Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Павлодарда жалған хабар берген «телефон террорисі» сотталды

    ПАВЛОДАР, 13 қараша. Сот Павлодар қаласының «телефон террорисіне» үкім шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабар берген Павлодар қаласының тұрғыны сот шешімімен екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді. Сондай-ақ мәжбүрлі түрде бір жыл ішінде 100 сағат еңбекке тарту және айыппұл салу жазасы тағайындалды. Жазасын өтеу кезінде ер адамның тұрғылықты жерін ауыстыруына, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Индонезияда полиция ғимаратының жанында жойқын жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша.Индонезияның Медан қаласында орналасқан полиция басқармасының жанында жарылыс болды, деп хабарлайды 24.kz. Салдарынан бірнеше тәртіп сақшысы жарақат алды. Белгілі болғандай, жарылысты террорист ұйымдастырған. Күштік құрылым өкілдерінің мәліметіне сай, теракт таңғы сағат 8:40 шамасында болған. Күдікті шабуыл кезінде қаза тапты.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үндістан премьер-министрі: БРИКС саммитінің негізгі тақырыбы терроризмге қарсы іс-қимыл болады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди терроризммен күрес саласындағы ынтымақтастық БРИКС саммитінің күн тәртібінің басты элементіне айналады деп мәлімдеді. Бұл туралы 12 қарашада Үндістан басшысының Бразилияға кету қарсаңындағы мәлімдемесіне сілтеме жасап «Наводая» үнділік жаңалықтар агенттігі хабарлады, деп REGNUM жазады. Нарендра Моди өз сөзінде: «Саммит барысында БРИКС басшылары цифрлық экономика, ғылым және технология сияқты маңызды салаларда әлемдегі ең […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сауд Арабиясы 38 исламшылға үкім шығарды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Сауд Арабиясының терроризмге қарсы трибуналы 38 исламистке үкім шығарды, деп Reuters сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Эр-Риядтағы сот айыпталушыларды такфиршілдік пен терроризмді  қаржыландыруда  кінәлі деп тапты. Такфиршілдік   — исламдық адасушылық, оның жақтастары өздерін исламның кез-келген ағымының ізбасарларың  «кәпірлерді» деп атауға құқылы деп санайды. Сондай-ақ, сотталған исламистердің бірі «түрмеде террористік ұйым құрды» деп хабарланған .
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Қамышлы қаласында болған жарылыс құрбандарының саны жеті адамға жетті

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. Сирияның Камышлы қаласында 3 жерде жойқын жарылыс орын алды, деп хабарлайды 24.kz. Салдарынан 7 адам қаза тауып, 70 азамат жарақаттанды. Жергілікті күштік құрылымдар мәлімдемесіне сүйенсек, бомбалар 3 көлікке қойылған. Сөйтіп екі көлік қала орталығында, қалған біреуі базар маңында жарылыпты. «Сирияның демократиялық күштері» болған оқиғаға «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымын кінәлап отыр. Олардың дерегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Кундуз провинциясында тәлібтердің жоғары шенді қолбасшысы тұтқындалды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қараша. 10 қарашада Ауғанстанның Кундуз провинциясы (провинциясының астанасы — Кундуз) губернаторының ресми өкілі провинцияда Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштері жүргізген операция нәтижесінде Талибан қозғалысының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  жоғары шенді командирі Абдул Басет  ұсталғанын мәлімдеді.Бұл туралы REGNUM хабарлайды. Ауғанстандық Bakhtar News Agency ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ауғанстанның Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс күштерінің тәлібтерді жою […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі қандай

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Цифрлық технологияларды террористік мақсатта қолданудың қаупі жайлы «Astana Club» отырысында ресейлік ПИР орталығының төрағасы, генерал-лейтенант Евгений Бужинский пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Astana Club» саяси форумы аясында өткен брифингте тілшілер осындай сұрақты Евгений Бужинскийге қойып көрді. «Егер киберқару туралы айтып отырған болсаңыздар, бұл әзірге беймәлім өріс. Сондықтан оған жақындаудың өзі қиын. Киберқарудың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда ИМ содырларының депортациясы басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Түркия бұрын қолға түскен Ислам мемлекеті (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  террористік тобының содырларын өз  елдеріне депортациялай бастады , деп елдің ішкі істер министрлігінің  баспасөз-хатшы Исмаил Чатаклыге сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Түркияның ішкі істер министрі Сулейман Сойлу бұған дейін мәлімдегендей , Анкара тұтқында отырған ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырларын дүйсенбіден бастап отандарына қайтаруға ниетті. «Иностранный […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ресей арнайы күштері АСЕАН елдерінің жаттығуларына қатысу үшін Қытайға келді

    НҰР-СҰЛТАН, 11 қараша. Ресейдің Шығыс әскери округінің арнайы жасақтары АСЕАН елдерінің халықаралық терроризмге қарсы оқу-жаттығуларына қатысу үшін Қытайға келді, деп округтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости  хабарлады. Жаттығулардың белсенді кезеңі  қараша айының екінші жартысында Қытайда өтеді . Қатысушылар «террористер» басып алған әкімшілік ғимараттардағы, автобустар мен жолаушылар ұшақтарындағы кепілге алған адамдарды босатады. Сондай-ақ, «жарылғыш құрылғыларды» іздеу және жою, тікұшақтан десант түсіру және атыс қаруларынан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ Тәжікстандағы шекара бекетіне жасалған шабуыл үшін жауапкершілікті өз мойнына алды

    НҰР-СҰЛТАН, 10 қараша. «Ислам мемлекеті» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  террористік тобы тәжік-өзбек шекарасындағы заставаға шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікті  өз мойнына алды, деп хабарлайды РИА Новости АҚШ-тың SITE Intelligence Group сілтеме жасап. Тәжік-өзбек шекарасындағы Рудаки аймағында орналасқан «Султонобод» шекара отрядының заставасына шабуыл 6 қараша күні болған, шабуылдаушылар ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  содырлары  болып шықты. Тәжікстанның […]
    • 4 Years ago
    • 0