Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • «Құрсаудағы гүлдер» — ҚР ҰҚК террористердің ықпалына ерген қазақстандық әйелдер туралы деректі фильмді ұсынды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. ҰҚК баспасөз қызметі діни экстремизм мен терроризмге қатысты қылмыстары үшін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан сотталған әйелдер туралы «Құрсаудағы гүлдер» деректі фильмін ұсынды. Фильмның басты кейіпкерлері  ДАИШ  халықаралық лаңкестік ұйымның содырлары мен рекруттерінің ықпалына қалай түскенің баяндайды. Сонымен қатар, фильмде психологтардың, теологтар мен ұлттық қауіпсіздік қызметкерлерінің, басқа да саладағы мамандардың пікірі келтіріледі. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • «Шөп жұлып жедік»: Сириядан оралған келіншектің әңгімесі

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. 21 жасында күйеуіне еріп, Сирия асып кеткен ақтөбелік келіншек ол жақтағы ауыр күндері туралы айтып берді. Табаны туған жердің топырағына төрт жылдан кейін тиген ананың екі баласы да соғыс даласында дүниеге келген деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ . Мектепте үздік оқушылардың қатарында болған Қаракөз (ред. есімі өзгертілген) қара ниеттілердің шырмауына іліккен. Адасып, басын тауға да, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қазақстанда есірткі сататын 6 шетелдік сайт бұғатталды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 маусым. Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының қадағалау іс-шараларының барысында есірткі мен психотроптық заттарды сатумен айналысатын алты шетелдік сайт  анықталды,  деп хабарлайды  Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының баспасөз қызметі . Тыйым салынған заттарды сату схемасы ТМД елдері мен шетелдерде кеңінен таралған механизмге ұқсас болды. Ақша төленгеннен кейін, тауар бейнебақылау жүйесімен жабдықталмаған елсіз жердегі  жасырын орынға «салынады», кейін ол жер туралы сатып алушыға хабарланады. […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Діни әдебиетті заңсыз таратқандар жазаға тартылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.  Солтүстік Қазақстан облысында діни кітаптарды заңсыз таратып келгендер әшкереленіп, әкімшілік жауапқа тартылды, деп ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап kazislam жазады . СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, өңірде жыл басынан бері діни әдебиет пен діни мазмұндағы аудио-бейнежазбаларды интернет желісінде таратқан сегіз адам әкімшілік жауапқа тартылды. Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері осындай деректерді анықтау мақсатында […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда лаңкестікке қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

    НҰР-СУЛТАН, 26 маусым. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі астаналық жедел штабы 26 маусымда сағат 15.00-ден 19.00-ге дейін лаңкестікке қарсы оқу- жаттығулар өткізіп жатыр. Оқу-жаттығу орны – Тұран даңғылы, 89 мекен-жайы бойынша орналасқан «Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ  әкімшілік ғимараты, деп  B.News.kz хабарлайды. Оқу-жаттығулар күрделіліктің түрлі элементтерімен жауынгерлік жағдайларға барынша жақын. Оқу-жаттығу кезінде шектеу шаралары болады.  «Осыған байланысты біз […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қызылорда облысында сора плантациясы анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.  Елімізде кең ауқымды есірткіге қарсы «Көкнар-2019» операциясы жалғасуда, оның негізгі мақсаты- есірткі транзиті арналарын анықтау, Шу алқабында сораны жинау, қайта өңдеу және таратуды болдырмау.Бұл туралы Kazakhstan Today АА хабарлайды. Маусым айының басынан есірткінің заңсыз айналымымымен байланысты 550 құқық бұзушылық анықталды, оның ішінде 190 есірткі қылмысы (95 есірткі өткізу, 18 аса ірі мөлшерде сақтау, […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Абаев: Сириядан 524 қазақстандық оралды, оның 357-сі — балалар

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев есеп беру кездесуінде Сириядан оралған қазақстандықтардың қанша екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.  Министр Қазақстанда бейбітшілік, келісім және бірлікте 18 конфессия өкілдері өмір сүретінін айтып, министрліктің екі негізгі бағытқа ерекше мән беретінін атап өтті. «Біріншісі – мемлекеттік ұйымдастыруда зайырлы қағидаттарды нығайту, екіншісі – діни саладағы тұрақтылықты қамтамасыз […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • СҚО-да есірткі жарнамалаушылармен күресу мақсатында арнайы чат ашылды

    ПЕТРОПАВЛ, 24 маусым. Солтүстік Қазақстан облысында тәртіп сақшылары мен пәтер иелері кооперативтері төрағалары есірткі жарнамалаушылармен күресу мақсатында WhatsApp мессенджерінде ортақ чат ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы чат бір жыл бұрын Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен ашылды. Қазір ол жерде тәртіп сақшыларынан басқа 100-ден астам ПИК төрағасы, қалалық тұрғын […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Жамбылда 56 жастағы ауыл тұрғыны қарасора мен көкнәрді заңсыз өсірген

    ТАРАЗ, 23 маусым.  Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Жамбыл ауданының Бірлесу-Еңбек ауылында өсірілген 12 түп қарасораның және 1020 түп көкнар апиынының алқабын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  Тыйым салынған көшеттер «Көкнәр» жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 56 жастағы ауыл тұрғынының ауласынан табылды. «Күдікті өз кінәсін мойындады, қазіргі уақытта ҚР ҚК 300-бабының 2-бөлігі […]
    • 6 Years ago
    • 0
  • Рецептісіз сатылған психотропты дәрі-дәрмектер

    ПЕТРОПАВЛ, 22 маусым. Солтүстік Қазақстан облысында есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының қызметкерлері құрамында есірткі бар препараттардың сатылу заңдылығын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, негізінен дәріханалар, медициналық мекемелер және өндірісте қышқылды қолданатын кәсіпорындар тексерілген. «9 келіден астам әртүрлі есірткі заттары тәркіленді. Оның ішінде психотропты 20 таблетка және құрамында есірткі бар 100 ампула […]
    • 6 Years ago
    • 0