Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Синтетикалық есірткі сатқан Петропавл тұрғыны 12 жылға сотталды

    ПЕТРОПАВЛ, 16 қазан. Петропавлда синтетикалық есірткіні сақтап, сатып және жарнамалағаны үшін қала тұрғыны 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлдың 29 жастағы тұрғыны наурыз айында ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу барысында бұрын есірткі қылмысы үшін сотталған оның «Telegram» мессенджері арқылы жұмыс істеген анықталды. Онлайн-ресурстың 3,5 мың […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Польшада қарасора плантациясы анықталды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Польша полициясы 1700 заңсыз өсірілген қарасора бұталарын тәркіледі. Гопло көлінің маңайындағы жасырын плантациядан табылған есірткі затының жалпы құны қара нарықта 1 миллион злотыйдан (шамамен 265 мың доллар) асты. Бұл туралы Polskie Radio 24-ке сілтеме жасап  REGNUM АА  хабарлады. Қарасора плантациясы «отбасылық бизнес» болды. Плантацияға жақын жерде екі қабатты жапсыра салынған шаруашылық ғимарат […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияның шығысында КЖП-ның  алты содырының көзі  жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Ағры Доғубеязыт ауылдық аймағында «Йылдырым-3» операциясы аясында КЖП-ның 6 мүшесі залалсыздандырылды, деп TRT жазады.  Ішкі істер министрлігінің Твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеде Ағры Доғубеязыт ауылдық аймағында «Йылдырым-3» операциясы аясында басталған және жалғасып жатқан операцияда 6 террористің әуе күштерінің де қолдауымен залалсыздандырылғаны білдірілді. Ағры губернаторлығы жасаған мәлімдемеде болса 6 террористің залалсыздандырылуымен 2020 жылы 3-13 […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын талқылау бойынша кеңес өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 14 қазан. Бүгін 14 қазанда Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның төрағалығымен дін саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын талқылау бойынша кеңес өтті, деп Министрліктің баспасөз қызметі хабарлайды.  Кеңеске облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен елорда әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Антитеррорлық орталығы Штабының өкілдері, сондай-ақ облыстық дін саласына уәкілетті басқармалардың басшылары қатысты. Кеңес қорытындысы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өскеменде марихуана сатқан жаттықтырушы ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 14 қазан. Өскемен қаласында есірткі саудалаған фитнес-жаттықтырушы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора» жедел алдын алу шарасы барысында Өскеменде ұзақ уақыт бойы марихуана сатумен айналысып келген фитнес-орталықтардың бірінің жаттықтырушысын қолға түсірді.  
    • 4 Years ago
    • 0
  • 2020 жылдың басынан бері Украинада ширек тоннадан астам кокаин тәркіленді — УМШҚ

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Ағымдағы жылдың тоғыз айында украиналық шекарашылар 379 келі есірткіні анықтап, тәркіледі. Бұл туралы Украинаның Мемлекеттік шекара қызметінің (УМШҚ) баспасөз қызметі хабарлады, деп REGNUM АА жазады. Баспасөз қызметі 379 кг есірткінің 310-ны  Украина аумағына әкелу кезінде ұсталғанын хабарлады. Есірткінің басым бөлігі теңіз арқылы тасымалданды — 259 кг, Ресеймен шекарада 47 кг, Польшамен шекарада […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Солтүстік Кавказда соңғы екі жылда 19 лаңкестік әрекеттің алды алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Өткен жылдың басынан бастап Солтүстік Кавказда 19 лаңкестік әрекеттің алды алынып, 60 содыр жойылды, деп Ұлттық терроризмге қарсы комитетті (ҰТК) хабарлады. Бұл туралы РИА Новостиге сілтеме жасап  REGNUM АА жазады. Сонымен қатар, 13 қазанда Мәскеуде  ҰТК басшысы — Ресей ФҚҚ директоры Александр Бортниковтың төрағалығымен ҰТК отырысы өткендігі көрсетілген.    «Бортников қатысушыларға 2019 жылдың басынан бастап […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Грозныйда қақтығыс кезінде төрт содырдың көзі жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан. Грозныйдағы қақтығыс кезінде төрт содырдың көзі жойылды, деп құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі хабарлады. Бұл туралы ТАСС-қа сілтеме жасап REGNUM АА жазады. «Алдын ала ақпарат бойынша, төрт содырдың көзі жойылды », — деді ақпарат көзі. Сондай-ақ қақтығыс кезінде Росгвардияның екі офицері қаза тауып, бір полицей жараланған. «Содырлармен болған қақтығыс кезінде бір полиция […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматы облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде

    ТАЛДЫҚОРҒАН, 13 қазан. Алматы облысы Талғар қаласында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтуде, — деп хабарлайды ҚазАқпарат. «13 қазанда аудан әкімдігінің ғимаратында терроризмге қарсы күрес жөніндегі аудандық жедел штабтың ұйымдастыруымен терроризмге қарсы жоспарлы оқу-жаттығу өткізуіне байланысты қала тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, сабыр сақтауын сұраймыз», — делінген Талғар ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. Оқу-жаттығу түрлі күрделі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Филиппинде терроризмге қатысы бар деген күдікпен Индонезия азаматшасы қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан. Индонезия азаматшасы Нана Исираниді Филиппин ұлттық полициясы лаңкестік шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен қамауға алды, деп CNN Indonesia-ға сілтеме жасап REGNUM АА хабарлады. Нана Исиранидің қазір жүктіліктің бесінші айында екені және босанғаннан кейін лаңкестік әрекет  жасауға дайын болғаны белгілі болды. Тұтқындау кезінде полиция бірнеше дайын бомбаларды, сондай-ақ жарылғыш заттар жасауға арналған материалдарды […]
    • 4 Years ago
    • 0