Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Барселонаның маныңда радикалды ағымның үш жақтаушысы ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде.  Испанияның ұлттық полициясы Барселонаның маныңда лаңкестікке қарсы операция кезінде үш адамды ұстады, деп Испанияның телерадио корпорациясына (RTVE) сілтеме жасап «Красная весна» ақпарат агенттігі хабарлайды. Мемлекеттік маңызы бар мәселелер бойынша Испания Жоғарғы Сотының бөлімшесі қамауға алу ордерін берді Операция 5 шілде, сенбі күні таңертең Барселонаның маңындағы Бадалона қаласының «Салут» ауданында өткізілді. Ұсталғандардың пәтерінен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • АҚШ-тың Бағдадтағы елшілігі ракеталық атысқа ұшырады

    НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде.  Белгісіз біреулер жексенбіге қараған түні Бағдадтың «жасыл аймағындағы» АҚШ елшілігіне зымыранмен оқ атты. Бұл туралы Al Arabiya телеарнасына сілтеме жасап ТАСС хабарлады . Ирактың «Диджля» жерсеріктік телеарнасының хабарлауынша, зымырандардың кейбірін «Патриот» зениттік зымыран жүйелері ұстап алған. Арнаның ақпараты бойынша, бірнеше снаряд «жасыл аймақ» аймағында құлаған. Бүлінулер туралы ақпарат берілмеген. Бағдадтың «жасыл аймағы» […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ташкентте «ЖиҺадшылар» экстремистік ағымының мүшелері ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 шілде. Ташкентте және елорда аймағында  Мемлекеттік қауіпсіздік қызметі мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері 25 адамнан тұратын «Жиһадшылар» экстремистік ағымның екі жасырын  тобының қызметін тоқтатты. Бұл туралы Sputnik Өзбекстан жазды . Олардың бірі 2019 жылдың мамыр айында құрылды, сол жылдың қарашасында топ басшысы  Сирияға кетіп, халықаралық «Катибатуль Тавхид ва жиход» лаңкестік ұйымының қатарына қосылды […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанда жол бойындағы бомба жарылысынан екі полиция қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Дайкунди провинциясында (Орталық Ауғанстан) полиция фургоны жол бойындағы бомбаға жарылды, салдарынан екі полиция қызметкері қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды. Бұл туралы Дайкунди провинциясының ресми өкілі Гүл Ака Саджадиге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Г.А.Саджадидің айтуы бойынша, полиция фургоны содырлар орнатқан жол бойындағы бомбаға жарылған кезде полиция конвойы Каджран аймағының Зардгулан ауданына […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • 201-ші Ресей әскери базасының қызметкерлері Тәжікстанда антитеррорлық жаттығулар өткізді

    НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Тәжікстанда Ляур жаттығу полигонында 201-ші РӘБ мотоатқыштар бөлімшелерінің оқу-жаттығулары өтіп жатыр, деп «Звезда» телеарнасына сілтеме жасап Sputnik Тәжікстан жазады. Оқу-жаттығулардың аңызы бойынша, шартты жау дрондардың көмегімен табылды, бұл туралы ақпарат командалық пунктке жіберілді. Әскери міндеттерді орындау орнына әскери қызметшілер 2С1 «Гвоздика»гаубицасында  шықты. Техниканы таулардың аңғарына жасырып, зеңбірекшілер жабық атыс бекінісіне шоғырланды. Кейін […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомали астанасында жойқын жарылыстан кем дегенде жеті адам зардап шекті

    НҰР-СҰЛТАН, 05 шілде. Сенбі күні таңертең Сомали астанасы Могадишо қаласында күшті жарылыс болып, кемінде жеті адам жарақат алды. Бұл туралы медициналық қайырымдылық ұйымына сілтеме жасап  Синьхуа ақпараттық агенттігі хабарлады . Жедел жәрдем қызметінің директоры Абдикадир Абдиррахман Хаджи Аден елорданың теңіз портында жанкешті лаңкес жасаған жарылыс салдарынан бірнеше адам дене жарақатын алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ, порт қызметкерлерінің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҰҰ Бас хатшысы пандемия жағдайында лаңкестік қауіптің өсуі туралы айтты

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Кейбір лаңкестік топтар пандемияны өздерінің тактикалық артықшылығы деп санайды, өйткені мемлекеттердің назары коронавирустың таралуына қарсы күреске бағытталған, деп мәлімдеді БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің коронавирустық пандемия жағдайында бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау туралы видеоконференциясында сөйлеген сөзінде, деп 2 шілде күні ТАСС хабарлады.  Оның айтуынша, кейбір аймақтарда «қақтығыс тараптары, оның ішінде лаңкестік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ата-аналардың балаларымен өткізетін уақытының аздығы жастардың жиі адасуына алып келеді  

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Жат ағымдар туралы айтқанда ең алдымен жастардың мәселесі алға шығады. Себебі, деструктивті діни ағымды таратушылар алдымен жастарды жандарына жиюға тырысады. Олардың сенгіш, ақпараттарды талдай білмейтінін жақсы біледі, деп Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының Дін мәселелерін зерттеу орталығының маманы Шәрібай Тобжанов kazislam.kz сайтында жазады.  Бүгінде жастардың 100 пайызға жуығы ғаламтор меңгерген. Ал, жалған діни ұстанымды таратушыларға әлеуметтік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Филиппин Президенті терроризммен күрес туралы жаңа заңға қол қойды

    НҰР-СҰЛТАН, 04 шілде. Филиппин үкіметі жұма күні ел президенті Родриго Дутерте терроризм қаупіне қарсы іс-қимылды күшейтуге арналған 2020 жылғы терроризммен күрес туралы Заңға қол қойды деп мәлімдеді. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Филиппин президентінің баспасөз хатшысы Гарри Рок терроризм ұзақ уақыт бойы Филиппин халқына шексіз қайғы мен қорқыныш әкелгенін, ал жаңа заңға қол қойылғаны елдің […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО-да жыл басынан заңсыз айналымнан 175 кг аса түрлі есірткі алынды

    ПЕТРОПАВЛ, 04 шілде. Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері 20 мыңнан аса доза синтетикалық есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz. СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Жандос Басыбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте сөз сөйледі. Брифинг Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде көрсетілді. Жандос Басыбаевтың айтуынша, адам ағзасына жойқын залал келтіретін синтетикалық есірткілердің […]
    • 4 Years ago
    • 0