Орынбор. 3 наурыз. Орынбор қаласында 28 ақпан күні «Еуразия халықтарының Одағы» АКҰ-ның ұйымдастыруымен «Орта Азия мемлекеттері мен Ресейдегі діни ахуал: бағалау және саралау» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Келелі кеңесте көршілес мемлекеттерден Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей елінің дінтанушылары, саясаттанушылар мен әлеуметтанушылар, БАҚ өкілдері бас қосып, бірқатар тұшымды пікірлер айтылды. Ал елімізден ҚМДБ-ның тікелей жолдауымен, «Еуразия халықтарының Одағы» […]