Терроризмге қарсы комитет

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ РЕСМИ САЙТЫ

Контртеррористический комитет

Официальный сайт республиканского общественного объединения

110

Терроризмге қарсы қызмет телефоны

Жедел телефон желісі

+77010222030
  • Қарағанды ​​облысының психикалық денсаулық орталығына бұрын сотталған тұрғынын «бомба» қойды

    ҚАРАҒАНДЫ, 16 қараша. Қарағанды ​​қаласының жедел медициналық жәрдем көрсету орталығының пультына белгісіз ер адамнан  облыстық психикалық денсаулық орталығына бомба қойылғаны туралы қоңырау түсті, деп хабарлайды ҚР ТҚО баспасөз қызметі . Жедел әрекет ету тобы дереу медициналық мекемеге келіп, болжанған орынды қоршауға алды, сондай-ақ науқастар мен медицина қызметкерлерін эвакуациялады. Ғимарат пен оның маңы тексерілді, күдікті заттар мен жарылғыш құрылғылар табылмады. Жедел […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • АҚШ-тағы экстремистердің кем дегенде 25%-ы әскери дайындықтан өткен

    АСТАНА, 16 қараша. Америка Құрама Штаттарында саяси зорлық-зомбылық күшейіп жатқан тұста, ең алаңдатарлық фактілердің бірі – экстремистік ағымдарды ұстанушылар арасында әскери ардагерлер, әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері айтарлықтай үлесті құрайтыны, деп New York Times газеті жазады.  Бұл туралы Синьхуа агенттігіне  сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады. Экстремистік әскерилендірілген топтар мүшелерінің кем дегенде 25 […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Өскеменде мектебіне «бомба» қойған оқушы ұсталды

    ӨСКЕМЕН, 16 қараша. Осы жылғы 8 қарашада Өскемен қаласы білім беру бөлімінің электрондық мекенжайына қаланың 6 мектебін жару қаупі бары жөнінде хат келіп түсті. Тексеріс барысында ақпарат расталмады, жарылғыш заттар анықталмады, деп хабарлайды Polisia.kz Терроризм актісі туралы көрнеу жалған хабарлама үшін облыстық Полиция департаменті қылмыстық іс қозғады. 15 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында департаменттің Эктремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы: Біз терроризмге қарсы күрес пен барлық жерде ынтымақтастықты қалаймыз

    АСТАНА, 15 қараша. Чарльз Мишель «Біз терроризмге қарсы күрес пен барлық жерде ынтымақтастықты қалаймыз» деді. Бұл туралы TRT агенттігіне  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады. Еуропа Одағы Кеңесінің төрағасы Чарльз Мишель Стамбулдағы террорлық шабуылына байланысты Еуропа Одағының түрік халқының қасында екенін түсіндіріп, терроризмге қарсы  бірігіп күресудің маңыздылығын атап өтті. Чарльз Мишель Индонезияның Бали аралында өткен 17-ші «Үлкен жиырмалық» […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Алжирде Кабилияның өзанықтама қозғалысының жетекшісі сотталды

    АСТАНА, 15 қараша. Алжирде сот Кабилияның өзанықтама қозғалысының (КӨҚ) жетекшісі Ферхат Мехенниді лаңкестік ұйым құрды, республиканың аумақтық тұтастығы мен ұлттық бірлігіне қол сұққаны үшін сырттай өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті, деп Algerie Presse Service ақпараттық агенттігі хабарлайды. Бұл туралы ТАСС  агенттігіне сілтеме жасап «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Сонымен қатар, дәл осы қылмыстық іс аясында КӨҚ  басшылығының басқа […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • БҰҰ: жыл басынан бері Сомалидегі шабуылдардан 600-ден астам бейбіт тұрғын қаза тапты

    АСТАНА, 15 қараша. Биылғы жылдың қаңтарынан бері Сомалиде кем дегенде 613 бейбіт тұрғын қаза тауып, тағы 948 адам жарақат алды, деп БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк мәлімдеді.  Бұл туралы Синьхуа агенттігіне  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады. Ф. Тюрк Сомалидегі бейбіт тұрғындар арасында құрбан болғандардың күрт өсуін айыптады, бұл негізінен «Аш-Шабаб» экстремистік тобының содырларының шабуылынан туындады.Оның […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Шымкент полицейлері бір килограмнан астам мефедронды тәркіледі

    ШЫМКЕНТ, 15 қараша. Шымкентте ірі мөлшерде синтетикалық есірткі заттарын сақтаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен “Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы қарқынды жүріп жатыр. Кезекті іс-шара барысында тәртіп сақшылары қаладағы көшелердің бірінде күдік тудырған Өскемен қаласының тұрғынын байқады. Құжаттарын тексеру және заңға қайшы заттардың бар-жоқтығын сұрастыру кезінде азаматтың өз сөмкесінде қара түсті […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Алматы облысында қару-жарақ сақталған қойма анықталды

    АЛМАТЫ, 15 қараша. 15 қарашада Алматы облысы ПД ҰҚҚКБ-ға Іле ауданының аумағында атыс қаруының сақтау орны туралы жедел ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды Zakon.kz. Тексеру кезінде жасырулы қара-жарақтың нақты координаты анықталды. Қару-жарақ қоймасы Іле ауданының Боралдай аэродромының жанындағы «Риф-Раф» мейрамханасының артындағы қойма аумағындағы қараусыз қалған будкадан табылды. Іле ауданының ПБ тергеушілері ТТ маркалы тапаншаны, патрондарды, гранатаны […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Түркияда «Ерен Аблука Күз-Қыс-13 операциясы» басталды

    АСТАНА, 15 қараша. Тунжелиде «Ерен Аблука Күй-Қыс-13 операциясы» басталды, деп TRT агенттігіне  сілтеме жасап  «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлады. Ішкі істер министрлігі бөлшктеуші террор ұйымы ПКК-ны елдің күн тәртібінен алып тастау және аймақты паналаған террористерді залалсыздандыру мақсатында Тунжелиде «Ерен Аблука Күй-Қыс-13 (Тунжели-Оважык-Йогунчам) шейіт жандармерия кіші офицері, сержант Желил Мутлу операциясын» басталды. 881 қызметкер қатысқан операцияда Тунжелидің Оважык ауылында […]
    • 1 Year ago
    • 0
  • Нигерияның оңтүстігінде 5 террорист залалсыздандырылды

    АСТАНА, 14 қараша. Нигерияның оңтүстігіндегі Анамбра уәлаятында әскери қызметкер мен Биафраның жергілікті халықтары террор ұйымы мүшелері арасында болған қақтығыста 5 террорист залалсыздандырылды, деп TRT агенттігіне сілтеме жасап   «Терроризмге қарсы комитет» РҚБ ресми сайты хабарлайды.  Анамбра уәлаятының  полиция басқармасы баспасөз мәлімдемешісі  Точукву Икенга Биафраның жергілікті халықтары  террор ұйымы мүшелерінің Анамбра уәлаятының Исаофиа аймағындағы әскери бақылау бекетіне шабуыл жасағанын мәлімдеді. […]
    • 1 Year ago
    • 0
Бет 13 of 491« Бiрiншi...10«1112131415 » 203040...Last »