Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның солтүстігінде содырлардың шабуылынан алты қауіпсіздік қызметкері қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Ауғанстанның солтүстігінде «Талибан» радикалды қозғалысы (ҚР қызметі тыйым салынған ұйым) содырларының шабуылынан ұлттық қауіпсіздік күштерінің кем дегенде алты мүшесі қаза тапты. Бұл туралы 28 маусымда Tolo News-ке сілтеме жасап  REGNUM ақпараттық агенттігі хабарлады. Содырлар 28 маусымға қараған түні Кундуз провинциясындағы Имам Сахиб ауданындағы бақылау-өткізу пункттеріне шабуыл жасады. Шабуыл салдарынан бес әскери қызметкер […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БҰҰ: тоғыз жыл ішінде есірткі тұтынатын адамдардың саны 30% өсті

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. 2018 жылы бүкіл әлем бойынша шамамен 269 млн адам есірткі тұтынған. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 30% — ға артық, делінген 26 маусым күні жарияланған БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының «Есірткілер туралы Дүниежүзілік баяндамасында-2020».Бұл туралы REGNUM ақпараттық агенттігі жазады. Басқарма мамандарының бағалауы бойынша 269 миллионға жуық адам каннабис, кокаин, апиын және синтетикалық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ұлыбритания прокуратурасы Редингте үш кісіні өлтірген лаңкеске айып тақты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Ұлыбританияның Корольдік прокуратура қызметі сенбі күні Англияның Рединг қаласында (Беркшир графствосы) 20 маусым күні лаңкестік шабуыл жасап, үш адамды өлтірген ер адамға айып тағуға санкция берді. Бұл туралы сенбі күні қадағалаушы мекеменің лаңкестікке қарсы бөлімінің бастығы Дженни Хопкинс таратқан мәлімдемеде айтылған, деп хабарлайды ТАСС . «Бүгін Корольдік прокуратура қызметі Оңтүстік-Шығыс Англияның лаңкестікке […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Руанданың оңтүстігінде Бурундиден шыққан төрт содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Руанда елінің оңтүстігіндегі армияның қорғаныс позицияларына шабуыл жасаған, жеке басы анықталмаған, Бурундиден шыққан төрт содыры жойылды, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі Руанда армиясына сілтеме жасап. Руанданың қорғаныс күштері мәлімдегендей, Гринвич бойынша сағат 22:20 шамасында, тану белгілері жоқ 100-ге жуық содыр Руанда қорғаныс күштерінің Рухер секторындағы қорғаныс позицияларына шабуыл жасады. Олар қорғаныс күштері күзететін, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан төрт адам қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым. Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан төрт адам қаза болды, көптеген адамдар жарақат алды, деп жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Полиция өкілі Мұхаммед Шеху шабуыл жұма күні елдің солтүстігіндегі Замфара штатындағы Ярталата ауылында болған деп хабарлайды. Шабуылдаушылар Ярталата ауылына елдің солтүстік-батысындағы көршілес Кацина штатының басып кірген деп болжануда. Құқық қызметкерлері шабуылдаушылардың ізіне […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Жаңаөзенде иісшіл иттің көмегімен 400 грамм марихуана есірткі заты бар қала тұрғыны ұсталды

    ЖАҢАӨЗЕН, 27 маусым. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында иісшіл иттің көмегімен есірткімен жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 24 маусым күні шамамен сағат 19.30-да болды. «Рахат» жедел алдын алу шарасы барысында полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, 5548-әскери бөлімінің маман кинологы, кіші сержант Асан Абдукәрім «Детектив» […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалидың оңтүстігінде арнайы операция кезінде «Аш-Шабабтың» алты содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.Сомали ұлттық армиясы сәрсенбі күні Сомалидың оңтүстігіндегі Джамам мен Кисмайо қалаларының маңында операция кезінде «Аш-Шабаб» тобының алты содырын жойды, деп Сомали ұлттық армиясының 16-шы дивизиясының 5-ші бөлімшесінің командирі Хасан Аден Иракқа сілтеме жасап Синьхуа ақпарат агенттігі жазады.   Әскери офицер журналистерге әскердің жоспарлы операция өткізгенін және содырлардың елеулі шығындарға ұшырағанын хабарлады. «Операция барысында […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерияда әуе соққыларының нәтижесінде ондаған содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 маусым.Нигерияның солтүстік-батыс аймағында көптеген әуе шабуылдарының нәтижесінде ондаған содыр және олардың бекіністері жойылды. Бұл туралы Нигерия қорғаныс штабына сілтеме жасап  Синьхуа агенттігі хабарлады . 20 маусымнан бастап елдің солтүстік-батысындағы Кацина және Замфара штаттарында содырлардың он лагері жойылды деп айтылған ресми мәлімдемеде. Операцияның мақсаты сенімді барлау негізінде содырлардың мекендеген жерін анықтау болды. Бұл көптеген […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • СҚО халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні еріктілер полицияға көмек көрсетті

    ПЕТРОПАВЛ, 26 маусым. Жыл басынан бері Солтүстік Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 99 есірткі қылмысын анықтап, заңсыз айналымнан 127 келіден астам есірткі заты алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Полицейлер студенттердің, мектеп оқушылары мен басқа да солтүстікқазақстандықтардың есірткі қылмысының алдын алуда көрсеткен зор ктеріне тоқтала кетті. Денис Насретдинов бұрын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның Бадгис провинциясында қауіпсіздік күштерінің 10 қызметкері қаза болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым. Сәрсенбі күні Ауғанстанның батысындағы Бадгис провинциясында содырлардың шабуылы салдарынан қауіпсіздік күштерінің он мүшесі қаза тапты. Бұл туралы провинция губернаторының орынбасары Фаиз Мохаммад Мырзаға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, содырлар сәрсенбі күні таңертең Баламургхаб ауданындағы қауіпсіздік күштерінің бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасап, қарсы шабуылға тап болғаннан кейін қашып кеткен. Өкінішке орай, он […]
    • 4 Years ago
    • 0