Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Атырауда әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы материалдар таратқан 4 адамның ісі әкімшілік сотқа жолданды

    АТЫРАУ, 25 тамыз. Атыраудың 4 тұрғыны әлеуметтік желіде экстремистік сипаттағы материалдар таратқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Облыстық полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мониторинг жасау кезінде 4 адамның әлеуметтік желіге экстремистік сипаттағы аудио және видеофайлдарды жүктегенін анықтаған. «Оның екеуі – 29 жастағы әйел мен 38 жастағы ер адам «ВКонтакте» әлеуметтік желісінде діни […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ҚР ІІМ: Оңай ақша табу үшін жасөспірімдер есірткі сатады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз. Бүгінде қылмыскерлер есірткі сату мен тарату үшін интернетті жиі пайдаланатын болған. Тіпті жоғары жалақы мен жұмыс ұсынып, заңсыз бизнеске ергендердің қатарын көбейтуде. Елімізде есірткімен күрес қалай жүргізілуде? Қазақстанның қай қаласы есірткі қылмысы бойынша көш басында? Бұл туралы  ҚР ІІМ есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бахытжан Әмірхановтың Stan.kz ақпарат агенттігіне берген сұхбатында айтып берді.  – Биылғы статистикаға […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесілді

    АТЫРАУ, 25 тамыз. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР ІІМ арнайы мақсаттағы күштерін тарта отырып, Атырау облысы прокуратурасының келісімі бойынша Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының аумағында құрамында есірткі бар өсімдіктер өсіруді ұйымдастырған қылмыстық топтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, деп ҚР ҰҚК  баспасөз қызметі хабарлайды. Арнайы операция нәтижесінде 2021 жылғы 18 тамызда үш плантацияда 31 адам […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Иракта ДАИШ-тік 3 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН,24 тамыз. Ирактың Салахаддин уәлаятында террор ұйымы ДАИШ-ке қарсы операция ұйымдастырылды. Операцияда 3 террорист залалсыздандырылды, деп TRT хабарлайды.  Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде қауіпсіздік күштерінің Салахаддиннің солтүстігінде ДАИШ мүшелеріне қарсы операция жасалғаны білдірілді. Мәлімдемеде операция барысында шыққан қақтығыста ДАИШ-тік 3 террористтің залалсыздандырылғаны, 2 Ирак әскерінің жарақат алғаны баяндалды.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мұрат Абдушкуров: Тәлібтер босқын болып келе алады

    НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы Мұрат Абдушкуров Тәліптер босқындар атын жамылған эмиссарларын жібере алады деп мәлімдеді, деп Тәліптер босқындар атын жамылған эмиссарларын жібере алады  astanatv.kz хабарлайды.  Тәліптер босқындардың атын жамылып, өздерінің құпия адамдарын жібере алады. Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестігі кеңесінің төрағасы, осылай деді. Ол еліміздің арнайы қызметтері […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ШҚО-да есірткі қойып кетумен айналысқан апалы-сіңлілерден 700 грамнан астам «синтетика» тәркіленді

    ӨСКЕМЕН, 24 тамыз. ШҚО-да балалары бар петропавлдық әйелдер есірткі қойып кетумен айналысқан, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысының полицейлері есірткі заттарының заңсыз айналымының жолын кесу бойынша кезекті арнайы операция жүргізді. Бұл жолы Петропавл қаласынан келіп, жалдамалы пәтерлерде Telegram мессенджері арқылы “скорость” және “меф” деп аталатын психотроптық заттарды сатумен айналысқан 18 және 25 жастағы бір топ […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанды басқару үшін«Талибан»  12 адамнан тұратын кеңес құрады 

    НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз. «Талибан» радикалдық қозғалысының басшысылығы Ауғанстанды басқару үшін кеңес құруға ниетті, оған 12 адам кіреді, соның ішінде елдің бұрынғы үкіметінің бірнеше мүшесі де кіреді. Бұл туралы дүйсенбі күні қозғалыс көшбасшыларына жақын дереккөздерге сілтеме жасап Foreign Policy журналы жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап. Мәліметтерге сәйкес, кеңесте ең беделді үш адам – «Талибан» саяси қанатының көшбасшысы Абдул […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында 50-ге жуық есірткі жазбалары өшірілді

    ТҮРКІСТАН, 23 тамыз. Түркістан облысының полицейлерімен екі  күнде 50-ге жуық есірткі жазбалары өшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.   Түркістан облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің бастамасымен Түркістан ҚПБ учаскелік полиция инспекторлары, Жастар орталығы жанындағы еріктілерді қатыстыра отырып, тұрғындардың саулығы үшін аса маңызды шараны ұйымдастырды. Ұйымдастырылған шара барысында Түркістан қаласындағы орталық көшелер мен ғимараттардың қабырғалары, […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сирияда террорлық шабуылда 3 бейбіт тұрғын жарақат алды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Сирияның Азез ауданында бомбалы көлікпен ұйымдастырылған террорлық шабуылда 3 бейбіт тұрғын жараланды, деп TRT хабарлайды.  Азез аудан орталығындағы бір көшеде бомба тиелген көлік жарылды. Жарылыста жараланған үш кісі ауруханаға жеткізілді. Жаралыс себепті төңіректегі көліктер мен жұмыс орындары зақымдалды. Оқиға болған жерде зерттеу жүргізген жергілікті қауіпсіздік күштері шабуылдың КЖП (PKK/YPG)  тарапынан ұйымдастырылғанын мөлшерлеуде.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияда 23 адам қарулы шабуылдардың құрбаны болды

    НҰР-СҰЛТАН, 23 тамыз. Нигерияның Катсина және Кадуна уәлаяттарында куәлігі белгісіз қарулы адамдар тарапынан ұйымдастырылған шабуылда  23 адам қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Катсина қауіпсіздік басқармасы төрағасы Гамбо Иса жасаған мәлімдемесінде мотоциклды қарулы шабуылдаушылардың уәлаяттың Басари аймағындағы Дуба ауылына шабуыл жасағанын білдірді. Иса шабуылда 14 адамның мерт болғанын, 6 адамның жарақат алғанын баяндады. Кадуна уәлаяты қауіпсіздік және ішкі істерге жауапты […]
    • 3 Years ago
    • 0