Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Атырау полицейлері синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан күдіктіні ұстады

    АТЫРАУ, 23 желтоқсан. Атырауда тұрғыннан “амфетамин” синтетикалық есірткісі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Атырау облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру шарасы барысында тиым салынған синтетикалық есірткіні сатумен айналысқан күдіктіні ұстады. – Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде синтетикалық есірткі заты анықталып, сараптама қорытындысына сәйкес есірткінің жалпы салмағы 67 грамм болатын “амфетамин” синтетикалық есірткі заты […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Кабулда жарылыс болды: қаза болғандар шеккендер жоқ

    НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан.Ауғанстанның бас қаласы Кабулда Төлқұжат басқармасының алдында жарылыс болды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» Республикалық қоғамдық бірлестігіның ресми сайты жазады. Кабул полициясы ғимарат алдындағы бір көліктің жарылғанын хабарлады. Оқиғада адам шығыны болмады. Ішкі істер министрлігі Төлқұжат басқармасына кіруге талпынған бір шабуылдаушының залалсыздандырылғанын білдірді.
    • 3 Years ago
    • 0
  •  Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болған Алматы тұрғыны ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 23 желтоқсан. Алматылық қыз Өскеменде синтетикалық есірткі өндірісін жолға қоймақшы болды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Шығыс Қазақстан облысының Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы ІІМ мен прокуратураның үйлестіруімен Өскемен қаласында синтетикалық есірткілерді өткізу арнасын жедел әзірлеу нәтижесі есірткі зертханасын жоюмен аяқталды. ”Рефлекс” арнайы операциясын өткізу кезінде полиция қызметкерлері 120 грамм ”альфа-pvp” психобелсенді заты тәркіленген жергілікті тұрғынды ұстады. Ол есірткіні оған […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 5,5 тонна есірткі тәркіленді

    ТҮРКІСТАН, 23 желтоқсан. Түркістан облысының полицейлерімен жыл басынан бері заңсыз айналымнан 5,5 тонна есірткі тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Түркістан облысының полицейлерімен есірткі бойынша жүйелі жұмыстар жасалып келеді. Сөз емес, нақты сандарға сүйеніп дәлел-дәйектермен көрсетер болсақ, жыл басынан бері Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен 387 дерек тіркелді. Оның ішінде есірткі контрабандасы-50, есірткі […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Жыл басынан бері елордада жоспарланып жатқан терроризм актісі туралы 12 жалған хабарлама тіркелді

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінде ағымдағы жылдың басынан бері терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлаудың 12 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz. ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабына сәйкес терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама бергені үшін бес жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Осындай жалған хабарламалардың бірі ағымдағы жылдың қаңтар айында “102” арнасына […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Пентагон: 100-ге жуық АҚШ әскери қызметкері экстремистік әрекетке тартылған

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Пентагонның хабарлауынша, соңғы бір жылда 100-ге жуық АҚШ әскери қызметкері экстремистік әрекетке қатысқан. Мұндай ақпарат дүйсенбіде жарияланған экстремизмге қарсы ішкі күреске арналған мекеме құжатында бар, деп ТАСС агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. «Қорғаныс министрлігі соңғы бір жылда тыйым салынған экстремистік іс-әрекетке қатысқаны үшін ресми шара қолданылған әскери […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Мәскеу метросында теракт жасауға арандатқан Дағыстан тумасы  11 жылға сотталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан. Сейсенбі күні Мәскеудің әскери соты Дағыстан тумасы Юсуп Юсубовты жерлестерін Мәскеудегі «Киевская» метро станциясында жарылыс ұйымдастыруға көндіргені үшін кінәлі деп тауып, 11 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы 2-ші Батыс округтік әскери сотының баспасөз хатшысы Ирина Жирноваға сілтеме жасап ТАСС хабарлады, деп «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Сот іс бойынша […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нұр-Сұлтанда Астана процесі аясында кезекті кездесу басталды

    НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан.  Сирия жөніндегі Астана процесі аясындағы кезекті кездесу 2021 жылғы 21-22 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласында өтуде, деп хабарлайды KAZAKHSTAN TODAY ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Тараптар Сириядағы ахуалды, Астана процесі аясында бұрын қол жеткізген келісімдерді орындау мақсатында деэскалация аймақтарындағы тұрақтылықты қолдау міндеттерін қарастырады, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Таразда есірткі жарнамалайтын сурет салған ер азамат ұсталды

    ТАРАЗ, 21 желтоқсан. Тараз тұрғыны есірткі жарнамалайтын граффити салу кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 21 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Ол облыс орталығының үйлері мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити жазған. Тексеру барысында күдіктіден заттай айғақтар – қара […]
    • 3 Years ago
    • 0
  • Нигерияның солтүстік-батысында содырлардың шабуылынан 38 адам ажал құшты

    НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан. Нигерияның солтүстік-батысындағы Кадуна штатындағы үш ауылға жасалған содырлар шабуылынан 38 адам қаза тапты. Бұл ақпаратты дүйсенбіде жергілікті үкімет өкілі растады, деп  Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Кадуна штатының ішкі істер мекемесінің басшысы Самуэль Аруван дүйсенбі күні Синьхуа агенттігіне телефон арқылы берген сұхбатында жексенбіге қараған түні қарулы […]
    • 3 Years ago
    • 0