Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Франция президенті діни сепаратизммен күресуге шақырды

    НҰР-СҰЛТАН, 03 қазан.Франция президенті Эммануэль Макрон бүгін Иль-де-Франс аймағының Ле Муро қаласында сөз сөйлеп, діни сепаратизмнен сақ болуға және онымен күресуге, сондай-ақ діни бірлестіктердің қызметіне бақылауды күшейтуге шақырды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі жазады . Э. Макрон заңға қайшы келетін діни сепаратизммен күресу және патриотизмнің көмегімен діни экстремизмге қарсы тұру керек деп мәлімдеді. Ол 9 желтоқсандағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 55 жасар Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға сотталды 

    ТАРАЗ, 02 қазан. Жамбыл облысының тұрғыны аса ірі көлемде есірткі заттарын өткізгені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылды, деп Деловой Казахстан газеті жазады. «Қарағанды—Сұрыптау станциясының көлік полицейлері «Қарасора-2020» жедел—алдын алу іс шарасын жүргізу барысында есірткі заттарын өткізумен айналысқан Жамбыл облысының 55 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады», — дейді Көліктегі полиция департаменті бастығының орынбасары Нұржан Әлібаев. Оның айтуынша, ұсталған азаматтан жалпы салмағы 23 келі болатын есірткі заты тәркіленген. Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «гашиш«есірткі құралы болып табылады. «Осы факті бойынша көлік полицейлері  ҚР ҚК 297 — бабы 3-бөлігімен яғни, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді», — дейді полиция полковнигі. «Осы жылдың 22 қыркүйегінде Жамбыл облысының мамандандырылған сотының шешімімен құқық бұзушы осы қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды», — деп толықтырды сөзін Н. Әлібаев. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басынан бері  Көліктегі ПД—нің Есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасының қызметкерлері 338 есірткі қылмысын, оның ішінде 31 өткізу және 18 аса ірі мөлшерде сақтау фактісін анықтады. Заңсыз айналымнан 156 келіден астам түрлі есірткі құралдары, оның ішінде 31 келі гашиш және 73 келі марихуана тәркіленді.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркияда қыркүйек айында ішкі қауіпсіздік операциялары барысында 171 террорист залалсыздандырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 02 қазан. Қыркүйек айында ішкі қауіпсіздік операциялары барысында 12-сі іздеу салынған террористтер тізімінен, барлығы 171 террорист залалсыздандырылды, деп TRT жазады.  Ішкі істер министрінің орынбасары және министрлік мәлімдемешісі Исмаил Чатаклы министрлік жұмыстарын қамтыған айлық баспасөз брифингі өткізді. Чатаклы «Ішкі істер құрамында жүргізілген ішкі қауіпсіздік операциялары аясында 2020 жылы қыркүйек айында ауылдық аймақтарда 9 ауқымды, 23 шағын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында жарылыста екі барлау қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Бейсенбі күні Сомали астанасы Могадишоның Хаул-Вадааг аймағында болған жарылыс кезінде барлау органдарының кем дегенде екі қызметкері қаза тапты. Бұл туралы Somali Guardian ақпараттық порталына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Портплдың ақпараты бойынша, шабуылды жанкешті-лаңкес жасаған. Жарылыс Блэк-си деп аталатын екі тас жолдың қиылысында болды. Сомалидің Shabelle радиостанциясы жарылыс болған аймақ қоршауға алынғанын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Бішкекте билікті күшпен басып алуды жоспарлаған «Кырк уруу жети дубан» қозғалысының мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Қырғызстанда өңіраралық араздықты қоздырды және үкіметті күшпен құлатуға шақырды деген күдікпен «Кырк уруу жети дубан» қозғалысының мүшелері ұсталды, деп Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Қырғызстан хабарлайды. Оның сөзіне қарағанда, Интернетте белгісіз адамдар, билікті күшпен басып алуға шақыратын видео тарады. Сот-саясаттану сараптамасы бұзушылық фактісі расталды, Бішкектің ІІББ  қылмыстық іс қозғап, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысының ПД есірткіге қарсы күрес жұмыстарының нәтижелері туралы баяндады

    ТҮРКІСТАН, 01 қазан. Түркістан облысының полицейлері шекарада Өзбекстан азаматын есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Келес ауданының полиция қызметкерлері есірткі қылмысының (сату, сақтау, тұтыну) алдын алу бойынша үздіксіз жұмыс жасауда. Мәселен, Келес АПБ Криминалдық полиция бөлімшесінің полицейлері шекара қызметкерлерімен бірлесіп, шекара бекетінде рейдтік жұмыстарын жүргізу барысында күмән тудырған автокөлікті тоқтатады. Сондай-ақ көлік жүргізушісінен құжаттарын сұрап, тексеру […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ШЫҰ аясында үнді және пәкістандық әскерилермен бірлескен жаттығу өткізу мақұлданды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің әскери оқу-жаттығулар аумағы кеңейтілуі мүмкін, деп  24.kz хабарлайды.  Сенат отырысында депутаттар 2007 жылғы келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Осылайша ұйымға соңғы болып қосылған Үндістан мен Пәкістан елдерін әскери жаттығуларға жұмылдыру жағы қолға алынбақ. Жауынгерлік оқулар бірінші кезекте лаңкестікке қарсы іс-қимыл шаралары шеңберінде жүргізіледі. Осы мақсатта Шанхай […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сирияның Арфин қаласында жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 01 қазан. Алепподан 65 км қашықтықта Сирияның солтүстігінде орналасқан Африн қаласында бейсенбі күні жарылыс болды. Бұл туралы Al Ekhbariya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады. Арнаның хабарлауынша, жарылыс қала орталығында болған. Оқиғаның егжей-тегжейі және құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат нақтылануда.
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жамбыл облысында есірткі тасымалдаумен айналысқан қылмыстық топқа қатысты сот ісі аяқталды

    ТАРАЗ, 01 қазан. Қырғызстаннан Қазақстанға есірткі тасымалдаумен айналысатын қылмыстық топ ұйымдастырды деген күдікпен ұсталған тоғыз адамға қатысты сот ісі аяқталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Сотталушылар 10 жылдан 17 жылға дейін ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Естеріңізге сала кетсек, 2019 жылдың қаңтар айында ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша ҰҚК-мен бірлесіп, Қырғызстаннан […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Түркістан полицейлері ірі көлемде есірткі тасымалдаған ер адамдарды ұстады

    ТҮРКІСТАН, 01 қазан. Түркістан полицейлері Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының тұрғындарын 700 келі есірткімен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz. Бүгін Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков брифинг өткізді.  “Қарасора-2020” жедел-іздестіру іс-шаралары аясында Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Созақ АПБ полицейлері және жергілікті қорықшылармен бірге есірткінің ірі партиясын тасымалдаған “Toyota Land […]
    • 4 Years ago
    • 0