Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда «Талибан» қозғалысы жариялаған атысты тоқтату мерзімі аяқталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр.Ауғанстанда Ораза айтқа орай жарияланған атысты тоқтату мерзімі аяқталды, деп TRT  хабарлайды. Талибан өткен апта ел көлемінде үш күндік мерзіммен атысты тоқтатқандарын жариялаған еді. Талибанның үш күндік атысты тоқтату үндеуіне орай Ауғанстан Ислам Республикасының Президенті Ашраф Ғани де қауіпсіздік күштеріне атысты тоқтату үндеуіне бойсұнуы туралы бұйрық берген еді. Өкінішке орай астананың солтүстігіндегі бір мешітте жұма […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҚХР СІМ: БҰҰ АҚШ әскерлері кеткеннен кейін Ауғанстанда бейбітшілікті қамтамасыз ете алады

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр.Қытай Сыртқы істер министрі Ван И Біріккен Ұлттар Ұйымы Американың әскери күштері Ауғаныстаннан асығыс шығарылғаннан кейін сол жерде бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз ете алады деп санайды. Бұл туралы Қытай сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды . «АҚШ әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуының асығыстығы елдегі бейбіт жолмен реттеу процесіне қатты соққы етті. Біз БҰҰ бұл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сарапшы мектептерде жаппай кісі өлтірудің алдын-алу жолдарын айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр.Оқу орнында қырғын жасауға дайындалып жатқан азаматты қайғылы жағдай орын алардан бұрын да анықтауға болады. Бұл туралы «Қауіпсіздік мектебі» қауымдастығының президенті Сергей Саминский Мәскеудегі «Ұлттық жаңалықтар қызметі» агенттігінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды REGNUM АА. Сарапшының айтуынша, мұндай қылмыстар бірдей сценарий бойынша дамиды және кісі өлтірушілер де бірдей әрекет етеді. «Бұл жаратылыс […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Татарстанда банк ғимаратын жарып жіберемін деп сес көрсеткен ер адам ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр.Набережные Челны қаласының тұрғыны телефон арқылы жергілікті банк ғимаратын жарып жіберемін деп сес көрсетті. Ғимараттан қауіпті заттар табылған жоқ, ер адам ұсталды, деп ТАСС- қа құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі хабарлады. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша,жұма күні ер адам Бутлеров көшесіндегі банк бөлімшесінің қызметкерлерін атып, ғимаратты жарып жіберемін деп қорқытқан. Төтенше жағдайлар қызметі оқиға орнына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кабулда мешіт жанында бомба жарылды, қаза тапқандар бар

    НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. Ауғанстан астанасындағы мешіт жанында бомба жарылып, 10-нан астам адам қаза тапты, деп TOLOnews -ке сілтеме жасап  ӨзА хабарлайды.  Қанды шабуылға байланысты жауапкершілікті әлі ешкім мойнына алмаған. TOLOnews мәліметінше, оқиға Кабул қаласының солтүстігінде орналасқан Шакар-Дара ауданындағы мешітте болған. Бомба сол мешіттегі жұма намазы кезінде жарылып, нәтижеде мешіт имамы мен 11 азамат қаза тапты. Одан бөлек 15 кісі түрлі жарақат алған. Әзірше қанды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптары бекітілді 

    НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр. 2021 жылдың 6 мамырында № 305 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру талаптарын бекіту туралы» Ұлттық қауіпсіздік комитетімен әзірленген Үкімет қаулысы қабылданды (әрі қарай — Талаптар), деп ҚР ҰҚК баспасөз қызметі хабарлайды.  Қабылданған қаулымен террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға бағытталған шараларға қойылатын талаптар реттеледі. Объектілердің салалық ерекшеліктеріне байланысты мемлекеттік органдар Ведомствоға бағынысты […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҚО-да  есірткі өндіргені үшін Украинаның екі азаматы ұзақ мерзімге сотталды

    ОРАЛ, 13 мамыр. Батыс Қазақстан облысында Қазақстан аумағында синтетикалық есірткінің ең ірі көлемі (30 келіден астам) тәркіленген іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Украина азаматтары Игорь Дунаевский мен Виталий Малюкқа қатысты сот үкімі жарияланды. Сот төрағасының міндет атқарушы Бақыт Ермаханов мәлім еткеніндей, ҚР ҚК 297-бабы 4-бөлігі (есірткі, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Қазандық атқыш» екі айға қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  Қазанның Совет аудандық соты №175 мектеп гимназиясында оқ атқан Ильназ Галявиевті екі айға қамау туралы шешім шығарды. Оған «адам өлтіру» бабы бойынша айып тағылды, деп centralasian.org хабарлайды.  Тергеуші мәліметінше, Ильназ Галявиев 11 мамырда гимназияда 17 рет оқ атқан. 9 адам қаза болып, 21-і зардап шеккен. Бұдан бөлек мектептің бірінші қабатына жарылғыш зат қойған. Бірақ […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері Алматыда үш есірткі зертханасы анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр.  Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматыда үш есірткі зертханасы анықталғанын айтты,  деп zakon.kz жазады.  Әкім бизнесмендерге жүгініп, билбордтарға орналастыру үшін қабылданатын тапсырыстарға назар аударуды сұрады. Қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды мәселелерінің бірі — есірткінің таралуына қарсы күрес. Жыл басынан бері үш есірткі зертханасы анықталды, қылмыстық топтардың 13 мүшесі қамауға алынды, 15 кг түрлі есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Қарағандыда ірі көлемде есірткі сатпақ болған ер адам қолға түсті

    ҚАРАҒАНДЫ, 13 мамыр. Қарағандыда есірткі сатушы 10 жылға сотталуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz. 11 мамырда Қарағанды қаласында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде, облыстық  ПД есірткі қылмыстарымен күрес басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі сатпақ болған адамды ұстады. Республиканың оңтүстік облыстарының бірінің  36 жастағы тұрғыны ұсталды. – Тінту кезінде жол сөмкесінен есірткі заты табылды. Сарапшылар қорытындысы бойынша сөмкеде […]
    • 4 Years ago
    • 0