Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ақтөбе облысында дін атын жамылған қылмыскерлер ұсталды

    АҚТӨБЕ, 22 ақпан. Полиция қызметкерлері Ақтөбе облысындағы деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар тарапынан 60-тан астам қылмысты ашты, деп baq.kz хабарлайды.  Олар көлікті айдап кету, заңсыз қару сақтау, жеке мүлікті ұрлау, тонау және кісі өлтіру т.б. да ауыр қылмысты дінді жамылып жасаған. Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күреспен қатар Ішкі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түлкібас ауданыңда есірткі сатумен айналысқан күдікті ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 11 ақпан. Түлкібас АПБ-ге аудан тұрғыны есірткі заттарын өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 297-бабы «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, иемденіп алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату» бойынша СДТБТ-ға тіркелді, деп otyrar.kz хабарлайды.  Жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Түлкібас АПБ-ның полиция қызметкерлері есірткі сатқан күдіктінің жеке басын […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адам ұсталды

    АЛМАТЫ, 10 ақпан. Алматы халықаралық әуежайында жарылғыш зат бар деп хабарлаған ер адамды полиция анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Ақпарат дереу көліктегі полиция департамент бөлімшелеріне берілді. Әуе айлағын қоршап алу және адамдарды эвакуациялау ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қоңырау шалған адамның жеке басын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл 1997 жылы туған Б. деген азамат. Қазір оны патрульдік полиция […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК Алматыда синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың әрекетін әшкереледі

    АЛМАТЫ, 10 ақпан. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті синтетикалық есірткі өндіретін жасырын зертхананың қылмысын әшкереледі, — деп хабарлайды Tengrinews.kz  ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  2020 жылғы 4 ақпанда жедел-іздестіру іс-шараларын іске асыру барысында аса ірі мөлшерде синтетикалық есірткіні құпия орынға қалдыру сәтінде есірткі зертханасын ұйымдастыруға және оның жұмыс істеуіне қатысы бар Алматы қаласының «А» […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жасөспірімдер денсаулығы мен өміріне қауіпті «кәмтиттен» қалай құтыламыз?

     НҰР-СҰЛТАН, 09 ақпан. Мәліметтерге қарағанда, әдемі қапталған кәмпит секілді осы шайнайтын темекі түрі – «снюс» жастар мен жасөспірімдер арасында кеңінен таралуда. Снюсті шведтер классикалық темекіге балама ретінде шығарған, бізге Үндістан мен Ресейден әкелінеді. Нарколог-дәрігер Николай Мутяк снюс­тің құрамындағы никотин еріннің астына салғанда шырышты қабықтан қанға өтіп, адам бойында никотинге тәуелділікті арттырып, ми жұмысына кері әсерін тигізетінін, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • 14 жыл бойы іздеуде жүрген есірткі сатушы табылды

    АЛМАТЫ, 09 ақпан. Алматы облысында 14 жыл бойы іздеуде жүрген есірткі сатушы ұсталды. Ақтөбе соты 58 жастағы әйелге мемлекетаралық іздеуді 2006 жылдың ақпанында салған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.  Қылмыскер Алматы облысы, Көксу ауданындағы Балпық би ауылында жасырын атпен тұрып келген. Ол 2005 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 259-бабының, 4-бөлігі бойынша қозғалған істе күдікті болған. «Күдікті біздің полиция […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Экстремистік әрекетке қатыстары бары анықталған жағдайда этникалық қазақтар ҚХР-ға қайтарылады

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Экстремистік әрекетке қатыстары бары анықталған жағдайда этникалық қазақтар ҚХР-ға қайтарылады, деді ҚР ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков.Бұл туралы ҚазТАГ хабарлайды.  «Егер бұл адамдардың экстремистік әрекетке қатысы бар болса, әлбетте, біз оны белгіленген заң тәртібінде, халықаралық заңдар мен конвенцияға сәйкес шешетін боламыз. Егер бұл азаматтардың қылмыстық әрекетке қатысы жоқ болса, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚМДБ: Наурызбай қажы Тағанұлы Бас мүфти болып сайланды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Бүгін Нұр-сұлтан қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кезектен тыс ІХ Құрылтайында Серікбай қажы Ораз ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти қызметіне Наурызбай қажы Тағанұлының кандидатурасын ұсынды, деп хабарлайды ҚМДБ ресми сайты. Еліміздің әр облысынан келген 300 делегат Серікбай қажы Ораздың ұсынысын қолдап, бірауыздан дауыс беріп, Наурызбай қажы Тағанұлын Бас мүфтилікке сайлады. «Наурызбай қажы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Терроризм туралы жалған ақпарат таратқанның жазасы қандай?

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Біле тұра террорлық акт жайлы жалған ақпарат беру – адам өміріне қауіпті шығын алып келетін қылмыс, деп хабарлайды Түркістан облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап baq.kz  хабарлайды. Бұндай ақпаратты беру тәсілі әр түрлі болуы мүмкін (телефон арқылы жазбаша немесе ауызша формада беру). Қылмысты жасаудың себеп-салдары да әр түрлі болуы мүмкін: кәсіпорын немесе мекеменің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан. Көші-қон заңнамасының жаңа ережелеріне сәйкес 5 күн ішінде шетелдіктерді уақытша тіркеу жойылды, деп baq.kz хабарлайды. Көлік полицейлері жыл басынан бері көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдікті анықтады. Көліктегі полиция департаменті сервистік модельге көшу аясында өткен жылдың қараша айынан бастап, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында тәулік бойы жұмыс істейтін көші-қон пункттері құрылды. […]
    • 5 Years ago
    • 0