Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Помпео Қазақстанды Сириядан оралған адамдарды ықпалдастыру бойынша тәжірибесімен бөлісуге шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 шілде. АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Қазақстан СІМ басшысынан Сирияда болған азаматтарды репатриациялау және одан әрі ықпалдастыру тәжірибесімен бөлісуді сұрады, деп хабарлайды РИА Новости. «Мемлекеттік хатшы Қазақстанның Сириядан оралған азаматтарының репатриациясы мен ықпалдасуындағы жаһандық көшбасшылығын атап өтіп, Қазақстанды басқа елдермен өз тәжірибесімен бөлісуге шақырды», — деп хабарлады Мемлекеттік департаменттің баспасөз қызметі сейсенбі күні […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Орал қаласының тұрғыны пәтерінде 2 келі марихуана сақтаған

    ОРАЛ, 02 шілде. «Көкнәр-2019» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Орал қаласының полиция басқармасының қызметкерлері, 1978 жылы туған қала тұрғынының пәтерінен целлофан қалташаларына салынған 2 келіге жуық марихуана тауып алды.Бұл туралы БҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап Жайық Пресс медиахолдингі хабарлайды. Қазіргі уақытта бұл факті бойынша ҚР ҚК-ның 296-бабының 4-бөлігімен (есірткі заттарын заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеу амалдары […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында ауласында марихуана өсірген тұрғын ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 шілде. Алматы облысындағы Көксу ауданының тәртіп сақшылары аудан орталығы — Балпық би кентіндегі үйлердің бірінен құрамында есірткі заты бар өсімдікті баптап өсіру дерегін әшкереледі. 41 жастағы үй иесі аталған заңбұзушылықты жасады деген деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Баптап өсірілген марихуана күдіктінің бақшасынан табылған. Полицейлер жалпы салмағы 16 килограмм болатын 22 түп марихуананы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанға 2 келі героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды

    ТҮРКІСТАН, 01 шілде. Қазақстанға 2 келіге жуық героин алып өтпек болған Тәжікстан азаматы ұсталды, — деп хабарлайды Тengrinews.kz  ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап. Автокөліктің жанар жағар май ыдысындағы ақ түсті ұнтағы бар екі ораманы кеден бекетінің қызметкерлі мен қызметтік иті бар шекара жасағы анықтады. 2019 жылы 29 маусымда «Атамекен» кеден бекетінде Өзбекстан Республикасынан Қазақстан […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Жусан» операциясы БҰҰ елдерін қызықтырды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 маусым. 29 маусым күні БҰҰ-ға мүше мемлекеттердің көшпелі отырысына қатысушыларға Қазақстанда өткізілген «Жусан» операциясы туралы деректі фильм және Сириядан оралған қазақстандық әйелдердің бірінің бейне-үндеуі көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   «Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігі мен БҰҰ-ның Терроризмге қарсы басқармасы Нью-Йорк қаласының маңайында ұйымдастырған «Терроризмнен азат әлемге және БҰҰ 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібіне […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Өзбекстан азаматы Қазақстаннан есірткі алып өтпек болған

    НҰР-СҰЛТАН, 29 маусым.  Өзбекстан азаматы автокөлігінің артқы дөңгелегінің жоғарғы жағынан 7 күдікті түйнек зат анықталды. Сараптама қорытындысы бойынша күдікті зат — «каннабис шайыры» есірткі заты болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап.   Түркістан облысындағы «Жібек жолы» кеден бекетінде тексеру барысында 1983 жылы туған Өзбекстан азаматы ұсталды. Қазақстаннан Өзбекстан Республикасына өтіп жатқан […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жастардың кейбір дәрі түрін еркін қолдануы есірткіге тәуелді етуі мүмкін – Біртанов

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Кейбір дәрі түрлерін дәрігердің рецептінсіз сатпау туралы талап бұрыннан бар. Алайда оның механизмі дұрыс жұмыс істеп тұрған жоқ, деп 24.kz жазады.  Арнайы ережені толықтыру немесе өзгерту қажет. Денсаулық сақтау министрлігі енді мемлекет тарапынан берілетін дәрі-дәрмек өз алдына, коммерциялық нарықтағы өнімді де бақылауға алатын болды. Дамыған елдерде дәрі-дәрмек дәрігердің рұхсатымен ғана беріледі. Бұл […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Таразда акция аясында 20 кг марихуана, 1 кг героин өртелді

    ТАРАЗ, 28 маусым.  Жамбыл облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының ұйымдастыруымен «Нашақорлықсыз болашақ» атты акция өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыс орталығындағы «Жеңіс» саябағында өткен «Нашақорлықсыз болашақ» жастар акциясына қатысушылар жиналғандарды зиянды заттардан аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Акция барысында нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу мақсатында кинолог мамандар және «Арлан» арнайы […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда «Сары-Арқа — антитеррор — 2019» антитеррорлық оқу-жаттығу яқталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 27 маусым. Қарағанды облысындағы «Спасск» полигонында «Сарыарқа-Антитеррор-2019» оқу-жаттығуының қорытынды кезеңі өтті, деп 24.kz хабарлайды.  Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің құзырлы органдары терроризмге қарсы іс-қимыл шараларын бірлесе ұйымдастырды. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мен Тәжікстан мемлекеттері қатысқан оқу жаттығуға Шанхай ынтымақтастық ұйымы жанындағы бақылаушы елдер мен ТМД елдерінің өкілдері шақырылды. Осы ұйымға мүше елдерге қауіп тудыратын халықаралық […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Елордада есірткі сатқан күдіктілер ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым.  Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері  синтетикалық есірткі сатумен айналысқан 31 жастағы  Алматы тұрғынын қолға түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Елорда аумағында ұсталған күдіктіден, тергеу шаралары барысында әуелі «МДМА», «экстази», марихуана есірткілік  заттарының 38 таблеткасы мен 8 дайындалған өнім және өз атына жасалған жалған төлқұжат тәркіленген. «Тергеу шараларын одан ары жүргізу кезінде астаналық сақшылар оның Алматы […]
    • 6 Years ago
    • 0