Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ресейдің үш аймағында «Өзбекстан ислам қозғалысы» ХЛҰ әрекетінің жолы кесілді

     НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігі бөлімшелерімен және Ресей Федерациясының Ұлттық ұланының Федералдық қызметімен бірлесіп арнайы операция аясында Мәскеу, Новосібір және Красноярск өлкесінде «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» халықаралық лаңкестік ұйымының аймақаралық құрылымының әрекетінің жолын кесіп, оның басшылары мен қатардағы мүшелерінің арасынан 22 адамды ұстады. Бұл туралы Ресей Федерациясының ФҚҚ баспасөз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» содырлары 5 жәрдем қызметкерін өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Нигерияда «Боко Харам» лаңкестік ұйымы  5 гуманитарлық жәрдем қызметкерін өлтірді, деп TRT жазады.  «Боко Харам» твиттер арқылы 35 секундтық видео жарияланған еді. Осы видеода «Боко Харамның» өткен ай алып қашқан 5 гуманитарлық жәрдем қызметкерін атып өлтіргені байқалды. Аталмыш видеомен байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық координация офисінен әлі бір мәлімдеме жасалмады. «Боко Харам» лаңкестік ұйымы  […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 2017 жылы Каталонияда болған лаңкестік іс бойынша тұтқындалғандар 41 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Испания прокуратурасы 2017 жылдың тамызында Каталонияда лаңкестік әрекет ұйымдастырды деп айыпталған лаңкестік ұяшықтың мүшелері үшін 41 жылға дейін бас бостандығынан айыруды сұрап отыр. Бұл туралы El Periodico газетіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . БАҚ ақпараты бойынша, прокуратура Мұхаммед Хоули Шемлял үшін жазаның ең ұзақ мерзімін  талап етеді. Тағы бір ұсталған — Дрисс Укабирді 36 жылға, Саид бин […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сарапшы: Зеленскийдің лаңкеспен қоңырау арқылы жүргізген келіссөздері – дұрыс шешім

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, запастағы полковник, заң ғылымдарының кандидаты, «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ  Төралқасының төрағасы Аманжол Оразбаев Украина президенті Владимир Зеленскийдің Луцк қаласында адамдарды кепілге алған лаңкестің талаптарын орындаған кезде жасаған әрекеттеріне баға берді, деп хабарлайды  zakon.kz . Оның айтуынша, адамдар кепілдікке алынған кездегі сценарий лаңкестер тарапынан әрқашан қандай да бір жағдайға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Гильменд провинциясында әскери базаға жасалған шабуылда 2 әскер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында әскери базаға жасалған жанкешті шабуылда 2 әскер қаза тапты, деп TRT жазады.  Гильменд провинциясы мәлімдемешісі Өмер Зувак баспасөзге жасаған мәлімдемесінде шабуылшының бомба тиелген көлікпен Гильменттің Нахри Сырадж аймағындағы әскери базаны нысанаға алғанын айтты. Зувак жанкешті шабуылда 2 әскердің қаза тапқанын және 6 әскердің жарақат алғанын білдірді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мысыр әскері содырлардың шабуылына тойтарыс берді

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде.Мысыр қарулы күштері сәрсенбіге қараған түні Синайдың солтүстігінде содырлардың лаңкестік әрекетінің алдын алып, 18 лаңкесті жойғаны туралы хабарлады. Бұл туралы елдің Қарулы Күштерінің ресми өкілі Тамера ар-Рифаиға сілтеме жасап РИА Новости жазады. «Біздің әскери күштер Синай түбегінің солтүстігіндегі Бир эль-Абд аймағында қауіпсіздік күштері бекетіне жоспарланған шабуылды болдырмады», — деп қарулы күштер спикерінің мәлімдемесінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Калининградта терроризмді қаржыландыру үшін айыпталған ресейлік қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 шілде. Сот «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын қаржыландыруға қатысы бар азаматтарға ақша аударған ресейлік азаматты қамауға алды. Бұл туралы Калининград облысы бойынша Ресей ФҚҚ басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Ресей ФҚҚ аумақтық басқармасының тергеу бөлімі Ресей Федерациясының азаматына қатысты РФ Қылмыстық кодекстің 205 бабының 1-бөлігі «Лаңкестік әрекетке жәрдемдесу» бойынша қылмыстық іс қозғады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қостанай облысында мас адам аудан орталығын «миналаған»

    ҚОСТАНАЙ, 22  шілде. Алтынсарин ауданына қарасты Сатай ауылының тұрғыны ащы суға сылқия тойып алып, бүкіл полиция қызметін әбігерге салып қойды. Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше,  20 шілде күні «112» нөміріне белгісіз біреу хабарласып, Алтынсарин ауданы орталығына жарылғыш зат қойылғанын, аудан түгелімен жарылып кететінін хабарлаған, деп «Egemen Qazaqstan» жазады.  «Іс-қимыл алгоритміне сәйкес қосымша күш-құралдарды тарта отырып, арнайы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда «Пенче-Каплан операциясы» жалғасуда

    НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. Ирактың солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 3 террорист әуе операциясы арқылы залалсыздандырылды, деп TRT жазады.  Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде Ирактың солтүстігіндегі  Зап аймағында бақылау мен барлау көліктері арқылы анықталған бөлшектеуші террористік ұйым ПКК мүшесі 3 террористің әуе операциясы арқылы залалсыз күйге келтірілгені білдірілді. Мәлімдемеде: «Бөлшектеуші террористік ұйым ПКК-ға бағытталған операцияларымыз батылдықпен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Талибан» қозғалысы Ауғаныстанның оңтүстік-батысындағы полиция бөлімшесіне шабуылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде. Ауғанстанда лаңкестер полиция бөлімшесіне шабуыл жасады. Бұл туралы Пажвак агенттігіне сілтеме жасап  REGNUM АА хабарлады. Шабуылды Чакансур аймағындағы «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары (ҚР тыйым салынған ұйым) жасады.Салдарынан алты қауіпсіздік қызметкері қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Сондай-ақ алты «Талибан» содырының (ҚР тыйым салынған ұйымның мүшелері) жойылғаны белгілі. Бұған дейін хабарлағандай, 20 шілде […]
    • 4 Years ago
    • 0