Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Алматыда телемұнара маңынан аңшылық қару табылды

    АЛМАТЫ, 08 ақпан. “Көк-төбе” телемұнарасы маңынан аңшылық қару табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы барысында “Көк-төбе” телемұнарасынан төменірек бұталардың арасынан арнайы үйретілген ит екі тегіс ұңғылы мылтықты тапты. – Төңіректі кинолог- инспектор қызметтік-іздестіру итімен тексерді. Олар бұталардан екі мылтық тапты. Табылған затты тергеу-жедел тобы тәркілеп, қарудың шығу тегі мен иесін анықтау […]
    • 2 Years ago
    • 0
  •  Ауғанстанның шығысында ИМ-мен байланысы бар 50 содыр билікке берілді 

    НҰР-СҰЛТАН, 08 ақпан. Ауғанстанның шығысындағы Нангархар провинциясында «Ислам мемлекеті» (ИМ)* лаңкестік тобына қатысы бар 50 содыр билікке берілді, деп жексенбі күні журналистерге аймақтық барлау департаментінің басшысы Мохаммад Башир мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Оның айтуынша, ИМ-нің 50 мүшесі қарулы күресті тоқтатып, Нангархардың барлау органдарына берілді. М.Баширдің […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Иракта КЖП  террористерінің болуы заңсыз деп жарияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. КЖП лаңкестік ұйымының Иракта болуы  заңды емес, деп  Anadolu агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Бұл туралы Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Касем әл-Араджи елдің мемлекеттік телеарнасының эфирінде мәлімдеді. Әл-Араджи ел билігі топтың өз аумағында болуын тоқтатуға ниетті екенін баса айтты. «Ирак үкіметі бұл мәселені шешуге бел буып отыр.
    • 2 Years ago
    • 0
  • Красноярск қаласында барлық мектептер мен сауда орталықтары миналау туралы хабарламадан кейін тексерілді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Красноярск қаласындағы барлық мектептер мен сауда орталықтарының миналануы туралы хабарлама жедел қызметтерге келіп  түсті, деп аймақтың күш құрылымдарындағы дереккөз хабарлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» «Барлық мектептер мен сауда орталықтарын [миналау туралы хабарлама]. Электрондық поштаға [келді]», — деді агенттік дереккөзі. Куәгерлердің айтуынша, сауда орталықтарынан адамдар эвакуацияланған, мектептерде бірінші […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сирияда арнайы операция аймақтарында 8 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» мен «Евфрат қалқаны»  операциясы аймақтарында шабуылға дайындалып жатқан террористік ұйым  PKK/YPG мүшесі 8 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінен жасалған мәлімдемеде: «Террористтер қайда болса, нысамыз да сол жер болады. Батыср әскерлеріміз ​​​​Сириядағы «Бейбітшілік бұлағы» мен «Евфрат қалқаны»  операциясы аймақтарында шабуылға дайындалып жатқан террористік ұйым  PKK/YPG мүшесі 8 террористі табысты бір операция […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожин қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 ақпан. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді, – деп ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады, деп Интерфакс-Қазақстан жазады. Бұл туралы Аikyn.kz редакциясына сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  «К.Мәсімов, А.Садықұлов және Д.Ерғожинге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.  Қылмыстық іске «өте құпия» белгісі берілді», – делінген хабарламада. Қылмыстық-процессуалдық […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматыда заңсыз сақталған қаруды тәркілеу бойынша «Қару» іс-шарасы  басталды

    АЛМАТЫ, 07 ақпан. Алматыда заңсыз сақталған қаруды іздестіру және тәркілеу іс-шарасы жүріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz. 7 ақпаннан бастап ерекше өкімге дейін Алматыда “Қару” іс-шара өтуде. – Іс-шараның мақсаты – жедел жағдайды жақсарту, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді қолдану арқылы жасалған қылмыстардың алдын алу және ашу. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай іс-шаралар мегаполисте қылмыстық жағдайды жақсартуға оң әсер […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да Ресейден синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолы кесілді

    ӨСКЕМЕН, 07 ақпан. Жақын шетелден тасымалданған ірі есірткі арнасының жолы кесілді, – деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Шығыс Қазақстан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел әзірлемес барысында Семей және Өскемен қалаларына синтетикалық есірткінің ірі партияларын жеткізіп отырған адамдарды ұстады. Осы жылдың қаңтар айында полицейлердің назарына облыстың екі […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Алматы, Жамбыл және Алматы облыстарында террористік қауіптіліктің «қызғылт сары» деңгейі алып тасталады

    АЛМАТЫ, 06 ақпан. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі республикалық жедел штаб Алматы қаласы, Алматы және Жамбыл облыстарындағы жағдайдың тұрақтанғаны туралы хабарлайды, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады.  Терроризмге қарсы күрес жөніндегі өңірлік жедел штабтар басшылары қабылдаған шешімдерге сәйкес ү.ж. 7 ақпанда сағат 00.00-ден бастап Алматы қаласының, Жамбыл және Алматы облыстарының аумағында террористік қауіптіліктің жоғары «қызғылт сары» […]
    • 2 Years ago
    • 0
  • Сомалидің оңтүстігінде мина жарылысынан он адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 ақпан.Сомалидің оңтүстігінде мина жарылысынан 10 кісі қаза тапты, 3 кісі жараланды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Сомалиде жолға орналастырылған бомбаның бір жолаушы автобусы өткен жарылуы салдарынан 10 кісі қаза тапты. Сомали Ұлттық телеарнасының хабарына қарағанда Джубаланд уәлаятындағы Кисмайо қаласы сыртында автобустың өтуі кезінде бомба жарылғаны білдірілді. Жарылыста 10 кісі […]
    • 2 Years ago
    • 0