Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ғаламторда терроризмді насихаттаған Сәтбаев қаласының тұрғындары сотталды

    Қарағанды. 6 сәуір. Қарағандының Сәтбаев қаласының соты әлеуметтік желілерде терроризмді насихаттаған және терроризмге жәрдем көрсеткен 3 адамға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі. Ғаламторда терроризмді насихаттап, телефон арқылы террористік ұйымдарға мәлімет беріп отырған үш адамға қатысты Сәтбаев қалалық соты үкім шығарды. Бірінші сотталушы Дүйсенбек Тұқыбаев Сирияда «ДАИШ» террористік ұйымына қосылған А.Байдильдаевқа телефон […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургтегі терактіге қолдау жасағандардың ішінде қазақстандықтар жоқ — СІМ

    Астана. 6 сәуір. Санкт-Петербургтегі терактіге қолдау жасады деген күдікпен ұсталған Орталық Азия елдерінің 6 азаматы қатарында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ақпарат тексерілді. Ұсталғандардың қатарында қазақстандықтар жоқ», — деп атап өтті «ҚазАқпарат» тілшісіне ҚР СІМ баспасөз қызметінде. Бұның алдында хабарланғанындай, 5 сәуірде Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметі, Ішкі істер […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Санкт-Петербургтегі теракт кезінде отандасымыз Максим Арышев қаза тапты

    Астана. 4 сәуір. Санкт-Петербургтегі теракт кезінде небәрі 20 жастағы отандасымыз Максим Арышев қаза тапты. Ол – лаңкестік әрекеттің құрбаны. Көптің үрейін алған қаралы жағдай бүгін Үкімет отырысында сөз болып, сақтық шаралары талқыланды. Күллі Ресей жұртының қабырғасын қайыстырған кешегі теракт қазақ елінің де өзегін өртеді. Көрші елдегі қайғылы жағдай бізді де алаңдатып отыр. Лаң салған содырлардың […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Үкімет отырысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламасының іске асыру барысы қаралуда

    Астана. 4 сәуір. Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев төралығымен селекторлық режимде Қазақстан Үкіметінің кезекті отырысы басталды. Күн тәртібінде – Қазақстан Республикасында Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы және діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру. Қазақстан Республикасы Үкіметінің селекторлық отырысының онлайн-таратылымын primeminister.kz сайтынан және facebook-тен көріңіздер. Отырыс қорытындысы бойынша ҚР Мәдениет және […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Елбасы Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

    Астана. 4 сәуір. Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлайды. Қазақстан Президенті Санкт-Петербург қаласы метросындағы жарылыс салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. «Бұл оқиға қабырғамызды қайыстырды, Ресей Федерациясы халқының ауыр қайғысына шын ниетімізбен ортақтастығымызды білдіреміз», – делінген жеделхатта. Мемлекет басшысы қаза болғандардың туыстары […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • ҚР СІМ: Санкт-Петербургтегі терактіге қазақстандықтың қатысы болуы мүмкін деуге ерте

    Астана. 4 сәуір. Санкт-Петербургктегі терактіге 22 жастағы Максим Арышевтің, Қазақстан азаматы, қатысы бар деуге ерте, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов өзінің Facebook парақшасында. Осылайша, Әнуар Жайнақов, 3 сәуірде Санкт-Петеребургте болған терактіге Қазақстан азаматының қатысы бар деген бір қатар БАҚ агеттіктерінде пайда болған ақпаратқа пікірін білдірді. Кейбір ақпаратқа сәйкес, Максим Арышев, жарылыс кезінде оқиға […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Елбасы Кәрім Мәсімовпен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің қауіпсіздігін талқылады

    Астана. 1 сәуір. Кездесуде К.Мәсімов Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шараларды атқарып жатқанын баяндады. Бұл туралы Ақорда Баспасөз қызметі хабарлайды Қазақстан Президенті алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» көрмесімен қатар әлемдік деңгейдегі басқа да ауқымды шаралар өтетінін еске салды. – Биыл бірқатар халықаралық […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Астанада «Таблиғи Джамаат» жақтаушысы 9 айға сотталды

    Астана.  31 наурыз. Қазақстан аумағында тыйым салынған «Таблиғи Джамаат» ұйымының жақтаушысы 9 айға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Астана қаласы прокуратурасының баспасөз-қызметі хабарлайды. «Астана қаласы Сарыарқа ауданының №2 аудандық сотында ҚР ҚК 405 бабының 2-бөлігімен айыпталған Т. қатысты қылмыстық ісі қаралды»- деп айтылған кең таларған хаттамада. Прокуратураның айтуы бойынша, 2013 жылдан 2015 жылға дейін сотталушы […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Шет елде діни білім алушыларға шарт қойылуы мүмкін

    Астана. 30 наурыз. Қазақстан мұсулмандарының діни басқармасы шет елде діни білім алғысы келетін Қазақстан азаматтарына шарт қоюды ұсынды. Бұл әуелде, шет елде діни білім алу, радикалды ағым қауіпінің ушуғуына байланысты болып отыр. «Шет елде діни білім алу, көптеген мамандардың ойынша, біздің қоғамызда радикалды ағым тарауының қауіпін тудыру мүмкін. Сонымен қоса, шет елде діни білім алғандар, басқа […]
    • 7 Years ago
    • 0
  • Әскерге шақырылған азаматтардың теріс діни ағымдарға қатысы бар-жоғы тексерілуде

    Астана. 30 наурыз. Қазақстанның Қарулы күштер қатарына алмас бұрын әскерге шақырылған азаматтардың дәстүрлі емес діни ағымдарға қатысы бары тексеріледі. Бұл туралы Sputnik ҚР ҚК Бас штабының ұйымдастыру-мобилизациялау жұмыстары департаментінің басшысы, генерал-майор Мүслім Дайыров мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлауда. «Әскерге шақыру басталмас бұрын, ішкі істер министрлігі және ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдерімен тығыз байланыста бастапқы зерттеулер жүргізіп жатырмыз. Дәстүрлі емес […]
    • 7 Years ago
    • 0