Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстанның Гильменд қаласында полиция қызметкерлері 10 «Талибан» содырын өлтірді

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Ауғанстан қауіпсіздік күштері елдің оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында «Талибанға» (ҚР тыйым салынған ұйым)  қарсы ауқымды операция өткізді, нәтижесінде он талибан жойылды, алтауы жарақат алды. Бұл туралы жергілікті полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады. Провинция полициясының өкілі Мохаммад Заман Хамдардтың хабарлауынша, Ауғанстан әскері мен полициясы сейсенбі күні кешке Над-Али ауданында бірлескен операцияны бастаған. Қауіпсіздік […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Нигерде «Боко Харам» тобының кем дегенде 50 содыры жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. Ниамейден келіп түскен ақпаратқа сәйкес, Нигер мен Нигерияның құрама күштері жексенбі күні Нигердің оңтүстік-шығысындағы Диффа провинциясында «Боко Харам» экстремистік тобының кемінде 50 содырын жойды. Бұл туралы Синьхуа агенттігі елдің қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады . Мекеме мәлімдемеде әскери қызметкерлер жексенбі күні түстен кейін Диффа провинциясындағы ауылдардың бірінде «Боко Харамның» 10 көлігін басып […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Отан қорғаушылар күні құтты болсын!

    НҰР-СҰЛТАН, 07 мамыр. «Терроризмге қарсы комитет» республикалық қоғамдық бірлестігі Отан қорғаушылар күнімен құттықтайды. 1992 жылдың  7 мамыры —  міндеті  елдің тәуелсіздігі мен егемендігін қорғау болатын, ҚР Қарулы Күштерінің құрылған күні.Бұл күні «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ұжымы сіздерді Отан қорғаушылар күні — ерлік пен ар-намыс  мерекесімен құттықтайды! Сіздерге бейбіт аспан, бақыт, игілік  тілейміз!Қайратты, мақсатты болыңыздар. Таусылмайтын […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Сот Тобыл тұрғынына интернеттегі экстремистік материал үшін айыппұл салды

    ҚОСТАНАЙ, 06 мамыр. Тобыл тұрғыны әлеуметтік желілердегі парақшасында экстремистік материалдарды орналастырды, нәтижесінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Kazislam.kz . 38 жастағы ер адам интернетте табылған бейнероликті өз парақшасына жүктеді. Сотта ол оны жеке қарау үшін жариялағанын түсіндірді, алайда оның парақшасы көпшілікке қол жетімді болды, сондықтан кез-келген адам оның парақшасындағы контентпен таныса алған, деп Қостанай облысындағы […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • БАҚ: ЕО-тың Ауғанстан бойынша арнайы өкілімен келіссөздер өтті

    НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр. Өзбекстан Республикасы Президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі Исматулла Иргашев пен Ауғанстан бойынша Еуропалық одақтың арнайы елшісі Роланд Кобиа арасында телефон  арқылы сөйлесу болып өтті, деп СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап Sputnik Өзбекстан жазады . Ауғанстандағы қазіргі жағдай, халықаралық қоғамдастықтың ауғанішілік бейбіт келіссөздерді тез арада іске асыру, сондай-ақ коронавирус пандемиясының таралуына қарсы күресте көмек […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Тәртіп сақшылары Германияда 2000-нан астам ықтимал қауіпті радикалдарды анықтады

    НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр. Конституцияны қорғау жөніндегі федералды мекеме (Bundesamt für Verfassungsschutz, BfV) Германия Федеративтік Республикасында 2080 ықтимал қауіпті исламшыларды анықтады.  Бұл туралы мекеменің  ресми өкілі 5 мамыр сейсенбі күні  Redaktionsnetzwerk Deutschland (RND) медиа-тобының басылымдарына хабарлады.  12150 ерлер мен әйелдер салафиттерге, радикалды исламның өкілдеріне жатады. Германиядағы исламистік лаңкестіктің қауіптілігі «жоғары деңгейде», деп атап өтті өкіл. Бұл […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Үндістанның бақылауындағы Кашмир бөлігінде болған атыс нәтижесінде бір содыр жойылды

    НҰР-СҰЛТАН, 06 мамыр. Сәрсенбі күні Үндістанның бақылауындағы Кашмир бөлігінде үкіметтік күштермен атыс кезінде бір содыр жойылды. Бұл туралы полицияға сілтеме жасап Синьхуа агенттігі хабарлады . Атыс Сринагардан оңтүстікке қарай 25 км жерде орналасқан Пулвам округінің Пампора жанындағы Шаршали-Хрев аймағында болды. Ресми тұлғалардың айтуынша, үкімет күштері тарапынан ешқандай шығын болмады. Бұл аймақта атыстар жиі болып тұрады. […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Көлік полицейлері Жамбыл облысынан марихуана мен гашиш жеткізу арнасын жойды

    ҚАРАҒАНДЫ, 06 мамыр. Көлік полицейлері Жамбыл облысынан еліміздің солтүстік аймағына бағыт алған есірткі тасушының жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz. “Қарағанды” станциясындағы көлік полицейлері жедел іс-шаралар нәтижесінде Балқаш қаласында марихуана мен гашиш есірткілерін жеткізудің ірі арнасын жойды. Солтүстік өңірге бағыт алған есірткі жолы Жамбыл облысынан басталған. Есірткі жеткізуші Жамбыл облысы Шу ауданының 55 жастағы тұрғыны болып […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Шу тұрғынынан 52 келі есірткі заттары табылды

    ТАРАЗ, 05 мамыр. Жамбыл облысы Шу ауданы тұрғынының көлігінен 52 келі есірткі табылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 35 жастағы ер адам есірткінің екі түрін өз көлігімен тасымалдаған. 50 килограмнан астам марихуана мен 2 келі гашишті полицейлер Жамбыл облысының Шу ауданында «Лада» маркалы автокөлікті тексеру кезінде тапқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. «Шу қаласының […]
    • 4 Years ago
    • 0
  • Кашмирде әскери лагерьге жасалған шабуыл салдарынан үш қызметкер қаза тапты

    НҰР-СҰЛТАН, 05 мамыр. Үндістанның бақылауындағы Кашмир бөлігіндегі содырлармен атыс кезінде үнді қауіпсіздік күштерінің кемінде 3 мүшесі қаза тауып, бірнеше адам жарақат алды. Бұл ақпаратты бүгін биліктің ресми өкілі растады, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі . Қақтығыс белгісіз қарулы адамдар Купвара округінің Вангам-Казиабад аймағындағы әскери лагерьге шабуыл жасағаннан кейін басталды. Қауіпсіздік органдарының қызметкерлері  шабуыл жасалған кезде осы […]
    • 4 Years ago
    • 0