Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Eкі күннен бері Ақтөбе мектептерін белгісіз біреу «бомбалап» жатыр

    АҚТӨБЕ, 02 қыркүйек. Ақтөбе қаласында бес мектептің электронды поштасына ғимартта бомба қойылғаны туралы хабарлама келді. Жағдайға байланысты жергілікті полиция жедел іс-шаралар өткізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ақтөбе облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 қыркүйек сағат 07:20 шамасында Ақтөбе қаласындағы №1, 2, 21, 22 және 56 орта мектептің электронды поштасына олардың ғимаратында бомба қойылғаны туралы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харамның» шабуылы 16 адамның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қырқүйек. Нигерияда террор ұйымы Боко Харам тарапынан ұйымдастырылған шабуылда 16 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Жергілікті газеттердің хабарларына қарағанда террор ұйымы мүшелері Боно уәлаяттың Ранны ауылына шабуыл жасады. Шабуылда  16 адам қаза тапты және көптеген адам жарақат алды. Террор ұйымы Боко Хамар 2009 жылдан бері лаңкестік жабуыл жасауда. Шабуылдарда осы таңға дейін 20 мыңнан астам адам көз жұмды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • «Хизб-ут — Тахрир» ұйымының Қазақстанда пайда болу тарихы

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қыркүйек. Қазақстанда экстремистік ұйым ретінде тыйым салынған Хизб-ут-Тахрир «Әл-ислами» партиясының алғашқы эмиссарлары еліміздің  оңтүстік өңірінде 1998 жылы пайда болды. Бастапқы кезеңде партия мүшелері жасырын жерде жиналып, өз қатарына жаңа мүшелерді тартты. Кейін эмиссарларының тапсырмасымен аймақтарда осындай құрылымдарды құра бастады. «Хизб-ут-Тахир» партиясының утопиялық саяси мақсаты – мұсылмандар арасында алауыздық тудыру, мемлекеттік билік жүйесін құлату, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақтөбеде белгісіз біреу бірнеше мектепке бомба қойды

    АҚТӨБЕ, 01 қырқүйек. Ақтөбеде мектепке бомба қойылды деген жалған ақпарат таратқан күдікті іздеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz. 1 қыркүйек күні сағат 08.30 шамасында №2 ОМ электронды мекенжайына Ақтөбе қаласының 6 мектебіне (№1, 2, 21, 22, 51, 56 орта мектептер) бомба қойылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Барлық шұғыл қызметтер мен саперлер тобы дереу оқиға орнына шықты, оқушыларды, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда КЖП-ның 4 террористті залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз. Сирияда «Бейбітшілік Бұлағы » аймағына шабуыл жасауға тырысқан КЖП-ның (PKK) 4 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды. Ұлттық Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде Түрік Қарулы Күштерінің Сирияның солтүстігіндегі террористтерге қатты соққы бергені білдірілді. Мәлімдемеде кеше аймақта КЖП (PKK/YPG)  террористті залалсыздандырған түрік әскерлерінің бүгін де «Бейбітшілік Бұлағы» аймағына КЖП (PKK)  4 террористті залалсыздандырылғаны баяндалды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Алматы тұрғыны жертөлесінде есірткі өсірген

    АЛМАТЫ, 31 тамыз. Алматылық тұрғын көпқабатты үйдің жертөлесінде марихуана өсірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 45 жастағы ер адам Достық көшесінде орналасқан тұрғын үйдің жертөлесінде марихуана өсірген. «Т. есімді ер адам марихуана өсіп тұрған ыдысты фольга мен ультракүлгін сәулесі мен жабдықталған бұрышқа қойған. Күдіктінің айтуынша, ол осы уақытқа дейін […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Барлық мемлекет Ауғанстаннан азаматтарын эвакуациялау операциясын аяқтады

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Шетел әскерлерінің Ауғанстаннан шығуына 3 күн  қалғанда барлық мемлекет Кабул әуежайындағы тұрғындарды эвакуациялау операциясын аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz «Интерфакс Қазақстан» агенттігіне сілтеме жасап. Associated Press агентігінің мәліметінше, НАТО әскерлері де бұл елден кетіп жатыр. Сенбі күні кешке Кабул әуежайы ауғандар үшін жабылған. Күндіз «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған террористік ұйым) әуежайда тұрғындар кірмес […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда түбегейлі өзгерістер болып жатқан тұста ҰҚШҰ Орталық Азияда жаттығу өткізбек

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. Ресейдің ықпалы басым Ұжымдық қауіпсіздік шарт туралы ұйым (ҰҚШҰ) қыркүйек пен қазан айында Қырғызстан мен Тәжікстанда әскери жаттығу өткізбек. ҰҚШҰ жаттығуы тамыздың ортасында «Талибан» радикал қозғалысы Ауғанстанда билікті тайдырғаннан кейін түбегейлі өзгерістер болып жатқан тұста өтпекші, деп Орталық Азия жаңалықтар қызметі хабарлайды.  Қыркүйектің 7-і мен 9-ы аралығында Қырғызстанда өтетін «Рубеж» әскери жаттығуына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулге ұшқышсыз ұшатын зымыран құлап, 9 адам мерт болды

    НҰР-СҰЛТАН, 30 тамыз. АҚШ-тың әскери басшылығы нәтижесінде тоғыз адам көз жұмған Кабулдағы пилотсыз ұшақтың соққысына қатысты түсініктеме берді. Әскерилердің айтуынша, операция тағы бір жарылыс дайындап жатқан террористерді жоюға бағытталған болатын, деп Sputnik  Қазақстан хабарлайды.  АҚШ әскерилері 29 тамызда жарылғыш заттар әкетіп бара жатқан террористер мінген автокөлікке әуеден соққы жасағанын мәлімдеді, деп жазды РИА Новости. Топ басқару қызметіне […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабул әуежайының маңында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз. Ауғанстан астанасындағы Кабул әуежайының маңында жарылыс болды. Бұл туралы ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, әлеуметтік желіде жаралыстан туындаған қара түтіннің көкке қалай көтерілгенін көрсететін бейнелер тараған. Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері БАҚ өкілдеріне қалада жарылыс болғанын растады. Зардап шеккендер мен оқиғаның себептері туралы әлі нақты ақпарат жоқ. ВВС агенттігі Денсаулық сақтау […]
    • 3 Years ago
    • 0