Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанда шығысында содырлардың шабуылы нәтижесінде 14 әскери қызметкер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр. Ауғанстанның шығысындағы Пактия провинциясының Данди-Патан аймағында содырлардың шекара бақылау-өткізу бекетіне жасалған  шабуылы салдарынан 14 сарбаз қаза тапты. Бұл туралы елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Мәлімдемеге сәйкес, әскерилер шабуылға тойтарыс берді, содырлар шығынға ұшырап қашып кетті. «Талибан» қозғалысының содырлары (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) атысты тоқтату режимін бұзып, өткен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ферғана облысында «Хизб-ут-Тахрир» мүшелерінің қызметі тоқтатылды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр. 2020 жылдың мамыр айында, Ферғана облысында тұратын, Өзбекстан Республикасы аумағында тыйым салынған «Хизб ут-Тахрир» лаңкестік ұйым мүшелерінің қылмыстық әрекеті тоқтатылды, деп Республиканың ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан хабарлайды. Ұсталғандар бұрын осы лаңкестік ұйымға мүшелігі үшін жаза мерзімін өтеген, алайда оларға көрсетілген әлеуметтік, құқықтық және моральдық қолдауға қарамастан, өз сыбайластарымен халық […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Алматыда «мефедрон» шығаратын зертхана анықталды

    АЛМАТЫ, 28 мамыр. «Синтетика» өндірісіне арналған есірткі зертханасын Алматы полициясы анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz. 30 жастағы Ч. есімді ер адам ғаламтор арқылы химиялық компоненттерді сатып алған және үйінде синтетикалық есірткі “мефедронды” шығарған. Ол өзінің улы “өнімін” ғаламтор арқылы өндірілгеннен кейін 150 грамм көлемінде сатты. – Үйде жұмыс істейтін “зертханашы” химияда тиісті білімі жоқ, жұмыссыз, […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Мәскеу тұрғыны лаңкестік әрекетке жәрдемдескені үшін қамауға алынды

    НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр. Мәскеудің Лефортово соты лаңкестік іс-әрекетке үгіттеген және лаңкестер қатарына жалдаған күдікті елорданың жұмыссыз тұрғыны Дмитрий Успенскийді  тұтқынға алуға санкция берді. Бұл туралы соттың баспасөз хатшысы Ксения Первовласенкоға сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлайды. «Мәскеу қаласының Лефортово аудандық сотының 2020 жылғы 27 мамырдағы қаулысымен Успенский Дмитрий Михайловичке қатысты 21 шілдеге дейін қамауға алу түріндегі […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Ауғанстандағы бомба жарылысынан үш бала қайтыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр.Ауғаныстанның солтүстік-батысында Бадгис провинциясында «Талибан» радикалды қозғалысының содырлары орнатқан жол бойындағы бомба жарылысынан үш бала қаза тапты, деп TOLO News-ке сілтеме жасап РИА Новости хабарлайды. Полиция қызметінің бастығы Шер Ака Алокозай хабарлағандай, оқиға Мукор уезіндегі Чашма-Дуздақ елді мекеніндегі полиция учаскесінің жанында орын алған. Алокозайдың айтуынша, бомбаны талибтер орнатқан. Бұған дейін «Талибан» қозғалысы(ҚР-да тыйым […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ИМ қосылған Адыгея тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды

    НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр. Адыгея Республикасындағы ФҚҚ қызметкерлері «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының қызметіне қатысқан аймақ тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғады, деп мекеменің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ТАСС хабарлайды. «Сочи-Стамбул әуе рейсімен әйел Түркияға ұшып, сол жақтан Сирияға кетіп  «Ислам мемлекеті» (ҚР тыйым салынған ұйым)  қызметіне қатысады. Оған қатысты Ресей Федерациясының ФҚҚБ тергеу бөлімі Ресей Федерациясы ҚК […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • ҰҚШҰ сыртқы істер министрлерінің кездесуі бейнеконференция түрінде өтеді

    НҰР-СҰЛТАН, 26 мамыр. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің келесі отырысы 26 мамырда бейнеконференция форматында өтеді, деп ҰҚШҰ сайтына сілтеме жасап КирТАГ хабарлайды.  Ұйымның сайтында хабарланғандай, отырыс  Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың төрағалығымен өтеді. Отырысқа ҰҚШҰ бас хатшысы Станислав Зась қатысады. Кездесудің күн тәртібіне халықаралық және өңірлік жағдайдың жай-күйі мен […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Өзбекстанда ауласына апиын өсірген  қария ұсталды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Бұхара облысының Шафиркан ауданында ауласына апиын және каннабис (қара қурай) өсіріп келген жергілікті тұрғын ұсталып, оған қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы облыстық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап centralasian.org хабарлады. 80 жастағы тұрғынның үйіне тінту жүргізіліп, 300 шаршы метр жерде өсіп жатқан 2524 түп апиын және 4 түп қара қурай табылған. Тергеу кезінде үй […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сомалиде Ораза айт мерекесі кезінде жарылыс болды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. Сомалияның оңтүстік-батысындағы Байдабо қаласында жол бойындағы минаның жарылысы салдарынан кемінде бес адам қаза тауып, тағы 15 адам жарақат алды, деп полициядағы дереккөзге сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлайды. Жасырын болып қалуды қалаған полиция қызметкері Ораза айт мейрамын тойлау кезінде Байдабо қаласының шетіндегі лагерь жанында мина жарылды деп мәлімдеді. Сомали Үкіметінің ресми өкілі Исмаил […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • «Джебхат ан-Нусра» содырлары Сирияның Латакия провинциясындағы бір ауылға оқ жаудырды

    НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр. «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобы Сирияның Латакия провинциясындағы елді мекенге оқ жаудырды, деп Ресейлік Сириядағы соғысушы тараптарды татуластыру орталығының жетекшісі, конрт-адмирал Олег Журавлевке сілтеме жасап РИА Новости хабарлады. «Латакия провинциясында «Джебхат ан-Нусра»  лаңкестік ұйымы тарапынан Машария елді мекеніне 1 шабуыл тіпкелді», — деді Журавлев. Оның айтуынша, өткен тәулікте Түркияның бақылауындағы заңсыз қарулы құрылымдар […]
    • 4 Years ago
    • 0