Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Могадишодағы жойқын жарылыс: үш адам қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 ақпан. Сомали астанасы Могадишода жойқын жарылыс болып, үш адам қаза тапты, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздеріне сәйкес, жарылғыш зат Әбдіқасим көшесінде орнатылып, әскери колонна өтіп бара жатқанда іске қосылған. Жарылыс астананың бірнеше ауданында естілді. Сомали билігі бұл оқиғаға қатысты түсініктеме берген жоқ. Жарылыс үшін жауапкершілікті әлі ешкім өз мойнына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбылда қызметтік ит салмағы 2 келіден асатын есірткі затын тапты

    ТАРАЗ, 28 ақпан. Жамбылдық полицейлер есірткі заттарының таралуына тосқауыл қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Допинг» республикалық жедел-іздестіру шаралары аясында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Шу ауданының тұрғыны — 38 жастағы әйелді ұстады. Тексеру барысында «Бони» атты қызметтік ит оның тұрғын үйінің аумағында орналасқан сарайдан жалпы салмағы 2 келіден асатын өсімдік тектес […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сергей Лавров ауғанстандық әріптесімен терроризмге және есірткі бизнесіне қарсы күресті талқылады

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Ресей мен Ауғанстан Сыртқы істер министрлері Сергей Лавров пен Ханиф Атмар Мәскеуде Ауғанстандағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу мәселелерін талқылады, деп Ресей Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM жазады.  «Әңгімелесу барысында Ауғанстандағы бейбіт үдерістің  болашағы,  екіжақты қарым — қатынастың өзекті мәселелері, терроризм мен есірткі бизнесіне қарсы күрес мәселелеріне назар аудара отырып, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның оңтүстігінде болған шабуылда 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан. Ауғанстанның оңтүстігінде бомба тиелген көлікпен әскери базаға жасалған шабуылда 4 ақуіпсіздік қызметкері қаза тапты, деп TRT хабарлайды.  Ауғанстан қауіпсіздік күштері лауазымдылары Кандахардың Аргандаб ауданындағы әскери базаға бомба тиелген көлікпен шабуыл жасалғанын, 4 қауіпсіздік қызметкері қаза тапқанын және  6 кісінің жараланғанын білдірді. Бомбалы шабуылды әлі ешкім мойнына алмады.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өткен жылы Жамбыл облысында 3 тоннадан астам есірткі тәркіленген

    ТАРАЗ, 27 ақпан. Өткен жылы Жамбыл облысында заңсыз айналымнан 3 тонна 277 келі есірткі тәркіленген. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 284 келіге көп, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Тәркіленген зиянды заттардың басым бөлігі, яғни 3 тонна 199 келі — марихуана, 1 келіден астамы — героин, 75 келіден астам гашиш және 2 келіден аса синтетикалық есірткі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Стамбулда әскери нысандар туралы мәліметтер жинаған террорист қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Стамбулда сот шешімімен ДАЕШ террористік ұйымының мүшесі Мұхаммед Яхья Е. қамауға алынды, деп Анадолу агенттігі хабарлайды. Түрік мегаполисінің полициясы Яхьяны сенбі, 20 ақпанда Бахчелиэвлер ауданында ұстады. Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, террорист әскери нысан маңындағы ағаштардың біріне шығып, әскерилердің қимыл-қозғалысын бақылаған. Тінту кезінде одан террористік ұйымға қатыстылығын растайтын фото және видео материалдар алынды.
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Ислам мемлекетіне» қатысты күдікпен Дағыстан тұрғыны ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Дағыстан тұрғыны террористік ұйымға қатысты деген күдікпен ұсталды, деп Ресейдің Тергеу комитетінің республикалық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды.    «РФ ҚК 205.5-бабының 2-бөлігінде («Террористік ұйымның қызметіне қатысу») көзделген қылмыс жасады деген күдікпен Бабаюрт ауданының 34 жастағы тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталды. Оған бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде», — […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Павлодарда психо-белсенді заттарды таратумен айналысқан жас жігіт қолға түсті

    ПАВЛОДАР, 26 ақпан. Павлодар полицейлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Павлодар қаласының әртүрлі аудандарында құпия орындарға қалдыру арқылы есірткі таратумен айналысты деген күдікпен 22 жастағы жас жігітті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. – Тінту іс-шараларын жүргізу кезінде Павлодар қаласының тұрғынынан ішінде ұнтақ тәріздес зат бар 40 пакет тәркіленді. Сараптама нәтижелері бойынша  алынған зат пировалерон деп аталатын есірткі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Башқұртстан тұрғыны интернетте терроризмді насихаттағаны үшін бес жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Сибай қаласының тұрғыны террористік әрекеттерді жария түрде ақтағаны үшін кінәлі деп танылды. Орталық аудандық әскери сотының (Екатеринбург қаласы) үкімі бұрын сотталған 29 жастағы Динар Аллаяровқа қатысты шығарылды, деп хабарлады Башқұртстанның мемлекеттік телерадио хабарларын тарату компаниясы . Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасы бойынша ФҚҚБ-ның хабарлауынша  , Аллаяров әлеуметтік желідегі парақшасында Ресей Федерациясының аумағында  қызметіне […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ елдері Пәкістанда терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өткізуді жоспарлап отыр

    НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер 2021 жылы Пәкістанда терроризмге қарсы жаттығулар өткізуге ниетті, деп штаб-пәтері Өзбекстан астанасында орналасқан ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымына сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жақында Пәкістан делегациясы Ташкентте ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының Атқару комитетінің басшылығымен кездесті. Тараптар биылға жоспарланған терроризмге қарсы оқу-жаттығуларға дайындықты […]
    • 4 Years ago
    • 0