Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Талибан тұтқындағы екі профессорды «босатты»

    НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша. Талибан қозғалысы Кабулдағы Америкалық университетінің екі профессоры – 60 жастағы Кевин Кинг (АҚШ азаматы) пен 48 жастағы Тимоти Уиксті (Австралия азаматы) тұтқыннан босатты, деп Азаттық Радиосы хабарлайды.  Ауған билігі мен Талибан қозғалысының хабарлауынша, екі профессор 19 қарашада тәліптердің бақылауындағы Забул аймағы Наубахар ауданында босатылған. AFP ақпарат агенттігі полициядағы дереккөздеріне сілтеме жасап, екі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК: Сирия мен Иракта Қазақстанның әлі де 100-ге жуық азаматы бар

    НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша. Қазіргі уақытта Сирия аумағында Қазақстанның 90-нан астам азаматы (63 пайызы әйелдер) бар, оның 15-і (екеуі ер адам) лагерьлер мен түрмелерде және 6 әйел Иракта қамауда отыр. Азаттықтың сауалына Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті осындай деректермен жауап берді.Бұл туралы centralasian.org хабарлайды.  ҰКК-нің жауабына қарағанда, Сирия мен Ирактан Қазақстанға 277 ересек адам (57 ер адам, 220 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтеді

    ҚАРАҒАНДЫ, 19 қараша. Бүгін Қарағанды қаласының Қазыбек би және Октябрь аудандарында терроризм актісінің алдын алу және оның салдарын жою бойынша терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізіледі, деп облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабына сілтеме жасап Ortalyq.kz хабарлайды.  Шараның мақсаты – терроризмге қарсы күрес жөніндегі облыстық жедел штабының алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті күш пен құралдардың дайындығын тексеру. Оқу-жаттығулар шынайы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстандық балаларды Ирактан  қайтару жөніндегі келіссөздер жалғасуда

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Ирак түрмелерінде жатқан қазақстандық балалар екі аптадан соң үйлеріне оралады. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Балаларды үйіне қайтару операциясы әлі жүргізілген жоқ. Қазіргі уақытта Ирак өкілдерімен талқылап жатырмыз, сондай-ақ, балалардың Қазақстанға келгенде орналасатын жерін белгілеп, әлеуметтік жұмыстармен айналысып жатырмыз. Балаларға қайта қалпына келуіне, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Кабулдағы жарылыстар салдарынан төрт әскери қызметкері жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Дүйсенбі күні таңертең Кабулда болған жарылыстарда төрт әскери қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды РИА Новости Tolo News-ке сілтеме жасап.  Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахими әскери жаттығу орталығының жанында жанкешті лаңкес өзін-өзі жарғанын мәлімдеді. Екі жарылыс болды деп хабарланады. Оқиға лонына  жақын жолдар жабылды.
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирия бойынша келесі кездесу желтоқсан айының басында Нұр Сұлтанға жоспарланған

    НҰР-СҰЛТАН, 18 қараша. Астана форматындағы Сирия бойынша кездесу желтоқсан айының басына ауыстырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today. Сирия бойынша келесі кездесу желтоқсан айының басында Нұр-Сұлтанда болады деп күтілуде, деп  РИА Новостиге  Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді хабарлады. Бұған дейін кездесу қазан айының аяғына жоспарланған болатын, бірақ конституциялық комитетінің  шақырылымына байланысты ол қарашаның ортасына ауыстырылды. Оның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мысыр президенті ІІМ басшысы мен арнайы қызмет өкілдеріне терроризммен күресті жалғастыруды тапсырды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша. Мысыр президенті Абдел Фаттах ас-Сиси Ішкі істер министрлігі мен арнайы қызмет өкілдеріне қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін елдегі терроризм мен экстремистік идеологияға қарсы күресті бәсеңдетпеуге нұсқау берді , деп хабарлайды РИА Новости президент әкімшілігіне сілтеме жасап.  Президент әкімшілігінің хабарлауынша, бұл премьер-министр Мұстафа Мадбулидің, сондай-ақ Мысырдың Ішкі істер министрлігінің басшысы, жалпы барлау және әкімшілік бақылау басқармасы басшыларының қатысуымен өткен […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркия ДАИШ-қа қосылған 10 қазақстандықты еліне депортацияламақ

    НҰР-СҰЛТАН, 15 қараша. Түркия «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының (ДАИШ) 956 мүшесін келген елдеріне депортация жасайтынын хабарлады. Олардың арасында Қазақстанның 10 азаматы, 82 өзбекстандық, 23 қырғызстандық, 6 түркіменстандық, 99 ресейлік бар. Бұл туралы түркиялық ақпарат агенттіктеріне сілтеме жасап Азаттық  хабарлады. Түркия тарапының бұл мәлімдемесіне қатысты Қазақстан билігі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұған дейін Түркия президенті Режеп […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті

    АЛМАТЫ, 14 қараша. Алматы облысы бойынша ҰҚК департаментінің террорға қарсы бөлімінің арнайы ұйымдастыруымен Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылында терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтті, — деп хабарлайды Тengrinews.kz.  «Бүгін Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында терроризимге қарсы оқу-жаттығу жұмыстары өтуде. Шұғыл жұмылдыруға тиісті командалар дер кезінде жиналып, қауіпті жағдайдың алдын алуға дайын екендіктерін көрсетті. Ұзынағаш […]
    • 5 Years ago
    • 0
  •  Кабулдағы ІІМ ғимараты маңында болған жарылыс салдарынан жеті адам қаза тапты  

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қараша. Ауғанстанның ішкі істер министрлігінің жанында жарылыс болып, 7 адам қаза тапты, деп хабарлайды 24.kz. Тағы 10 тұрғын жарақат алды. Жапа шеккендердің арасында балалар бар. Террорлық әрекет жергілікті уақытпен таңғы 7 жарым шамасында болды. Әзірге оны қандай қарулы топ ұйымдастырғаны белгісіз. Қазір содырлар іздестіріліп жатыр.
    • 5 Years ago
    • 0