АЛМАТЫ, 03 маусым. ҚР ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаменті Алматы қ. прокуратурасының үйлестіруімен ҚР аумағында Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткілердің ірі партияларын өткізуге қатысы бар трансұлттық есірткі құрылымының әрекетін ашып, жолын кесті, деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды. 2021 жылғы 24 мамырда жедел-іздестіру іс-шаралары мен жасырын тергеу іс-қимылдары кешенін іске асыру процесінде қылмыстық иерархияда халықаралық есірткі тобын ұйымдастырушылардың […]