Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Тәжік-ауған шекарасында болған қақтығыста жеті әскери қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. Өткен түнде «Талибан» содырлары Тәжікстанмен шекарада орналасқан Тахар провинциясының Янги-Қала ауданында үкімет күштерінің бекеттеріне шабуыл жасады, деп аймақ губернаторының баспасөз хатшысына сілтеме жасап ТаджикТА хабарлайды. «Жергілікті «хезиши мардуми» өзін-өзі қорғау отрядының жеті сарбазы өлтірілді, тағы екеуі жарақат алды», — деп БАҚ баспасөз өкілі Мухаммад Джавад Хижри хабарлады. Қақтығыс таңғы сағат 5-ке дейін […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Сирияның «Әл-Хол» лагерінен ИМ-нің жеті содыры қашып кетті

    НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр. «Ислам мемлекеті» ұйымының (ҚР қызметіне тыйым салынған ұйым) жеті содыры Сирияның «Әл-Хол» лагерінен қашып кетті. Бұл туралы SANA агенттігіне сілтеме жасап REGNUM ақпарат агенттігі хабарлады. Журналистердің ақпараты бойынша, лагерь Хасака провинциясында орналасқан, Сирияның Демократиялық күштерінің бақылауында, лаңкестер одан қашып кете алды. Оқиғаның егжей-тегжейлері әзірге белгісіз.   Жалпы, «Әл-Хол» лагерінде 72 мыңнан астам […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Пәкістанның шығысында қақтығыс кезінде ИМ-нің төрт содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Пәкістан полициясының терроризмге қарсы басқармасы жексенбі күні таңертең елдің шығыстағы Пенджаб провинциясының Бахавалпур аймағында «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының төрт лаңкесінің жойылғанын хабарлады, деп жазады Синьхуа агенттігі . Басқарма өкілінің айтуынша, барлау ақпаратына сүйене отырып, қауіпсіздік қызмет қызметкерлері жексенбіге қараған түні Азам-Чоук маңындағы орманда операция өткізген. Атыс кезінде кемінде төрт лаңкес өлтірілді, олардың […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысында содырлар бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасады

    НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Жексенбі күні Ауғаныстанның шығысындағы Логар провинциясындағы бақылау-өткізу бекетінде содырлардың шабуылынан қауіпсіздік күштерінің сегіз қызметкері қаза тапты. Бұл туралы жергілікті үкімет өкілі Дидар Ахмад Лавангқа сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, «Талибан» қозғалысының  (Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйым) содырлар тобы жексенбі күні таң сәріде Мұхаммад-Агха ауданындаңы  бақылау-өткізу бекетіне шабуыл жасап, қауіпсіздік күшінтерінің […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Қытайдың оңтүстік-батысында манго қораптарынан метамфетамин табылды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Қытайдың оңтүстік-батысындағы Юньнань провинциясының полициясы седанның жүксалғышындағы үш манго қорабына салынған метамфетаминді тәркіледі, деп Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды. Мьянма шекарасындағы Юньнань провинциясының Жуйли Дэхун-Дай-Качинский автономиялық округіндегі қара седанның жүксалғышынан табылған есірткінің жалпы салмағы 9,72 кг құрады. Седан 11 мамыр күні  жергілікті уақытпен сағат 20:40 шамасында шекара бекетінде ұсталды. Шекара полициясы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Украина терроризмге күдіктіні Грузияға тапсырды

    НҰР-СҰЛТАН, 17 мамыр. Украина терроризмге күдікті Әл Бара Шишани лақап атымен белгілі Гзузия  елінің азаматы Цезарь Тохосашвилиді отанына жіберді , деп хабарлады Грузия Мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап REGNUM хабарлайды.  «Терроризм үшін айыпталып, Интерполмен іздестірілген Грузия азаматы Цезарь Токосашвили (Әл Бара Шишани) Украинадан Тбилиси халықаралық әуежайына экстрадицияланды», — делінген хабарламада. Тохосашвили Украинаның арнайы […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Әлеуметтік желілерде насихат жүргізгені үшін Қостанай тұрғынына айыппұл салынды

    ҚОСТАНАЙ, 16 мамыр. Мессенджер топтарында деструктивті ағымның идеологиясын насихаттағаны үшін Қостанай қаласының тұрғынына айыппұл салынды, деп Қостанай облысының Дін істері басқармасының Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап kazislam.kz хабарлайды. Қостанай тұрғыны «WhatsApp» және «Telegram» мессенджерлерінде бірнеше топ құрып, діни мазмұндағы материалдарды жариялаған. Діни сараптама көрсеткендей, әлеуметтік желідегі топтарға орналастырылған құжаттар мен аудио дәрістердің мазмұны жеке діни ағымның […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Египетте арнайы операция кезінде жеті лаңкес жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр. Египет әскері арнайы операция кезінде Солтүстік Синай мухафазында жеті лаңкесті жойды. Бұл туралы ел армиясының жұма күні жарияланған мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып Синьхуа агенттігі хабарлады . Әскерилер Солтүстік Синай мухафазындағы фермалардың бірінде содырлардың паналайтын орындары бар екендігі туралы ақпарат алып, рейд жүргізгені туралы хабарланған. Атыс кезінде бір лаңкес  жойылып, тағы алтауы қашып […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда есірткі өндіруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды

    НҰР-СҰЛТАН, 16 мамыр. Есірткі өндірушіні жеті жылға бас бостандығынан айырды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Нұр-Сұлтан қаласында астананың маңында синтетикалық есірткіні өндіру және өткізу фактісі бойынша сот процессі аяқталды. Халық арасында “скорость” атауымен белгілі альфа-пирролидиновалерофенонның аса ірі мөлшередегі өндірісін қолға алған, 19 жастағы Екібастұз тұрғыны сот құзырына берілді. Сот  қарауы барысында белгілі болғанындай сотталушы кәмелеттік жасқа толмай […]
    • 5 Years ago
    • 0
  • Ауғанстанның шығысында жүк көлігі жарылысынан бес бейбіт тұрғын қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 15 мамыр. Бейсенбі күні Ауғанстанның шығысындағы Пактия провинциясының әкімшілік орталығы Гардез қаласында бомба жарылып, кем дегенде бес адам қаза тауып, тағы 46 адам жарақат алды. Бұл ақпаратты жасырын болып қалуды қалаған провинция әкімшілігінің қызметкері растады, деп жазады Синьхуа агенттігі . Оның айтуынша, шабуыл жергілікті уақыт бойынша сағат 08:30  басталды. Бомба тиелген көлікті басқарған лаңкес […]
    • 5 Years ago
    • 0