан Афиони Сирия астанасында теракт кезінде қаза тапты,  деп  SANA агенттігіне сілтеме жасай отырып zakon.kz хабарлайды. Жарылыс Дамасктың батыс шетінде болды. Алдын ала мәлімет бойынша, қолдан жасалған жарылғыш зат мүфтийдің Кудсия кварталындағы Аль-Сахара мешітінің алдында тұрған автокөлігінде іске қосылды. Аднан Афиони Сириядағы ең беделді діни қайраткерлердің бірі болып саналды. Әзірге […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қазақстан мен АҚШ әскери күштері терроризм мен экстремизмге қарсы күрестегі ынтымақтастықты талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. Қорғаныс министрлігінде Қазақстан мен АҚШ-тың әскери ынтымақтастығы талқыланды, деп Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.  Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев пен АҚШ Қарулы Күштері Орталық қолбасшылығының қолбасшысы генерал Кеннет Маккензи кездесті. Кездесу барысында тараптар бітімгершілік қызмет, терроризм мен экстермизмге қарсы іс-қимыл мәселелерін талқылады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі ИМ дала командиріне қатысты санкция мерзімін созды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 қазан. БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Гүлмурод Халимовқа қатысты санкция мерзімін созды. Тәжікстан ІІМ арнайы қызметінің бұрынғы командирі 2015 жылы елден қашып, бірнеше елде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» тобына кірген, деп centralasian.org жазады. Қауіпсіздік кеңесінің жаңарған тізімі 21 қазанда жарияланды. 2015 жылы Кеңес ИМ және «Әл Қаидаға» кіретін адамдарға, топтарға, кәсіпорындар мен ұйымдарға санкция салған. Халимовқа қатысты […]
    • 4 Years ago
    • 0