Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Ауғанстан шекарасындағы атыс кезінде пәкістандық шекарашы қаза тапты

    АСТАНА, 14 қараша. Ауғанстанмен шекарадағы «Спин-Болдак — Чаман» бақылау-өткізу бекеті маңындағы атыс салдарынан Пәкістан Шекара корпусының бір сарбазы қаза тауып, тағы екеуі жараланды, деп хабарлайды Stopterror.uz ТАСС -қа сілтеме жасап. Бұл туралы «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Ауғанстанның қауіпсіздік күштері бақылау-өткізу бекетінде кезекшілік атқарып жүрген пәкістандық шекарашыларға оқ жаудырды. Арандатылған атыс кезінде Пәкістан шекара корпусының бір сарбазы қаза […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Сирия бойынша келіссөздер 22-23 қарашада Астанада өтеді

    АСТАНА, 14 қараша. 22-23 қарашада Қазақстанның бас қаласы Астанада Сирия бойынша Астана келіссөздеріне кепілгер елдер Түркия, Ресей және Иран делегациялары бас қосады.Бұл туралы TRT агенттігіне сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Айбек Смадияров баспасөзге жасаған мәлімдемесінде 19-шы Астана халықаралық келіссөздерінің  22-23 қарашада Қазақстанның бас қаласы Астанада өтетінін және аталмыш […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Яһудея мен Самарияда лаңкестікке күдікті тоғыз адам ұсталды

    АСТАНА, 14 қараша. ЦАХАЛ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеше түнде Яһудея мен Самарияда лаңкестік әрекетке қатысы бар деген күдікті адамдарды ұстауға бағытталған «Волнорез» кең ауқымды операциясы жалғасты, деп NEWSru.co.il сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды. Операцияға әскерилер, шекара полициясының жауынгерлері және Жалпы қауіпсіздік қызметінің (ШАБАК) қызметкерлері қатысты. Операциялар Бейт-Лехем қаласында, Дир Абу-Даиф, Арам, […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Стамбулда жарылыс жасады деген күдікті лаңкестікті жасағанын мойындады

    АСТАНА, 14 қараша.Стамбулдағы Истиклал көшесінде жарылыс жасаған сепаратист террор ұйымы PKK/PYD/YPG-мен байланысын мойындады, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  6 адам қаза тауып, 81 адам жараланған террорлық шабуылға байланысты ауқымды тергеу бастаған полиция топтары террористті ұстады. Бомбаны көшеге қойып кеткені анықталған әйелдің ұсталған кездегі көріністері жарияланды. Террористпен байланыста екені анықталған 21 […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Стамбұлдағы жарылысқа қатысы бар 20-дан астам адам қамауға алынды

    АСТАНА, 14 қараша. Түркия полициясы Ыстамбұлда жарылыс жасаған күдіктіні ұстаған бейнежазбаны жария етті, деп 24.kz хабаплайды.  Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, Истиклал көшесіне бомба тастап кеткен — осы әйел. Жарылыстан 6 адам қаза тауып, 80-нен астамы жарақат алған. Зардап шеккендер арасында шетелдіктер бар. Дегенмен, Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы Ыстамбұлдағы еліміздің бас консулдығы хабарлады. Түркия президенті оқиғаны […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • ҚР Бас мүфтиі «Хидая» халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес орталығына барды

    АСТАНА,14 қараша. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Біріккен Араб Әмірліктеріне барған сапарында «Хидая» халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күрес орталығы кеңесінің төрағасы, доктор Әли Рашид әл-Нуайми мырзамен кездесті, деп Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының ресми сайтына сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. Кездесуде жастарды деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақтандыру, оларға дұрыс діни мәлімет […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Белгісіз біреулер Токиодағы аудандық сот ғимаратын «миналау» туралы хабарлады

    АСТАНА, 14 қараша. Жапония астанасының орталық ауданында орналасқан Токио аудандық сотының қызметкерлері дүйсенбі күні жарылыс туралы хабарлама алды. Бұл туралы Kyodo агенттігіне сілтеме жасап  ТАСС хабарлайды . Дереккөздердің хабарлауынша, осыған байланысты сот ғимаратына кіру уақытша жабылған, полиция қызметкерлері оқиға орнында тексеріс жүргізіп жатыр.
    • 1 Year ago
    • 0
  • Ердоған: Ыстамбұлдың орталығындағы жарылысқа әйел адамның қатысы болуы мүмкін

    АСТАНА, 13 қараша. Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда өткен брифингте қала орталығындағы шабуылда қаза тапқандар саны алтыға жетіп, 53 адам жараланғанын айтты. Оның айтуынша, жарылысқа әйелдің қатысы болуы мүмкін, деп  Sputnik Әзірбайжанға сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  «Қала әкімшілігінен алған ақпаратқа сәйкес, қазіргі уақытта қаза тапқандар саны алты адам, жараланғандар саны 53», — деді Ердоған Ыстамбұлда […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Стамбулдың орталығында жарылыс болды

    АСТАНА, 13 қараша. Стамбулдың Бейоглу ауданындағы Истикляль жаяу жүргіншілер көшесінде жарылыс болды. Қала губернаторы Али Йерликая мәлім еткеніндей, зардап шеккендер бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат Anadolu агенттігіне сілтеме жасап. «Бүгін жергілікті уақытпен сағат 16:20-да Бейоглу ауданындағы Истикляль көшесінде жарылыс болды. Оқиға орнына жедел жәрдем, құтқарушылар, қауіпсіздік күштері мен AFAD бригадалары дереу жөнелтілді. Құрбандан мен зардап шеккендер бар. Қосымша ақпарат […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • «Джебхат ан-Нусра» содырлары Идлиб деэскалация аймағында шабуыл жасады

    АСТАНА, 13 қараша. «Джебхат ан-Нусра»* лаңкестік тобының содырлары Сириядағы Идлиб деэскалация аймағында бір күнде бес рет атқылаған, деп Араб Республикасындағы соғысушы тараптарды татуластыру жөніндегі Ресей орталығы басшысының орынбасары генерал-майор Олег Егоровқа сілтеме жасап хабарлайды РИА Новости. Бұл туралы  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты жазады. «Өткен тәулікте Идлиб деэскалация аймағында «Джебхат ан-Нусра» лаңкестік тобының позицияларынан бес атқылау тіркелді. Идлиб провинциясында төрт, Латакия провинциясында бір […]
    • 1 Year ago
    • 0
Бет 14 of 491« Бiрiншi...10«1213141516 » 203040...Last »