Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Оралда колледж студенті синтетикалық есірткі мен гашиш сатып келген

    ОРАЛ, 06 ақпан. Орал қаласында есірткілік заттарды сақтады деген күдікпен колледж студенті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап. «Оның тұрғылықты жерін тінту барысында бөлшектеп салынған «Альфа ПВП» синтетикалық есірткі заты және гашиш табылды. Одан есірткі заттарынан бөлек, бірнеше ұялы телефон, банктік карталар, электронды таразы және буып-түюге арналған материалдар алынды», — деді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда салафизмге тыйым салына ма – Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берді

    НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков салафизмге тыйым салуға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. «Салафизмге тыйым салу мәселесіне келер болсақ, біз бұған дейін оны жан-жақты зерделедік. Қоғам арасында пікірталастар да болып жатады. Дегенмен, әзірше оған тыйым салу жағы қарастырылып отырған жоқ», — деді Білісбеков журналистерге берген сұхбатында.Комитет төрағасының орынбасары салафизмге […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жусан: Сириядан 600-ге жуық адам қайтарылып, терроризмге қатысы бар 43 адам сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Жусан» гуманитарлық операциясының төрт кезеңін қорытындылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2019 жылы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің үйлестіруімен Сириядан 595 Қазақстан азаматы қайтарылды. Операцияның бірінші кезеңінде 47 адам, оның ішінде 6 ер адам, 11 әйел және 30 бала, екінші кезеңінде 231 адам, оның ішінде 16 ер адам, 59 әйел және 156 […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҰҚК «Жусан» арнайы операциясы аяқталғанын жариялады

    НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Білісбеков ҚР Парламенті Сенаты дәлізінде журналистерге берген сұқбатында террористік белсенді аймақтардан қазақстандықтарды алып шығу бойынша арнайы операциялардың барлық кезеңі аяқталғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz. Біз «Жусанның» барлық кезеңін жүзеге асырдық. Ирактан 14 баланы алып шыққанымызды білесіздер. Қазір енді ондай жоспар жоқ, өйткені біз қақтығыс аймақтарында жүрген […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ елдері шекаралық ынтымақтастықты күшейтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 06 ақпан. Парламент Сенатының жалпы отырысында «Шанхай ынтымақтастық ұйымының экстремизмге қарсы іс-қимыл жөніндегі конвенциясын ратификациялау туралы» Заңы қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Конвенцияға Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің басшылары 2017 жылғы маусымда Нұр-Сұлтан қаласында қол қойған. Құжаттың мақсаты – ШЫҰ-ға мүше елдердің экстремизмге қарсы іс-қимыл саласында өзара әрекеттестігінің тиімділігін арттыру. «Конвенция экстремизм түсінігін тұңғыш рет […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Тараз қаласының тұрғыны есірткіні жарнамалайтын граффити салған

    ТАРАЗ, 05 ақпан. Жамбыл облысында полиция қызметкерлері жедел – іздестіру шараларының нәтижесінде синтетикалық есірткіні жарнамалаған күдіктіні ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Cинтетикалық есірткіні сататын адамдарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында, Жамбыл облысында есірткі қылмысының алдын-алу бөлімінің қызметкерлері үйлердің қабырғалары мен қоршауларына синтетикалық есірткілерді насихаттайтын граффити жазбаларын салған Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Ол өзінің бұл […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы-Бішкек тас жолында 10 келіден астам есірткі заттары тәркіленді

    АЛМАТЫ, 04 ақпан. Алматы-Бішкек тас жолының 97 шақырымында арнайы операция жүргізген полиция қызметкерлері есірткі тасымалдаған күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы облыстық Полиция департаментінің есірткіге қарсы басқармасының мамандары патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жолда тоқтатқан көліктен 4 кг 627 гр марихуана және 5,52 гашиш тәркіленді. «43 жастағы Жамбыл облысының тұрғыны ұсталды. Күдікті көлікте жолаушы болған. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Дәурен Абаев Сауд Арабиясының Ислам министрімен жат ағымдардан жапа шеккендерді оңалту мәселесін талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 04 ақпан.  Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Ислам министрі Әбдел Латиф әл-Шейхпен діни жат ағымдардан жапа шеккен азаматтарды оңалту мәселесін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Аталмыш мәселе талқыланған кездесу 2020 жылдың 2 ақпанында Эр-Рияд қаласында өтті. Дәурен Абаев Қазақстан Сауд Арабиясының бүкіл әлемде […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК: жарылыс жоспарлаған бес азамат ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 ақпан. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылғы 27 қаңтарда Қарағанды және Тараз қалаларында терроризм күдігімен деструктивті діни ағымның 5 ұстанушысын ұстап, сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алды, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Олардың барлығы ауыр және аса ауыр қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған. Көрсетілген адамдарға террористік топты құру, оған басшылық […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Помпео Қазақстанның соғыс аймақтарынан азаматтарын қайтару жөніндегі жұмысын мақтады

    НҰР-СҰЛТАН, 02 ақпан. АҚШ соғыс аймақтарынан азаматтарды қайтару жөніндегі Қазақстанның жұмысын жоғары бағалады. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстанның азаматтарды соғыс аймақтарынан қайтару жөніндегі жұмысын атап өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат». «Мен министрге Ауғанстанда бейбітшілікті орнату және тараптарды татуластыру жөніндегі біздің күш-жігерімізді Қазақстанның тұрақты түрде қолдағаны үшін алғыс білдірдім. Мен Қазақстанның Ирак пен Сириядан лаңкес-содырларды және […]
    • 5 Years ago
    • 0