Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  •  Түрмеге жіберген сәлем-сауқатқа есірткі жасырған жамбылдық тұтқындалды

    ТАРАЗ, 27 шілде. Азық-түлікке есірткі жасырған Тараздық тұрғын түрмедегі досына беріп жібермек болған жерінде қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz. Қала тұрғыны тыйым салынған затты шәйдің ішіне жасырған. Осыдан екі күн бұрын ЖД-158/7 мекемесінің жедел-режим тобы азық-түлік пен қажетті заттарды жазасын өтеуші досына тапсырамын деп, бірақ өзі есірткі бермек болған А. есімді ер адамды ұстады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Хасаке провинциясында болған жарылыс сегіз бейбіт тұрғынның өмірін қиды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Хасаке провинциясының солтүстік-батысындағы Рас Аль-Айн қаласында миналанған мотоциклдың жарылысы салдарынан бейбіт тұрғындар қаза тауып, жарақат алды, деп жергілікті ақпарат көздеріне сілтеме жасап САНА агенттігі хабарлайды. Жарылыс таңертең ерте көкөніс базарында болды. Жарылыс жол жиегіндегі тұрақта тұрған мотоциклге бекітілген жарылғыш құрылғының іске қосылуы нәтижесінде болды. Жарылыс 8 бейбіт тұрғынның өмірін қиды, негізінен әйелдер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Джабхат ан-Нусра» содырлары Сирияның үш провинциясындағы елді мекендерге оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 шілде. Ресей Федерациясында тыйым салынған «Джабхат ан-Нусра» тобының лаңкестері Сирияның Идлиб, Латакия және Алеппо провинцияларындағы елді мекендерге оқ жаудырды,  деп Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығының жетекшісі контр-адмиралы Александр Щербицкий брифингте хабарлады. Бұл туралы РИА Новости жазады .  «Өткен тәулікте Түркияның бақылауындағы заңсыз қарулы құрылымдар тарапынан оқ ату жағдайлары тіркелген жоқ. Сонымен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Новосібір соты «Түркістан ислам партиясы» лаңкестік ұйымға қатысы бар күдіктілерді қамауға алды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 шілде. Новосібір қаласының  Октябрь аудандық соты «Түркістан ислам партиясы»  (ҚР тыйым салынған ұйым) лаңкестік ұйымына қатысы бар Ресей және Қырғызстан азаматын тұтқындады, деп соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. «Новосібір қаласының Октябрь аудандық соты жабық сот отырысында Новосібір облысы бойынша Федералдық қауіпсіздік қызметі басқармасының тергеушісінің Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 205.5-бабының 2-бөлігінде […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Дағыстанның екі тұрғыны терроризмді қаржыландыру бабы бойынша сотта жауап береді

     НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Қаруланған заңсыз құралымды қаржыландыруға ақша жинауға жәрдемдескен Дағыстанның екі тұрғынына қатысты қылмыстық істерді тергеу аяқталды. Көп ұзамай қылмыскерлер сот алдына келеді, деп РФ ТК Дағыстан республикасы бойынша тергеу басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM АА хабарлайды. Тергеу мәліметтері бойынша, 2018 жылы Дағыстанның 24 және 33 жастағы тұрғындары интернетте заңсыз қарулы құрылымдардың  мүшесімен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Газни провинциясының билігі талибтердің шабуылы туралы мәлімдеді

    НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Ауғанстанның Газне провинциясының Қарабах ауданында  жандармерияға Талибан содырлары тарапынан  ұйымдастырған қарулы шабуылында 7 күзетші қаза тапты, деп TRT жазады.  Газне провинциясы мәлімдемешісі Вахидуллах Джумазадах Талибан сарбаздарының Карабахтың Сайкуру аймағындағы жандермерияға қарулы шабуыл ұйымдастырғанын білдірді. Шабуылда 7 күзетшінің қаза тапқанын және 9 күзетшінің жарақат алғанын түсіндірген Джумазадах шабуылдан кейін болған қақтығыста Талибан содырларының да шығынға ұшырағанын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ресейдің үш аймағында «Өзбекстан ислам қозғалысы» ХЛҰ әрекетінің жолы кесілді

     НҰР-СҰЛТАН, 24 шілде. Ресей Федерациясының Федералды қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері Ішкі істер министрлігі бөлімшелерімен және Ресей Федерациясының Ұлттық ұланының Федералдық қызметімен бірлесіп арнайы операция аясында Мәскеу, Новосібір және Красноярск өлкесінде «Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» халықаралық лаңкестік ұйымының аймақаралық құрылымының әрекетінің жолын кесіп, оның басшылары мен қатардағы мүшелерінің арасынан 22 адамды ұстады. Бұл туралы Ресей Федерациясының ФҚҚ баспасөз […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • “Қарасора-2020” ЖПІШ аясында Түркістан облысында есірткі егістігі анықталды 

    ТҮРКІСТАН, 24 шілде. Түркістан облысының полицейлері кезекті есірткі егістіктерін жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғындардың бірі құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Созақ аудандық ПБ-нің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы аясында  аудан орталығы тұрғыны үйінің бақшасынан құрамында есірткісі бар түптерді анықтады. Жедел уәкілдер тінту барысында күдіктіден қарасораға ұқсас алты есірткі түптері мен “кептірілген есірткі заты” бар […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бұлақ түбіне есірткі еккен Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды

    ҚЫЗЫЛОРДА, 23 шілде. Бұлақ жанында есірткі еккен Қызылорда облысының екі тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 2020 жылы 19 шілде күні қызылордалық полицейлермен Жаңақорған ауданы, Қосүйеңкі ауылынан 40 шақырым жерде орналасқан “Бота соққан” деп аталатын жерде бұлақ жанында егілген 240 түп сора өсімдігі (жалпы салмағы 14 кг. 383,28 гр.) және 100 түп көкнар өсімдігі (жалпы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда «Боко Харам» содырлары 5 жәрдем қызметкерін өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 23 шілде. Нигерияда «Боко Харам» лаңкестік ұйымы  5 гуманитарлық жәрдем қызметкерін өлтірді, деп TRT жазады.  «Боко Харам» твиттер арқылы 35 секундтық видео жарияланған еді. Осы видеода «Боко Харамның» өткен ай алып қашқан 5 гуманитарлық жәрдем қызметкерін атып өлтіргені байқалды. Аталмыш видеомен байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы гуманитарлық координация офисінен әлі бір мәлімдеме жасалмады. «Боко Харам» лаңкестік ұйымы  […]
    • 4 Years ago
    • 0