Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Тәжікстанда «Мызғымас бауырластық-2019» атты әскери оқыту жиыны өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Тәжікстанда ұжымдық қауіпсіздік келісім-шарт ұйымына мүше елдердің «Мызғымас бауырластық-2019» атты әскери оқыту жиыны өтті, деп Kazakh-tv.kz хабарлайды.  Онда 3,5 мың адам бас қосып, 600-ге тарта техника жұмылдырылды. Жаттығу жоспарына сай ұйымдасқан қылмыстық топ шекараны заңсыз кесіп, тәжікстандық әскерилермен қарулы қақтығысқа түсті. Ресейдің 201-ші әскери базасының жауынгерлері мен Тәжікстаннның десанттық-шабуылдау ротасы қылмыскерлерді дер кезінде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Петропавлда жарылғыш зат туралы хабар жалған болып шықты

    ПЕТРОПАВЛ, 29 қазан. Петропавл қаласында белгісіз біреудің «тоғыз қабатты тұрғын үйге жарылғыш зат қойылды» деген хабарынан кейін 123 адамды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 қазан күні таңертең Петропавл қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне Н.Назарбаев көшесіндегі 154-үйге бомба қойылғаны туралы белгісіз ер адам қоңырау […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралғандардың соты ерекше қорғалатын ғимаратта өтіп жатыр

    НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан. Елордада Қазақстанда тыйым салынған Ирак және Левант лаңкестік ұйымының құрамында болған,  елге Жусан операциясы аясында қайтарылған 14 қазақстандыққа қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп Хабар 24 хабарлайды.  Процесс ашық сипатқа ие болғанымен сот отырысы елорданың шет жағындағы түзеу мекемелерінің бірінде өтіп жатыр. Бұл ғимарат ерекше қорғалатын нысанның бірі. Сондықтан қауіпсіздік шаралары мұнда қатаң […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ИМ басшысын оның жақын серігі сатып кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан. Сириялық Идлиб провинциясында америкалық әскерилерімен жойылған «Ислам мемлекетінің» (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  басшысы Әбу Бакр әл-Багдадидің орналасқан жерін анықтауға оның жақын серіктесі көмектесті, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап Islam-today  хабарлайды. Атап өтілгендей, ирак арнайы қызметтері ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым)  басшысының негізгі көмекшісі Исмаил әл-Этави ізіне 2018 жылы түсті. Ол […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚМК: Қырғызстанда теракт дайындаған содыр ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан. Халықаралық террористік ұйым лагерінде арнайы дайындықтан өткен қырғыз азаматы Жалал-Абадта ұсталды. Ол Қырғызстанға теракт жасауға жіберілген. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті хабарлады, деп centralasian.org жазады.  Комитет мәліметі бойынша, ұсталған күдікті 1994 жылы туған. 2016 жылы оған іздеу жарияланған. Тергеу жүріп жатыр. ҰҚМК сәуір айында Сириядан келген бір содыр ұсталғанын хабарлаған еді. Ал […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Мордовия түрмесінде жазасын өтеп жатқан адам терроризмді қаржыландырғаны үшін тағы 5 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан. Мордовиядағы колониялардың бірінде жалған ақшаның заңсыз айналымы үшін жазасын өтеп жатқан адам РФ ҚК 205.1 бабының 1 бөлігі («Терроризмді қаржыландыру») бойынша кінәлі деп табылды. Бұл туралы Мордовия бойынша РТК тергеу басқармасына сілтеме жасап  REGNUM  хабарлады. Сотта анықталғандай, 2014-2015 жылдары Мәскеуде болған Дагестанның тұрғыны ИМ (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) халықаралық террористік ұйымына […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Трамп ИМ жетекшісі Багдадидің Сирияда көзі жойылғанын мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 27 қазан. ДАИШ лаңкестік ұйымының көсемі Абу Бакр аль-Багдади Сирияда американың әскерилері жүргізген операция кезінде көз жұмды. Бұл туралы АҚШ Президенті Дональд Трамп мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Голос Америки» агенттігіне сілтеме жасап. «Өткен түні Құрама Штаттар әлемдегі нөмірі бірінші лаңкестік ұйым көсемін әділ жазаға тартты. Операция кезінде бірде-бір америкалық әскери жапа шеккен жоқ», […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Әскери қызметшілер Тәжікстандағы ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» оқу-жаттығуларына қатысады

    ҰҚШҰ елдерінің «Мызғымас бауырластық-2019» бірлескен оқу-жаттығулары Тәжікстанда «Харб-Майдон» полигонында өтуде. Бүгін ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгершілік күштерінің Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері қатысатын екінші кезең басталады. Қазақстаннан Құрлық әскерлерінің бөлімшелері, соның ішінде бітімгершілік ротасы, ӘҚК Әскери-әуе күштерінің барлығы 73 әскери қызметшісі, сондай-ақ орналасу әуеайлақтарынан оқу-жауынгерлік міндеттерді орындайтын Су-30СМ жойғыш звеносы қатысады. Оқу-жаттығудың сценарийі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Степногорск қалалық соты «бомба» қойған азаматтың бас бостандығын 2 жылға шектеді

    КӨКШЕТАУ, 25 қазан.  Ақмола облысының Степногорск қалалық сотында терроризм актісінің дайындалып жатқаны туралы жалған хабарлама беріп, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған азамат К-ға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомствоның мәліметіше, азамат К. Мас күйде бола тұра, 102 телефон нөміріне қоңырау шалып пәтерде жарылғыш құрылғының орнатылғаны туралы хабарлаған. Дайындалып […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Данияда бипатрид-содырларын азаматтықтан айыру туралы заң қабылданды

    НҰР-СҰЛТАН,25 қазан.  24 қазанда Дания үкіметі ұсынған даниялық бипатрид-содырларын азаматтығынан айыру туралы заң жобасы Фольклетингпен қабылданды. Бұл заң тек Сирия мен Иракта ИМ (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жағында соғысқан содырларға қатысты болады, деп REGNUМ хабарлайды. Заңның қабылдануы Данияның интеграция және шетелдіктердің істері жөніндегі министр Маттиас Тесфайеге ресми түрде сот қарауынсыз исламистерді азаматтығынан айыру құқығы […]
    • 5 Years ago
    • 0