Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Степногорда жарылғыш зат қойылғандығы туралы жалған хабар берген күдікті ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 11 маусым.  Ақмола облысының Степногорск қаласында «бомба» қойған ер адам  ұсталды,  деп  облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. Ведомствоның мәліметінше, маусымның 10-да сағат 22:00 Степногорск қалалық ПБ кезекшілік бөліміне белгісіз ер адам қоңырау шалып тұрғын үйлердің біріне жарылғыш зат қойылғанын айтқан. «Оқиға орнына жедел түрде қалалық ПБ жеке құрамы, жарылғыш-техника мамандары, кинологтар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Алматыда бірқатар мекемеге жарылғыш зат қойылды деген ақпарат жалған — полиция

    АЛМАТЫ, 11 маусым. Алматы полициясы қаладағы соттардың ғимаратын тексеріп шықты. Ғимараттарда жарылғыш зат қойылған деген ақпарат жалған болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, белгісіз біреулер Алматыдағы бірқатар ғимараттарда жарылғыш зат бар екенін хабарлаған. Қазір қаланың жедел және шұғыл қызмет өкілдері Алматыдағы бірқатар мекемелерде, атап айтқанда сот ғимараттарында тексеру […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда бұрын сотталған ер адамнан 20 келі марихуана тәркіленді

    ТАРАЗ, 11 маусым. Таразда бұрын сотталған павлодарлықтан 20 кг астам марихуана тәркіленді, деп Жамбыл облысы полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметіне сілтеме жасап KazTAG хабарлады.  «9 маусымда «Көкнәр-2019» ЖПШ барысында Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Тараздағы автовокзал жанынан бұрын сотты болған Павлодар қаласының 39 жасар тұрғынын ұстаған. «Бава» есімді қызметтік итті қолдану […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Күзет қызметі басқармасында семинар өтті

    ТАРАЗ, 10 маусым. Жамбыл облысы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі Жамбыл облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлеріне «Діни экстремизм мен терроризмнің қатері» тақырыбында семинар өтті, деп kazislam жазады.  Семинарда Дін мәселелерін зерттеу орталығының қызметкері А.Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі бағыттарын, қоғамдық келісімді […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сириядан оралғандардың хиқаялары –Анамды көруді армандадым

    НҰР-СҰЛТАН,08 маусым. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Сириядағы ұрыс іс-қимылдар аймағынан 524 қазақстандыққа отанына оралуға  мүмкіндік берген  «Жусан» арнайы операциясы туралы деректі фильм көрсетілді.  Кадрларда қазіргі уақытта оңалтудан өтіп жатқан әйелдер мен балалар көрсетілген, деп Tengrinews.kz хабарлайды. «Жусан» гуманитарлық операциясы барысында 524 Қазақстан азаматы, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел адам мен 357 бала Сирия еліндегі […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері 4 мыңға жуық есірткі жарнамалаған сайт жабылды

    НҰР-СҰЛТАН, 08  маусым. 2019 жыл басталғалы еліміз бойынша есірткі жарнамалаған 3766 интернет ресурс анықталып, бұғатталды, деп хабарлайды Елорда Инфо. «Биыл жалпы саны 3766 есірткі жарнамалаған сайт анықталып, жабылды. Одан бөлек, есірткі жарнамалаған 1100  граффити стиліндегі сурет табылды. Бүгінде олардың тізімі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жіберіліп бұғатталды. Ал суреттерді жою жұмысына жастар мен еріктілер тартылуда. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Құқықтық тәртіп «жедел алдын алу шарасы нәтижесінде Қазақстанда 45 кг жуық есірткі тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 маусым. Ағымдағы жылғы 1-5 маусым аралығында қоғамдық және жол қауіпсіздігін, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алып, жалпы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін ел аумағында «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы өткізілді, деп ІІМ баспасөз қызметі хабарлайды.  Оның ең басты міндеті – қылмыстарды ізін суытпай ашу, құқық бұзушылықтарды, соның ішінде жол […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Таразда есірткі жарнамалаған ер адам ұсталды

    ТАРАЗ, 07 маусым. Таразда синтетикалық есірткіні жарнамалайтын граффити жазбалар жасаған жігіт қолға түсті, деп 24.kz хабарлайды.  Облыстық полиция департаментінің мәліметінше ол үйлердің қабырғалары мен қоршаулардың сыртына есірткінің таралуына қатысты жазба қалдырып отырған. Күдікті 19 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазір ол кінәсін мойындап, жауапкершілікке тартылған көрінеді. Ал, табылған граффити-жазулар жойылып, түрлі синтетикалық есірткіні насихаттайтын интернет-сайттар […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Абаев: Әлеуметтік желілер мониторингінің жаңа  жүйесі күзде таныстырылады

    НҰР-СҰЛТАН, 06 маусым. Қазақстанның Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев әлеуметтік желілер мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, жоба ағымдағы жылы күзде таныстырылады. Бұл туралы “Zakon.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап ЭХО КАЗАХСТАНА хабарлады . Дәурен Абаев Сенат отырысында осы жобаны жүзеге асыруға ел бюджетінен 1,7 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында ер адам ұстау кезінде полицейлерге қарсылық көрсеткен .

    ТҮРКІСТАН, 05 маусым. Түркістан облысының полицейлері экстремизм мен терроризмге қатысты іс-шараларды бақылауға алып жатыр, — деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   Биыл жыл басынан бері облыс полицейлері бүкіл әлем жұршылығының қауіпті дертімен күресіп, іс-шаралар кешенін белсенді атқарып келеді. Аталмыш іс-шаралар экстремизм мен терроризм бойынша бекітілген жоспарға сәйкес үнемі жүзеге асады. Мәселен, Түркістан […]
    • 5 Years ago
    • 0