Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қазақстан Ирактан 14 баланы қайтарып алмақ

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Елордада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Ауғанстан бойынша жиыны өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2019 жылдың басында Қазақстан арнайы «Жусан» операциясын жүргізген болатын. «Жусан» операциясы – Қазақстан осы адамдардың (кезінде Сирияға кетіп қалған азаматтардың – авт.) үйі екенін көрсетті. Операцияның арқасында елге 600-ге тарта адам қайтарылды. Олардың 406-ы бала. Олардың бәрі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ресейдің тоғыз аймағында ИМ қаржыландыру ісі бойынша тұтқындаулар өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 09 қазан. Кабардин-Балқарда халықаралық террористік топ үшін қаражат жинауды жүргізген қылмыстық топ анықталды. Радикалдардың жақтастары РФ тоғыз аймағында 6 млн. рубльден астам қаржы жинады, деп ТК ресми өкілі Светлана Петренкоға сілтеме жасап ИА REGNUM хабарлайды.   Тергеу болжамы бойынша, «Ислам мемлекеті» үшін (ҚР-да қызметіне тыйым салынған ұйым) ақша жинауды 2015 жылы ағалы-қарындас ұйымдастырған. Олар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • БАҚ:Германия билігі Гессенде болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп қарастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 08 қазан. Немістің Лимбург-ан-дер-Лан қаласында (Гессен федералды жері) жүк көлігі қатысуымен болған оқыс оқиға террористік акт ретінде қарастырылады.Бұл туралы ZDF телеарнасына сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Тергеу жұмыстарын Франкфурт-на-Майне   прокуратурасы өткізуде. 30 жастағы күдікті Германияға Сириядан келгені белгілі. Жеті зардап шеккен адам дәрігерлердің бақылауында, олардың біреуі ауыр халде жатыр. 7 қазанда Лимбург-ан-дер-Лан қаласында жүк көлігі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жат ағымдағылардың басты құралы — әлеуметтік желі

    АЛМАТЫ, 08 қазан. Алматыдағы туризм және қонақжайлық индустрия колледжінің студенттеріне дінтанушы Елнар Берікбаев дәріс оқыды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Дінтанушы Елнар Берікбаев колледж студенттеріне экстремизм мен терроризмнен келетін қауіпті түсіндірді. Оның айтуынша, олар жастарды радикалдандыру үшін көбіне әлеуметтік желіні пайдаланады. Әсіресе діни сауаты жоқ, жұмыссыз жастарды еліктіріп, қатарына тартады. «Жат ағымға ерушілердің діни сенімі мен ұстанымдары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қызылордада түрмеде жатып, терроризмді насихаттаған екі адам анықталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 07 қазан. Ағымдағы жылдың ақпан айында түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушыдан діни мазмұндағы қолмен жазылған парақтар тәркіленген болатын.Бұл туралы Қызылорда облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Сыр бойы газеті жазады.  Сонымен қатар, сәуір айында тағы бір сотталушыдан осы тектес парақтар айғақ зат ретінде алынды. Тергеу амалдарын жүргізу барысында деструктивті діни ағымын ұстанатын екі сотталушы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тәжікстан билігі Сириядан 575 әйел мен баланы әкелуді жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 07 қазан. Тәжікстан билігі БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің бағалауы бойынша Сириядағы босқындар лагерінде адам төзгісіз жағдайда өмір сүріп жатқан тәжікстандықтарды елге әкелуді жоспарлап отыр, деп centralasian.org хабарлайды.  Бұл жөнінде Тәжікстанның сыртқы істер министрлігі мәлімдеді. Олар қазір Сирия билігімен келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді. Осы мақсатта Тәжікстанның Ирак және Кувейттегі елшісі Зубайдулло Зубайдзод Дамаскіге барған. Тәжік […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Испанияда ИМ атынан қоқан-лоқы жасаған ер адам ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 қазан. Испания Ұлттық полициясы ИМ  (ҚР  тыйым салынған ұйым) лаңкестік тобының атынан қоқан-лоқы жасап, бейне жазба таратқан күдіктіні ұстады, сондай-ақ жарылғыш заттарды тәркіледі, деп РИА Новости жазады. Полиция мәліметтеріне сәйкес, ұсталған  Мароккода тұған 23 жасар Испания азаматы. Полиция ол Испанияда террористер атынан түрлі материалдарды таратумен айналысатын бейресми платформа -Muntasir Media үшін жауап бергенін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қырғызстанның Қаржы барлау қызметі лаңкестердің қызметін қадағалау жүйесін дайындады

    НҰР-СҰЛТАН, 05 қазан. Қырғызстан Қаржы барлау қызметі салық қызметімен бірлесіп санкциялық тізбелерді қолданудың электрондық жүйесін және заңды тұлғалар туралы ақпаратты қалыптастыру мен пайдаланудың жүйесін әзірледі, деп «Кабар» сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Бірінші жүйені пайдалану Қырғызстанның және БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің террористік және экстремистік әрекеттерге қатысатын адамдар мен ұйымдардың тізімін қамтитын санкциялық тізбелерін тиімді және жылдам тексеруге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Үндістанда қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 қазан. Үндістанның Питхорагарх қаласына жақын жерде орналасқан әскери палигонда «Қаз-Инд-2019» қазақстандық және үнділік бірлескен оқу-жаттығулар басталды. Шара қарсаңында Үндістанға Қазақстан Құрлық әскерлері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілер жасағы келді, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Екі апта бойы халықаралық жиынтық бөлімше құрамында 60 қазақстандық әскери қызметші үнді әріптестерімен тренингтерге қатысып, тәжірибе алмасып, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нигерия әскерилері «Боко харам» тұтқынынан 25 баланы босатты»

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан. Нигерия әскерилері «Боко харам»  тобының тұтқынынан 25 баланы босатты, деп Reuters агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. ЮНИСЕФ мәлімдемесіне сәйкес, қазіргі уақытта билік, 23 ұл және екі қыз балаларды отбасымен қауыштыру жұмыстарын жүргізуде. «Боко харам» исламшыл тобы  мыңдаған адамды, соның ішінде жүздеген балаларды тұтқынға алды. Лаңкестер балаларды жанкештілер ретінде пайдаланады және тұтқындар қатарынан […]
    • 5 Years ago
    • 0