Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ресейде тәжік азаматы пойызды жармақ болды деп 22 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан. Ресейдің екінші батыс әскери соты 20 желтоқсанда Тәжікстан азаматы Эмом Бурхоновты 2017 жылы «Сапсан» пойызында теракт жасамақ болды деп 22 жылға соттады.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.  2019 жылдың жазында Мәскеу әскери соты жеті тәжік азаматын 15 жылдан 21 жылға соттаған. Тергеу ісі бойынша, олардың бәрі «Ислам мемлекеті» террористік тобының жақтасы болған. Бурхонов оларға қарсы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның солтүстігінде террористтік топтың жетекшісі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 22 желтоқсан. Сирияның солтүстігінде «Аль-Каидамен» байланысты «Хурас ад-Дин» сириялық террористік тобының жетекшісі ұшқышсыз ұшақпен жойылды, — деп хабарлайды РИА Новости Sky News Arabia спутниктік телеарнасына сілтеме жасап. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, жойылған террористтің аты — Абу Хадиджа әл-Урдуни. Операцияны Идлиб аймағында халықаралық коалиция күштері өткізді. Террорист автокөлікке жасалған әуе соққысы нәтижесінде жойылды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ешкім де өз балаларына осылай көмектеспейді — американдық психолог «Жусан» операциясы туралы

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Босқындармен жұмыс жасаудың 25 жылдық тәжірибесі бар американдық психолог Стеван Вейн Қазақстанда ДАИШ  экстремистік ұйымының қатарында Сириядағы соғыс аймағында болған қазақстандықтардың әйелдерімен және балаларымен кездесті. Чикагодағы Иллинойс штаты университетінің психиатрия кафедрасының профессоры Ақтаудағы кең ауқымды оңалту орталығына барған алғашқы американдық маман болды. Соғыс қасіретін көрген кішкентай қазақстандықтардың ойлары мен олардың өз Отандарында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қылмыстық топтар Батыс Еуропаға есірткі жеткізудің жаңа жолдарын іздеп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Қылмыстық топтар Батыс Еуропаға есірткі жеткізудің жаңа жолдарын іздеп жатыр, деп Қырғызстан Ішкі істер министрлігі есірткінің заңсыз айналымымен күрес бойынша қызмет басшысы Олег Запольский мәлімдеді, деп жазады 24. kz.  Алайда, бұл жолдарды тауып, қылмыскерлерді ұстау үшін Орталық Азияның арнайы қызметтері бірлесіп жұмыс істеуі қажет. Осыдан бірнеше жыл бұрын апиыннан жасалған есірткі Ауғанстаннан Батыс Еуропаға […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кәрім Мәсімов Терроризмге қарсы орталықтың отырысын өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Кеше, 19 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда ҰҚК Төрағасы Кәрім Мәсімов Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Отырыста биылғы жылдың жұмысы қорытындыланды. Террористік акцияларға жол бермеу бойынша және жалпы алғанда еліміздегі жағдайдың тұрақтылығын сақтауға күш салынғаны аталды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бастапқы кезеңінде террористік актіні […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қалмақстан колонияларының бірінде террористік ұяшық әшкерленді

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. Қалмақстан  колонияларының бірінде құрамына 100-ден астам тұтқын кірген  террористік ұяшық әрекетінің жолы кесілді, деп мәлімдеді РФ ТК ресми өкілі Светлана Петренко. Бұл туралы «Мәскеу 24» сілтеме жасап  Радио Спутник хабарлады . «Тергеудің мәліметінше, 2013 жыл шамасында, Ресей Федерациясының Қалмастан Республикасы Федералдық жазалауды орындау қызметі басқармасы  ФҚМ  ТК-2  қару-жарақты заңсыз сатқаны үшін жазасын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеуде ФҚҚ ғимаратының жанында белгісіз біреу оқ атты

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. 19 желтоқсан кешке қарай Мәскеуде белгісіз ер адам Кузнец көпірі маңындағы Федералдық қауіпсіздік қызметі  ғимаратының маңында оқ атқан. ФҚҚ ТАСС ақпарат агенттігіне шабуыл жасаған адамның қаза тапқанын хабарлаған.Бұл туралы Азаттық Радиосы хабарлайды.  Куәгерлер оқ атылған дыбыс пен адамдардың айқайын естігенін айтады. Куәгерлердің сөзінше, жараланғандар бар. Тағы бір дереккөздер «қауіпсіздік қызметінің екі өкілі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияда екі тәжік содыры ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан. «Ислам мемлекеті» экстремистік ұйымының идеясын таратушы Абу Довуд ұсталып, Сириядағы Африн қаласының түрмесіне түсті. Бұл туралы түріктің TRT Haber телеарнасы сілтеме жасап centralasian.org  хабарлады. Душанбенің 35 жастағы тұрғыны Парвиз Саидрахмонов (Абу Довуд) жазда «Ислам мемлекеті» ұйымының Идлиб провинциясындағы соңғы бекінісі — Багуз елді мекенінен қашқан уақытта ұсталған. Саидрахмонов экстремистік ұйымға 2014 жылы қосылған. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Семейдегі діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес жастар арасында экстремизмге қарсы тұру тәсілдері туралы айтты

    СЕМЕЙ, 18 желтоқсан. Семей қаласының әкімдігінде діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті. Бұл туралы ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ehonews.kz хабарлады. Баспасөз қызметінде соңғы уақытта әлем бойынша терроризм мен экстремизмнің белсенді өсуі байқалады. Сондықтан да Семей әкімдігі жанынан діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес құрылған болатын. Кеңес қалалық оқу орындарында белсенді жұмыс жүргізеді. Оқушылармен терроризм […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Содырлардың Орталық Азияға шабуыл жасау қаупі әлі сақталуда

    НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан. Ауғанстандағы жағдай нашарлай түсуде, Ресейде тыйым салынған «Ислам мемлекеті» (ИМ) лаңкестік тобының содырлары Ауғанстанның солтүстігінде Орталық Азияға шабуыл жасау үшін күштерін шоғырландыруда, деп мәлімдеді бүгін Ресей Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Николай Патрушев, деп gossluzhba.kz хабарлайды.  «Игилдер негізгі күш-жігерін қазірдің өзінде екі мыңнан астам содырлар жиналған Ауғанстанның солтүстігіне өтуге шоғырландыруда», – деп ескертті ол. Патрушевтің […]
    • 4 Years ago
    • 0