Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ақтөбе облысының полицейлері есірткі жарнамалаған 175 сайтты жапты 

    АҚТӨБЕ, 24 желтоқсан. Биыл полиция есірткі жарнамалаған 175 сайтты жапты. Синтетикалық ескірткі затын сатқандарға қатысты 16 қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов әлеуметтік желіде өткен тікелей эфир кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстановтың халыққа есеп беру кездесуі онлайн өтті. Ведомство басшысы өңірдегі құқық бұзушылықтың алдын алу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда жыл басынан бері 5 синтетикалық есірткі зертханасы таратылды

    АЛМАТЫ, 24 желтоқсан. Алматыда бес синтетикалық есірткі зертханасы таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгінгі күні синтетикалық есірткілер мен оларды шығаруға арналған зертханалар ғаламдық мәселелердің бірі болып табылады. Жыл басынан бері қабылданған шаралардың нәтижесінде Алматы полициясы синтетикалық есірткі шығаратын бес зертхананы таратты. – Есірткі зертханаларының жұмыс істеуі үшін курьерлік қызмет кеңінен қолданылады. Синтетикалық есірткілер, сондай-ақ, зертханаға арналған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қарағанды қалалық полиция басқармасын «миналаған» азамат анықталып, ұсталды

    ҚАРАҒАНДЫ, 23 желтоқсан. 112 нөміріне қоңырау шалған белгісіз ер адам Қарағанды қалалық полиция басқармасының ғимаратына бомба қойылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 22 желтоқсан күні сағат 16.30-да төтенше жағдайлар басқармасына Қарағанды қаласының полиция басқармасы ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына Қарағанды облыстық полиция департаментінен барлық шұғыл қызметтер тартылып, ғимаратта қызметкерлер эвакуацияланды. Тексеру кезінде […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР ҰҚК есірткінің онлайн-саудасының жолын кесті 

    АЛМАТЫ, 22 желтоқсан. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2020 жылдың қарашасында «URAN» республикалық қоғамдық бірлестігі берген ақпарат бойынша синтетикалық есірткіні Интернет арқылы сатуға қатысы бар 2 ҚР азаматының қылмыстық әрекетінің жолын кесу жөнінде іс-шаралар өткізді, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Атап айтқанда, «Т» деген бірінші фигурант Канададан курьерлік қызметтер арқылы жеткізілген кезекті жөнелтілімді алғаннан кейін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • СҚО-да діни мазмұндағы материалдар таратқан ер адам жарты млн теңге айыппұл төледі

    ПЕТРОПАВЛ, 22 желтоқсан. Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан діни заңнаманы бұзудың 23 дерегі анықталып, құқық бұзушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, анықталған деректердің басым бөлігі діни мазмұндағы материалдарды таратумен және сатумен байланысты. Петропавлдың 56 жастағы тұрғыны 500 мыңнан астам теңге айыппұл төледі. Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі сатушылардың қылмыстық тобы әшкереленді

    АЛМАТЫ, 22 желтоқсан. Алматы полициясы есірткі сатушылардың қылмыстық тобын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. Мақсатты жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде Алматы қаласында “гашиш” есірткісін сатумен және таратумен айналысқан жеті адамнан тұратын топ ұсталды. – Біздің бөлімнің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімімен тіркелген қылмыстық іс шеңберінде А.азаматтың Алматы қаласының аумағында бола тұра, есірткі заттарды […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жамбыл полицейлері 50 жастағы тұрғынды заңсыз есірткі затын тасымалдағаны үшін ұстады

    ТАРАЗ, 21 желтоқсан. Жамбылдық полицейлер есірткі затын заңсыз иемденіп, сақтап және тасымалдаумен айналысқан Түркістан облысының 50 жастағы тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілді. Тергеу барысында күдікті Шу ауданының аумағында кендір қурайлардың көп өсетіндігін біліп, оны аса ірі көлемде жинап, жасырып, өзімен бірге алып кетуді […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Өскеменде есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити жойылды

    ӨСКЕМЕН, 21 желтоқсан. Өскемен қаласында полиция қызметкерлері есірткі жарнамалайтын 50-ден астам граффити-суретті жойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «ВИКИНДА» қоғамдық қорының және ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының өкілдерімен бірлесіп, нашақорлықтың алдын алу және психотроптық заттардың таралуын болдырмау мақсатында Өскемен қаласының көшелерінде рейд жүргізді. «Шаһардағы түрлі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қазақстан терроризм қаупі бойынша елдер рейтингінде  93-орын алды

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Терроризм қаупінің деңгейі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 135 елдің ішінде 93-орынға ие болды, деп хабарлайды Елорда Инфо energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. Индекс 0,901 құрады, бұл көрсеткіш өте төмен тәуекел деңгейіне жатады. Индекс мәні неғұрлым жоғары болса, елде қақтығыстар мен террористік актілер жиірек болады. Егер индекс нөлге тең болса, елде терроризм қаупі жоқ дегенді білдіреді. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тараз қаласында есірткі жарнамалайтын граффити-суреттер өшіріліп, интернет-парақшалар бұғатталды

    ТАРАЗ, 20 желтоқсан. Жамбылдық полиция қызметкерлері облыс әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасының қызметкерлерімен және еріктілермен бірге тұрғын үйлер мен ғимараттардың қабырғаларына кодтық сөздер мен байланыс нөмірлері жазылған граффиттилерді өшірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Іс-шара нәтижесінде бір күннің ішінде қала бойынша 100-ден астам жазба жойылды. Сондай-ақ, Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері интернет желісіне күнделікті […]
    • 3 Years ago
    • 0