Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • СҚО тұрғынынан аса ірі мөлшерде марихуана тәркіленді

    ПЕТРОПАВЛ, 27 наурыз. Солтүстік Қазақстан облысында Мамлют ауданының тұрғынан 3,5 кг марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде «Транзит» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Операция аясында тәртіп сақшылары Мамлют ауданындағы ауылдардың бірінің 35 жастағы тұрғынынан өсімдік тектес зат салынған 7 пакет тапқан. Сараптама оның жалпы салмағы 3,5 кг астам кептірілген марихуана екенін көрсетті. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда есірткі сайттарын жарнамалаумен айналысқан ер азамат ұсталды

    АЛМАТЫ, 26 наурыз. Алматыда есірткі сайттарын насихаттаумен айналысқан жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Әуезов аудандық ПБ қызметкерлері мен “Қазақстан еріктілері лигасы” ҚҚ еріктілері қаланың көпқабатты үйлер орналасқан ауданында жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді. – Біріншіден, бұл рейдтер синтетикалық есірткінің таралу арналары туралы ақпаратты қамтитын граффити-жазуларды анықтауға және жоюға бағытталған. Біз алдын ала азаматтардың хабарламаларына арнайы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркия Қорғаныс министрі: 1 наурыздан бастап  220-ден астам террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар 1 наурызға дейін көбі Сирияның шығысында 200-ден астам террористің залалсыздандырылғанын айтты, деп TRT жазады.  Журналистердің сұрақтарына жауап берген Акар Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгумен телефонда Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды кеңескенін жариялады. «Сириядағы атысты тоқтатуға жасалған қайшылықтарды өзара кеңестік, өзара шаралар жасау жөнінде келістік және жұмыстарымызды осылай жалғастырамыз,» […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жарылыс қаупі туралы хабарламадан кейін Нидерланд парламентінің ғимараты эвакуацияланды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Гаагадағы Нидерланд парламент ғимаратын эвакуациялауға алып келген бомба қаупі жалған болып шықты. Бұл туралы Нидерланд полициясының хабарламасына сілтеме жасай отырып Anadolu агенттігі хабарлады . Бұған дейін Гаага полициясы Твиттерде жарылыс қаупіне байланысты парламент ғимараты мен оның маңын тексеріп жатқанын мәлімдеген. Кейін тәртіп сақшылары тергеу нәтижесінде ешқандай жарылғыш зат табылмағанын хабарлады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда есірткі сатушылардан  құны 24 миллион теңге болатын героин тәркіленді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Ақмолалық полицейлер есірткі сатқан және тасымалдаған екі адамды ұстады, деп хабарлайды 24.kz.  Олар – 37 жастағы облыс тұрғыны мен 58 жастағы астаналық әйел. Күдіктілерден 24 млн теңгенің 1,5 келіге жуық героины тәркіленген. Ұстау операциясы елордада жүргізіліпті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша олар 5 мың бөлшекке бөлінген есірткіні Ақмола облысында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Коста-Рика кеденшілері 3 жарым мың тоннадай кокаин тәркіледі

    НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз.  Бұл жолы сақшылар банан салынған жүк контейнерінен 3 жарым мың тоннадай есірткі тапты, деп 24.kz жазады.  Заңсыз жүк Голландияның Роттердам қаласына қарай жеткізілмек болған. Полиция оның құны қара нарықта жүздеген миллион доллар тұрады деп отыр. Айта кетейік, Коста-Рика полициясы биыл жыл басынан бері осымен алтыншы рет ірі көлемде кокаин есіртікісін ұстап отыр. Ақпан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Францияда Күрдістан жұмысшы партиясына мүше 10 адам тергеуге алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Француз полициясы жасаған операциямен бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 10 адам тергеуге алынды, деп TRT агенттігі жазады.  Француз баспасөзінің заң органдарына сүйенген хабарында Париж террормен күрес сот төрешісінің талабымен КЖП-на (PKK)  бағытталған бір операция жасалғаны атап көрсетілді. Француз полициясының «Террор ұйымы құру және қаржыландыру» айыбымен 1 әйел, барлығы 10 адамның тергеуге алынғаны […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СІМ: Түркия террористік ұйымдармен күресуін жалғастырады

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Чавушоғлу НАТО базасында ұйымдастырылған Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады, деп TRT агенттігі хабарлайды. Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу НАТО Сыртқы істер министрлері жиналысында Түркияның барлық террористік ұйымдармен күресі жалғасатынын білдірді. Чавушоғлу Бельгияның астанасы Брюссельдегі НАТО базасында ұйымдастырылған Сыртқы істер министрлері жиналысында баяндама жасады. Бірінші отырыстағы сөзіне байланысты Твиттер желісінде мәлімдеме жасаған […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалиде миномет шабуылында 3 бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз.  Сомалидің бас қала Могадишодағы БҰҰ және Африка Одағы ғимараттарын нысанаға алған миномет шабуылында 3 адам қаза тапты, деп TRT агенттігі хабарлайды.  Даркенлей Аймақтық полиция бөлімшесі лауазымдысы Абди Юсуф БҰҰ және Африка Одағы орталықтары орналасқан Халане лагерьіне миномет шабуылы жасалғанын мәлімдеді. Юсуф минометтердің лагерьдің айналасындағы үйлерге құлауы салдарынан кем дегенде 3 бейбіт тұрғынның қаза тапқанын, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыптылар 10 жылға сотталды

    АЛМАТЫ, 25 наурыз. Алматыда синтетикалық есірткі саудасымен айналысқан ерлі-зайыпты сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Алматы қалалық ПД Тергеу басқармасының өндірісінде СТБТ-де ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлімінде қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша тіркелген қылмыстық іс болды. – Сотқа дейінгі тергеу Никляевтар ерлі-зайыптыларының психотроптық заттардың заңсыз айналымымен байланысты қылмыстық құқық бұзушылық жасағанын анықтады. Олардың қылмыстық әрекеттері бірқатар […]
    • 4 Years ago
    • 0