Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстан үкімет күштері 51 «Талибан» содырын залалсыздандырды

    НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір.Ауғанстан үкіметі армиясының операциялары кезінде жұма күні «Талибан» қозғалысының* 51 содыры өлтірілді. Бұл туралы елдің Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Министрліктің мәлімдемесінде жұма күні үкіметтік күштердің Газни мен Нимроз провинцияларында тәліптерге қарсы операциялары басталғаны, нәтижесінде 51 содыр өлтірілгені, олардың қару-жарақтары мен оқ-дәрілері жойылғандығы, Нимроз провинциясындағы «түрменің» жойылғандығы,  оның ішінен […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанның 44 жастағы азаматы «Талибанмен» байланыс орнатқаны үшін» 15 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Тәжікстандағы Дарваз ауданының тұрғыны тәліптермен байланыс орнатқаны үшін 15 жылға сотталды, деп centralasian.org хабарлайды.  Таулы Бадахшан автономиялы облысының соты Сухробжон Вазировтың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша үкімді 19 наурызда шығарған. Сот үкімінің көшірмесі Озоди радиосының редакциясына 13 сәуірде түсті. Құжатқа сәйкес, Дарваз ауданының 44 жастағы тұрғыны Сухробжон Вазиров екі жыл бойы «Талибан» қозғалысының Ауғанстандау […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • ДАИШ Ирактың солтүстігіндегі мұнай ұңғымасына шабуылдады

    НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір.Киркук полиция дирекциясы мәлімдемешісі Амир Нури ондаған мұнай ұңғымасы орналасқан қаланың солтүстік батысындағы Бай Хасан аймағында 105 нөмірлі ұңғыманың нысанаға алынғанын атап көрсетті, деп TRT хабарлайды.  Нури оқиғадан кейін шыққан өрттің сөндірілгенін мәлімдеді. Шабуылдың ДАИШ террор ұйымы мүшелері тарапынан жасалғанын жеткізген Нури шыққан өрт қысқа уақытта сөндірілгені себепті мұнай ұңғымаларына зиян келмегенін айтты. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігіндегі бомбаның жарылуы салдарынан 4 адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір.Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандахар уәлаятында жолға орналастырылған бомбаның жарылуы салдарынан 4 адам қаза тапты, деп TRT  хабарлайды.  Кандахар Полиция дирекциясы мәлімдемешісі Джемал Насыр Барикзей Кандахардың Шахвели Кот ауданында жолға орналастырылған бомбаның жарылғанын білдірді. Шабуылда араларында балалар да бар 4 жазықсыз адамның қаза тапқанын атап көрсеткен Барикзей оқиғаға Талибанның жауапты екенін мәлімдеді. Шабуылды қазірше ешкім […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Қарағанды полицейлері ағымдағы  жылдың үш айында 240 келіден астам  есірткі заттарын тәркіледі

    ҚАРАҒАНДЫ, 16 сәуір. Қарағандының полиция қызметкерлері 2021 жылдың бірінші тоқсанындағы есірткі қылмысына қарсы күрес бойынша жұмыс қорытындысын шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Есірткі қылмысына қарсы тұру, есірткі заттарды өндірумен, тасымалдаумен, сатумен, сондай-ақ синтетикалық есірткінің жаңа түрлерін таратумен айналысатын адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерін әшкерелеу және жолын кесу мақсатында Қарағанды облысының Полиция департаменті тұрақты негізде әр түрлі жедел-іздестіру шараларын […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тәжікстанда «Мұсылман ағайындар» террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір.Тәжікстанның Жоғарғы соты 9 сәуірде «Мұсылман ағайындар» («Ихвон-ул-муслимин») террористік ұйымына қатысы бар деп айыпталған 119 адамға үкім шығарды, деп centralasian.org хабарлайды.  117 адам 5 жылдан 23 жылға дейін бас бостандығынан айырылса, екеуіне айыппұл салынған. Тәжік ұлттық университетінде оқытушы болған Египет азаматы Мұхаммад Баюми 23 жылға сотталған. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол ұйымды басқарған. Университеттің тағы […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Сомалидегі жарылыста 15 кісі қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 сәуір.Сомалиде бір шағын микроавтобусқа ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 15 кісі қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Үкімет мәлімдемешісі Мохамед Моалму Орта Шабелле аумағында жолға қойылған бір бомбаның азаматтар отырған микроавтобуст өткен кезде жарылуы салдарынан 15 кісінің қаза тапқанын хабарлады. Астана Могадишодан жолға шыққан микроавтобус Джохар қаласына бара жатқан. Бомбалы шабуылды ешкім мойнына алған жоқ.
    • 3 Years ago
    • 0
  • Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

    КӨКШЕТАУ, 16 сәуір. Ақмола облысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топ ұсталып, олардан 16 келіден астам есірткі заты (гашиш) тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. «Ақмола облыстық ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру іс-шарасы барысында есірткі саудасымен айналысқан қылмыстық топтың жолы кесіліп, 16 келіден астам есірткі заты (гашиш) және […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Тараз тұрғынынан героин есірткі заты тәркіленді

    ТАРАЗ, 15 сәуір. Тараз тұрғынынан героин есірткі заты тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ағымдағы жылдың 10 сәуірінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері есірткі затын тасымалдаған ер адамды ұстады. “Ақшолақ” ауылының маңындағы автожолда жолаушысы бар 48 жастағы Тараз қаласы тұрғынының басқаруындағы “Мерседес-Бенц” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Көлікті тінту барысында […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркия шекарасынан заңсыз өтпек болған лаңкестік ұйымдар мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір.Түркиядан Грекияға, Ираннан Түркияға заңсыз жолдармен өтуге тырысқан 23 адам ұсталды, деп Ұлттық Қорғаныс министрлігінің Twitter-дегі мәлімдемесіне сілтеме  жасап TRT хабарлайды. Министрліктің мәлімдемесінде «Шекарамыздан заңсыз жолдармен өткендерге қарсы күресіміз жалғасуда. Елімізден Грекияға және Ираннан мемлекетімізге заңсыз жолдармен өтуге тырысқан 23 адам ұсталды. Ұсталғандардың біреуінің ДАИШ, алтауының да FETÖ террор ұйымы мүшесі екені анықталды» деген сөздер қолданылды.
    • 3 Years ago
    • 0