Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Мысырда төтенше жағдай режімі тағы үш айға ұзартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қаңтар.  Мысырда төтенше жағдай режімі тағы үш айға ұзартылды. Ел парламенті жексенбі, 13 қаңтар күні президент Әбдел Фаттах Ас-Сисидің тиісті жарлығын бекітті. Бұл туралы заң шығару органының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Анадолы агенттігі хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.  Мәлім етілгендей, Мысыр Араб республикасында төтенше жағдай жетінші рет ұзартылып отыр. Коммюникеге сәйкес, биліктің шешімі елдегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • АҚШ бас прокуроры: Флоридадағы әскери-теңіз күштерінің базасындағы атыс — террористік шабуыл

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. АҚШ-тың әділет министрі, бас прокуроры Уильям Барр АҚШ-тың Флоридадағы Пенсакола әскери-теңіз базасындағы 2019 жылдың желтоқсан айында Сауд Арабиясының азаматы жасаған  атысты террористік акт деп атады. Ол бұл туралы дүйсенбіде Вашингтонда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. «Бұл терроризм актісі болды. Айғақтар көрсеткендей, атқыш жиһадшылар идеологиясының ықпалында болған», — деді ол. 2019 жылдың 6 желтоқсанында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жарылыстан екі адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қаңтар. Ауғанстанның солтүстігіндегі Балх провинциясының астанасында болған бірнеше жарылыста екі адам қаза тауып, кем дегенде сегізі жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап. Арна хабарлағандай, жарылыстар сейсенбі күні таңертең Мазари-Шариф қаласында далалық аурухананың жақын маңында бірінен соң бірі болды. Пажвак агенттігінің хабарлауынша, жарылыстар салдарынан балалар қаза тапқан. Полиция өкілінің айтуынша, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар.   Ұлттық қауіпсіздік комитетінің  you tube арнасында күдікті заттар табылған кездегі қысқаша ұсынымдар көрсетілген бейнеролик орналастырылған. Бейнероликте қоғамдық орындарда, кіреберісте, көшеде және т.б. жерлерде  күдікті зат табылған жағдайда оның иесін анықтауға тырысу керек  делінген. Егер иесі табылмаса, құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Сонымен қатар, роликте ықтимал қауіпті затқа тән ерекшеліктер, осы затты байқаған кездегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК қазақстандықтарға қырағылық туралы үндеу жолдады

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қаңтар. YouTube-тегі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ресми арнасында қауіпсіздік туралы видео жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz. Видео «Сіздің қырағылығыңыз террорлық шабуылдың алдын алуы мүмкін» деген тақырыппен жарияланды. ҰКК қазақстандықтарға сақ болып, қырағылық танытуды сұрайды. «Күдікті адамдар мен заттарды байқасаңыз, ол туралы уақтылы хабарлау террорлық актінің алдын алуы мүмкін» делінеді видеода.  
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда «Талибан» командирінің көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Ауғаныстанда «Талибан» қозғалысының командирі қаза тапты. Бұл туралы TOLO News сілтеме жасап  24.kz хабарлайды. Ауғанстан әскери әуе күштерінің соққысынан «Талибан» радикалды тобы командирлерінің бірі Махибулла қаза тапты. Ауғанстанның солтүстік-шығысындағы лаңкестерді басқарған Махибулла негізі Пәкістан азаматы болған.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияда әуе соққысынан 17 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қаңтар. Сирияда солтүстігінде әуе соққысынан бейбіт тұрғындар қаза болды, деп 24.kz хабарлайды.  Сирияның солтүстігіне жасалған әуе соққыларынан 17 бейбіт тұрғын мерт болды. Тағы 50-ге жуық азамат жарақат алды. Марқұмдар арасында балалар да бар. Белгілі болғандай, соққы Идлиб қаласының бірнеше ауданы мен 11 елді мекенге берілген. Оны Башар Асад режиміне қарасты қарулы күштер жасапты. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургте миналау туралы хабарламалар нәтижесінде 280-ден астам ғимарат эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар. Бүгін Санкт-Петербургтің төтенше жағдайлар қызметеріне қаладағы 280-ден астам нысан  миналанды деген хабарламалар келіп түсті, барлығы да жалған болып шықты. Бұл туралы ТАСС жазады. Күні бойы аудандық соттар, бірнеше сауда орталықтары эвакуацияланды. Кеше де қалада осындай жағдай болды, 250-ге жуық нысандар: соттар, қонақ үйлер, сауда орталықтары, дүкендер, Эрмитаж және басқа ғимараттар миналау туралы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сомали әскерилері үш «Аш-Шабабтың» содырын жойды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Сомали қарулы күштері Джубаленд штаты армиясының қолдауымен 9 қаңтарда Сомалидің оңтүстігінде Төменгі Джубба провинциясындағы операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының үш содырын өлтірді. Бұл туралы Синьхуа ақпарат агенттігі Сомали әскери күшіне сілтеме жасап хабарлады . Джубаленд штаты күштерінің бірінші дивизиясының қолбасшысы Аден Абдулкадир атап өткендей, операция жағалаудағы Кисмайо қаласының шетіндегі Як Байшаро аймағында жүргізілді. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанда мешітте болған жарылыс салдарынан кем дегенде 11 адам қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қаңтар. Пәкістанның Кветта қаласындағы мешітте болған жарылыстан он бір адам қайтыс болды, 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости GeoTV арнасына сілтеме жасап. Арнаның хабарлауынша, жарылыс кешке Гусабад ауданында болған. Зардап шеккендерді ауруханаға жеткізу үшін оқиға орнына құтқарушылар келгені хабарланады. Қазір полиция жарылыстың себебін анықтап жатыр. Құқық қорғау органдары бұл аумақты қоршап алып, […]
    • 5 Years ago
    • 0