Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Сомали астанасындағы әскери базаның жанында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.Сенбі күні Сомали астанасы Могадишо қаласында әскери базаның жанында жойқын жарылыс болды. Бұл туралы Сомалидің Gubjug News ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . Жарылыстың эпицентрі Варта-Набадд аймағындағы Бар-Аян қиылысындағы жолда болды.Куәгерлер әскери базаның аумағында көлікті жарып жіберген жанкешті-лаңкес туралы хабарлама таратуда. Мәліметтер бойынша бірнеше адам жарақат алды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстігінде болған шабуыл салдарынан жиырмадан астам бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.Абуджадан келіп түскен хабарламаға сәйкес, жақында Нигерияның солтүстігіндегі Кадуна штатындағы бірнеше ауылға белгісіз біреулер қарулы шабуыл жасаған, салдарынан 21 бейбіт тұрғын қаза тауып, көптеген адам жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі жазады . Шабуыл 6 тамызға қараған түні болған. Тәртіп сақшылары бұл аймақтағы патрульді күшейтті.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түрік әскерилері 10 күн ішінде КЖП -ның елу жеті содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 08 тамыз.Түрік қарулы күштері соңғы тәулік ішінде 17 лаңкесті залалсыздандырды. Бұл туралы Түркияның Ұлттық қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып Anadolu агенттігі жазады . Министрліктің хабарлауынша, 10 күн ішінде түрік әскері КЖП- YPG-ның Сирия қанаты тобының — 57 содырын залалсыздандырды . Қорғаныс министрлігі аймақтағы лаңкестерге қарсы операциялар тәулік бойы жалғасып жатқанын атап өтті.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Помпео Ауғанстанда қамауда отырған лаңкестерді босатуға шақырады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз.  АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео Ауғанстанда қамауда отырған «Талибан» қозғалысының мүшелерін (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) босатуға шақырды . Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаменті 6 тамызда таратқан мәлімдемеде айтылған, деп REGNUM АА жазады. Бұл үндеу бүкілауғандық ақсақалдар кеңесіне жолданғаны атап өтілді. АҚШ Сыртқы істер министрлігі лаңкестерді  босату «ауғанішілік келіссөздерді» бастауға мүмкіндік береді […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰТҚК: Ингушетияда жойылған содырлар лаңкестік шабуылдарды жоспарлаған

    НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз.  Ингушетияда жойылған содырлар республика аумағында лаңкестік шабуылдар жасауды жоспарлаған. Олардан қолдан жасалған жарылғыш зат табылды. Бұл туралы Ұлттық терроризмге қарсы комитеттің ақпараттық орталығы хабарлады,деп REGNUM жазады.  «Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жеке басы анықталған бандиттер республика аумағында бірқатар лаңкестік бағыттағы қылмыстар жасамақ болған», — делінген ҰТҚК таратқан хабарламада. Қақтығыс болған жерден қару-жарақ пен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: Содырлар Сириядағы Хмеймим базасына шабуыл жасауға тырысуда

      НҰР-СҰЛТАН, 07 тамыз.  Сириядағы содырлар Сирия қарулы күштерінің позицияларына оқ жаудырып, Хмеймим базасына шабуыл жасауға тырысуда, Ресей Федерациясы мен Сирия қауіпті бейтараптандыру шараларын қабылдауға мәжбүр, деп Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығының жетекшісі контр-адмиралы Александр Щербицкийге  сілтеме жасап РИА Новости  хабарлайды. «Лаңкестік ұйымдардың содырлары Сирия Араб Республикасының үкіметтік күштерінің позицияларына оқ жаудырып, Ресейдің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Украина астанасындағы банк бөлімшесін жарып жіберемін деп сес көрсеткен өзбекстандық екі айға қамауға алынды

      НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. «Универсал-банк» бөлімшелерінің бірін жарып жіберемін деп қорқытқан Өзбекстан азаматы Сухроб Кәрімов екі айға кепілдік құқығынсыз қамауға алынды. Бұл туралы Киев прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлады. «Киев қаласының Печерск аудандық соты астаналық прокуратураның өтінішін қанағаттандырып, 2020 жылдың 3 тамызында Киев орталығындағы банкті жарып жіберемін деп қорқытқан Өзбекстан азаматына қамауға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекетінің» төрт жақтаушысы 12 жылдан 19 жылға дейін бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 тамыз. Оңтүстік аудандық әскери соты Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекетін» халықаралық лаңкестік ұйымының  (ҚР тыйым салынған ұйым) жақтаушылары, Дағыстан Республикасы мен Ставрополь өлкесінің төрт тұрғыннын 12 жылдан 19 жылға дейін бас бостандығынан айырды. Бұл туралы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Соттың анықтауы бойынша, 2017 жылдың күзінде Ставрополь өлкесінің тұрғыны Али Дибиров […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан ІІМ: соңғы жарты жылда екі терактінің алдын алдық

    НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз. Биыл соңғы жарты жылда екі терактінің алдын алдық. Осылай деп Тәжікстан ішкі істер министрлігі терроризммен күрес басқармасының басшысы Шоди Хафиззода мәлімдеді, деп centralasian.org жазады.  Оның сөзінше, терактіні Шахринав пен Рашт аудандарына жасауды «Ислам мемлекеті» террористік тобының жақтастары жоспарлаған. «Олар құқық қорғау органдарына қарсы шабуыл жасамақ болған. Бірақ дер кезінде күш құрылымдары тарапынан қолға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысында лаңкестік шабуыл салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 тамыз.  Ауғанстанның шығысындағы Кунар провинциясындағы лаңкестік шабуыл салдарынан екі бейбіт тұрғын қаза болып , тағы үшеуін жарақат алды, деп Анадолу ақпараттық агенттігі хабарлайды. Кунар губернаторы әкімшілігінің баспасөз хатшысы Абдул Ғани Мусаммим журналистерге хабарлағандай, лаңкестер Шигел үезінде жолдың бойына бомба орнатқан. Жарылғыш зат бейбіт тұрғындар мінген автокөліктің жүріп бара жатқанда кезінде іске қосылды. Жарылыс […]
    • 4 Years ago
    • 0